Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Жеткіншек жасындағы балалары бар отбасы



Pdf көрінісі
бет13/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Жеткіншек жасындағы балалары бар отбасы. 
Өмірлік циклдің бұл 
кезеңіндегі отбасының негізгі психологиялықсипаты –отбасылық жүйенің әрбір 
ұрпағының дағдарыстық жас кезеңдерінің үйлесімділігі немесе қиылысуы.Аға 
буын болып табылатын ата-әжелер күш-қуатының және шама-шарқының 
әлсіреуіне байланысты белсенді өндірістік және әлеуметтік қызметті тоқтатуға 
және өмір салтын өзгертуге мәжбүр болады. Орта буын болып саналатын ата-
аналар барлық өткен өміріне көз жүгіртіп, өмірдің мәнін қорытындылауды талап 
ететін дағдарысқа түседі. Кіші буын –жеткіншектер – өздерінің жаңа статусын – 
ересектік статусын танытуға тырысады, бұл ата-ана-бала қатынастары жүйесінің 
қайта құрылуын талап етеді. Аталған жас дағдарыстарынан – үлкен отбасындағы 
үш ұрпақтың кәрілік, орта және жеткіншектік жастағы дағдарыстардан өту 
өзіндік міндеттерімен ерекшеленеді,белгілі бір жас дағдарысы кезінде 
отбасылық жүйеде айрықша әлсіздік байқалады. Дағдарыстық кезеңде отбасы 
мүшелері мазасыздықты, дәрменсіздікті, әлсіздікті сезінеді.
Жеткіншектік кезеңде бала-ата-аналық қатынастар жүйесі қайта 
қаралады, жеткіншектер құқығы құптала бастайды, біртіндеп еркіндікке, 
дербестілікке мүмкіндік беріледі; отбасының үлкендеріне, аға буынына (ата-
әжеге) қамқорлық жасалады; ерлі-зайыптылар үлкен отбасы үшін жауапкершілік 
алады, үлкен және орташа буын арасында қарым-қатынас сипаты өзгереді: аға 


30 
(үлкен) буын орта буынның көшбасшылық рөліне мойынсынады; орта өмірдегі 
дағдарысты жеңуге баса назар аударылады, тұлғалық даму және өзіндік жандану, 
кәсіби және мансап мәселелері шешіледі.
Отбасының өмірлік циклінің бұл кезеңі аса жоғары мазасыздығымен 
ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылар қатынастарында махаббат сезімі жоғалады, 
түңілу, серіктесті «бағаламау» және некеге қанағаттанбау сезімі байқалады. Осы 
кезеңде жиі кездесетін ерлі-зайыптылық опасыздықерлі-зайыптылардың өмірлік 
жолдарын қайта қарауға тырысуын және басқа серіктесті іздеу арқылы өзін-өзі 
жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін табуын аңғартады, мұнымен жаңа өмірлік 
мақсаттар және тұлғалық өсудің жаңа мүмкіндіктері, эмоциялық жақын 
байланыстар орнату, бұрынғы қателіктер жүгінен, кінәлілік сезімінен және 
күйініш, шерден арылу байланысып жатыр. Десек те басқа серіктес іздеу 
бұрынғы өміріне түңілуді, өткен өмірін жағымсыз етіп бағалауды және «өмірін 
таза парақтан бастауды» білдірмейді. Орта жастағы дағдарысты осылайша шешу 
– тұлғалық жетілмеумен және жас дағдарысын бұрынғы отбасылық жүйені 
жұмылдыру негізінде конструктивті шеше білмеумен байланысты. Әрине, бұл 
дағдарыстың отбасылық жүйенің әбден мерзімі жеткен қайшылықтарын 
шиеленістіре түсетіні сөзсіз, осының салдарынан отбасы ыдырап, ерлі-
зайыптылық қатынастар тоқтайды. Дегенмен де бала-ата-аналық қатынастар 
сақталып, ажырасқан отбасы бұрынғыша бала тәрбиелеу қызметін атқара 
бермек.
Ересектік статус алған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет