31
туындайды. Өткен кезеңдерде ата-аналық негіздегі қатынастардың басымдығы
есейген ересек балалардың бөлінуі кезінде өмірдің мәнін жоғалту тәрізді
сезімнің туындауына, отбасының құнсыздануына және ерлі-зайыптылық
қатынастың салқындауына (ортақ мақсат – балаларды тәрбиелеу тоқтайды) жиі
әкеліп соғады. Осы кезеңде ата-аналардың ересек балаларының отбасынанбилік
етуді және көшбасшы болуды талап етуі немесежаңа құрылған отбасына
өктемдік
көрсетіп, бала тәрбиелеу т.б. рөлді иемденіп, «орны толмас» мүше
болуға тырысып бағу. Мысалы, мұндай мінез-құлық балаларының отбасында
авторитарлы-директивті стильді жүзеге асыратын әжелердебайқалады, әдетте
ондай әжелер отбасының бұзылуына (деструкциясына)
және ажырасуына
себепші болып келеді.
Жоғарыда аталған отбасының көрінісіне қарама-қарсы мысал –
отбасылық жүйенің үйлесімділігін қамтамасыз ететін ерлі-зайыптылық қатынас
– серіктестердің бір-бірін жаңаша көзқараста, төзімділіктің, сабырлықтың
арқасында қалыптасқан өмірлік тәжірибе негізінде «тануы» болып табылады.Бұл
жағдайда ерлі-зайыптылар бір-бірін жаңадан танығандай болып, ерлі-
зайыптылық қатынастарды жұбайының жаңа тұлғалық
қасиеттері негізінде
орнатады. Кейде ерлі-зайыптылар бір-біріне таңдана қарап, тіпті бейтаныс
адаммен өмір сүріп жатқандай сезінеді, мұндай отбасының болашақ тағдыры
ерлі-зайыптылардың жаңа қатынас құруды қалауына
және сондай қатынасқа
дайындығына байланысты болып келеді. Отбасында немерелердің дүниеге келуі
тәрбиелік қызметтерді атқару үшін жаңаша рөлдік мүмкіндіктер береді, ерлі-
зайыптылар ата-әже рөліне ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: