22
етіледі.Барлық өзгерістерге қарамастан отбасы әлеуметтік институт ретінде
қиыншылықтарға төтеп бере алды. Соңғы жылдары оның қоғаммен байланысы
әлсіреді, әрине ол өз кезегінде отбасына да қоғамға да әсерін тигізбей қоймады.
Бүгінгі таңда қоғамда бұрынғы құндылықтарды қалпына келтіру,жаңа
бетбұрыстар мен үрдістерді зерттеу, сонымен қатар жастарды отбасылық өмірге
практикалық дайындауқажеттілігі сезілуде.
Отбасылық қатынастар психологиясы нервтік және психикалық
аурулардың, сондай-ақ отбасы тәрбиесі мәселелерінің алдын алу міндеттерімен
байланысты дамып келеді. Отбасы психологиясында қарастырылатын мәселелер
әртүрлі: бұл ерлі-зайыптылық,
ата-ана-балалық қатынастар, отбасында
үлкендермен өзара қатынастар, дамыту бағыттары, диагностика, отбасылық
кеңес беру, қатынастарды түзету.
Отбасылардың дамуында соңғы он жылда айқын аңғарылып жүрген
бірқатар бетбұрыстарды бөлуге болады:
-
дәстүрлі (патриархалдық) түрдегі көпядролық кеңейгенотбасынан
нуклеарлы отбасына көшу;
-
бала туудың азаюы – ХХ ғ. соңында қазіргі қоғамға тән ерекшелік. Қазіргі
қоғамда көп балалы отбасынан аз балалы отбасына көшу әйелдердің
өндірістік
салаға араласуымен; ерлі-зайыптылардың кәсіби іс-әрекет
ерекшеліктерімен, соның ішінде оның жоғары технологиялылығымен;
құндылық бағдарлармаен және қазіргі отбасының әлеуметтік-
экономикалық жағдайларымен байланысты. Көптеген елдерде бала туу
санының азаю себептері: қоғамның экономикалық тұрақсыздығы; жас
отбасылар үшін әлеуметтік кепілдіктің төмен деңгейі; балалар мен
жеткіншектердің әлеуметтік қамқорлығының әлсіздігі; «білім беру
құнының» және білім беру қызметтерінің
ақылы секторының
салыстырмалы мөлшерінің шарықтауы; денсаулық қорғау, әсіресе ана мен
бала денсаулығын қорғау деңгейінің қанағатсыздығы; ана болу беделінің
төмендігі болып табылады. Сонымен, орташа есеппен алғанда көп
жағдайда бір балаға төрт ата мен әже келеді. Бұл жағдай отбасы
қамқорлығында «қиындық» тудырады – ата-аналарға өзінің қарт ата-
аналарына да қамқорлық көрсетуге тура келеді. Сонымен қатар, елімізде
отбасы жағдайының ерекшелігі отбасында көмек пен қамқорлықтың
өзаралығы болып табылады: ата мен әже –зейнеткерлер жұмыс істеп
жүрген балаларына қол ұшын беріп, немерелерін тәрбиелеуге,
шаруашылыққа т.б. көмектеседі;
-
ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының диспропорциясы. Қарттық
жаста және кәрілік кезеңде әйел қауымының басымдығы байқалады,
отбасының тауқыметін тартқан
жесір әйелдер саны артуда, жұбайынан
айрылған әйелдер психологиялық мәселеге ұшырап, жаңа жағдайда өзін-
өзі анықтауда қиналады. Қоғамымызда әжелер – өз балаларының
«отбасындағы баға жетпес мүшесі», отбасының формалды емес басшысы,
немерелерінің тәрбиешісі,«үй басқармасының бастығы», үй иесі т.б.
сияқты жаңа рөл алады.
23
-
ажырасу санының артуы. Тұлғаның толық психологиялық реабилитациясы
және ажырасудың жағымсыз эмоциялық салдарын жеңуі тек 1-3 жыл өткен
соң белгілі болады;
-
отбасынсыз және ата-аналармен және жақындарымен қарым-қатынас
депривациясы жағдайында тәрбиеленіп жатқан балалар (жетімдер,
интернатта тәрбиеленушілер, тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар,
панасыз балалар) санының көбеюі. Мұндай бетбұрыс әлеуметтік
күйзеліске, соғысқа, төңкеріске ұшыраған өмір сүру деңгейі төменелдерге
тән;
-
отбасындағы
қатынастардың,
ең
алдымен
ерлі-зайыптылық
қатынастардыңдемократизациясы мен эгалитаризациясы, рөлдерді қатаң
бекітуден ерлі-зайыптылардың серіктестікке, көмекке және өзара қолдауға
ауысуы;
-
кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналар – жасөспірім ата-аналар санының
артуы. Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмаған
ата-аналарға әлеуметтік
және психологиялық қызмет көрсетуге енді ғана қадам жасалу үстінде.
Осыған байланысты, елімізде «балалардан бас тарту», аналардың
перзентханадан-ақ
баласын
тәрбиелеуге
жауапкершілік
алудан
қашуыкөбейіп келеді;
-
отбасылық-тұрмыстық жағдайда қылмыстар аны артуда. Отбасында
зорлық көрсету және агрессия экстраординарлы құбылыс болудан қалып
барады, жан түршігерлік қылмыс отбасында әдеттегі үйреншікті
құбылысқа айналып келеді. Отбасындағы зорлық, әсіресе ата-аналардың
балаға зорлық көрсетуі ағылшын тіліндегі әдебиетте
childabused
–
«отбасындағы
қатыгездік»
терминінің
пайда
болуына
әкелді.«Отбасындағы қатыгездік» ұғымы ашық мәселе болып қала бермек.
Психологтар отбасылық қатыгездік ұғымына алуан түрлі ата-аналық
мінез-құлық көріністерін жатқызады: физикалық агрессия,
сексуалды
зорлық,
баланың
негізгі
өмірлік
(виталды)
қажеттіліктерінің
қанағаттанбауы, суық қатынастар, эмоциялық жақындықтың кемшілігі;
-
баласыз отбасылар санының артуы, ерлі-зайыптылардың «баласыз
отбасын» саналы таңдауы. Олардың дүниеге бала әкелуді жиі кейінге
қалдыруы – кәсіби білімді тәмамдау, мансапқа жету міндеттерімен,
отбасының қиын қаржылық-экономикалық жағдайымен немесе баспана
мәселесімен байланысты, балаларсыз «өзі үшін» өмір сүру шешімі артуда,
ақырында бұл өзін-өзі жүзеге асырудың жеткіліксіздігін және терең
тұлғалық дағдарысты ұғынуға әкеледі.
Ерлі-зайыптылар бала туу
мүмкіндігі жоқ медициналық себептерге байланысты мынадай
мәселелерді шешуге мәжбүрлі –бедеулік, бала асырау, асыранды
балаларды тәрбиелеу. Репродуктивті медицинаның дамуы осындай
мәселелердің шешілуіне айтарлықтай мүмкіндік жасайды;
Қазақстандық отбасының негізгі ерекшелігі нуклеарлы емес, үш
ұрпақтылығымен нәтижеленеді.Нуклеарлы отбасының үлкен үш ұрпақты
отбасына айналу себебі жас отбасының қаржылық қабілетсіздігінен, яғни өз
24
бетінше пәтер ала алмау немесе пәтерді жалға ала алмауынан бір пәтерде бірге
тұру қажеттілігі болып табылады. Мұндай
жағдай отбасылық рөлдердің
шиеленісуіне, отбасылық қызметтер тиімділігінің төмендеуіне, жанжалдың,
отбасылық мазасыздық пен эмоциялық күйзелістің артуына себепші болады.
Отбасылық қатынастар психологиясының дамуындағы жаңа бағыт – оның
әдіснамалық негіздерін жасау болып табылады, оған негізделу фрагменттілікті,
кездейсоқтықты, интуитивтілікті болдырмауға мүмкіндік береді. Негізгі
әдіснамалық жүйелілік принципі бойынша отбасылық қатынастар құрылымдық
біртұтастықтан тұрады, оның элементтері бір-бірімен тығыз байланысады. Бұл
ерлі-зайыптылық, ата-ана-балалық, бала-ата-аналық, бала-балалық, ата-әжелік-
ата-аналық, ата-әжелік-балалық қатынастар.
Маңызды әдіснамалық синергетиялық принцип отбасылық қатынастар
динамикасын дағдарыстық кезеңдер тұрғысынан қарастырады.
Қазіргі таңда өзара қатынастары бұзылған отбасыларды емдеудің жалпы
заңдылықтарын қарастыратын, жинақталған тәжірибелерді біріктіретін жүйелі,
ғылыми тәсілдемеге негізделген отбасы психотерапиясы
қарқынды жасалып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: