Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет8/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Инфантицидті
– балаларды өлтіру, зорлау (ежелде б.з.б. ІҮ ғ.). 
Тастап кету
– баланы асыраушыға, басқа отбасына, монастырьға т.б. 
береді(IV–XVII ғғ.). 
Амбивалентті 
– балалар отбасының толық құқықты мүшесі болып 
саналмайды, олардың дербес болуына, даралығына тыйым салынып, «үлгі», 
«бейне» бойынша ұқсастырып, «мүсіндейді», қарсылық танытқан жағдайда 
қатаң жазалайды (XIV–XVII ғғ.). 
Жабысқақ 
– бала ата-анаға жақын болады, оның мінез-құлқы қатаң 
белгіленіп, ішкі дүниесі бақылауға алынады (XVIII ғ.). 
Әлеуметтендіруші 
– ата-аналар балаларын дербес өмір сүруге дайындау 
үшін барлық жағдайды жасайды, мінезін қалыптастырады; бала ата-аналар үшін 
– тәрбие және оқыту нысаны болып табылады (XIX – XX ғ. басы). 
Көмектесуші
– ата-аналар баланың бейімділіктері мен қабілеттерін ескере 
отырып, оның жеке-дара дамуын қамтамасыз етеді, эмоциялық байланыс 
орнатады (XX ғ. ортасы – қазіргі уақыт). 
ХІХ ғ. отбасының эмоциялық өрісін, оның мүшелерінің құштарлықтары 
менқажеттіліктерін эмпирикалық зерттеулер пайда (ең алдымен Фредерик 
ЛеПле еңбектері) болды. Отбасы өмірлік циклдері, пайда болу тарихы бар шағын 
топ ретінде зерттеледі. Зерттеу пәні сезімдер, құмарлық, ақыл-ой және 
адамгершілік іс-әрекет.
Отбасылық қатынастардың дамуының тарихи динамикасында ЛеПле 
патриархалды түрдегі отбасынан бастап, тұрақсыз, жекеленген ата-аналар мен 
балалардан тұратын, әке беделінің әлсіреген отбасын анықтады.
Содан соң отбасындағы өзара қатынастарды зерттеу әртүрлі әлеуметтік 
және отбасылық жағдайдағы отбасы мүшелерінің өзара әрекеттерін, 
коммуникациясын, тұлғааралық келісімін, жақындығына бағдарланды 
(Ж.Пиаже, З.Фрейд және оның ізбасарларының еңбектері). 
Қоғамның дамуы неке мен отбасының құндылықтар жүйесі мен әлеуметтік 
нормаларының өзгеруіне себепші болды, дүниеге бала әкелу санының 


17 
жоғарылауының әлеуметтік-мәдени нормалары бала туу санының төмендеуінің 
әлеуметтік нормаларымен ығыстырылды.
ХХ ғ. ортасына дейін отбасы қоғамның негізгі шағын моделі ретінде 
қарастырылды, әлеуметтік қатынастар отбасында жүзеге аспады, зерттеушілер 
қоғамды отбасын кеңге жаяды деп тұжырымдады. Сонымен қатар патриархалды 
отбасының тиісті атрибуттары болды: өктемшілдік, меншіктік, субординация 
т.б. 
Этнографияда отбасындағы қатынастардың ұлттық ерекшеліктерін 
бейнелейтін материалдар жетіп артылады. Мәселен, Ежелгі Грецияда моногамия 
үстемдік етті. Отбасы сансыз көп болды. Инцест тыйымы (табу) әрекет етіп, әке 
өз әйелінің, балаларының, бірге тұратын әйелдің қожайыны болды. Ер 
адамдардың құқығы шектелмеді. Әйелдер көзге шөп салғаны үшін қатаң 
жазаланды, әйтсе де спарта азаматы өз әйелін кез келген қонаққа (егер сұраса) 
беруге дайын болды. Өзге ер адамдардың балалары (егер дені сау ұлдар болған 
жағдайда) отбасында қалды.
Ежелгі Римде моногамия құпталды, алайда некеден тыс байланыстар кең 
тарады. Рим құқығының заңдары бойынша неке бала туу үшін сақталды. Үйлену 
рәсімдеріне үлкен мән берілді. Әкенің беделі ерекше болды, балалар тек әкеге 
бағынды. Әйел еркек мүлігінің бір бөлігі ретінде саналды.
Ғылымда көптеген елдердегі отбасы институтына христиан дінінің ықпалы 
туралы ақпараттар көп. Шіркеу ілімі моногамияны, сексуалды тазалықты, 
пәктікті дәріптеп, көп әйелділік пен көп күйеулікке бәддұға (діннен қуу) берді. 
Дегенмен де тәжірибеде дін басылар шіркеу ережелерімен жүрмеді. Шіркеу қыз 
абыройын, жесір қалған кезде өзін-өзі тежеуді, ізгілікті ерлі-зайыптылықты 
дәріптеп, құрметтеді.
Бөтен дінмен некелесу христиан үшін күнә болып саналды. Оларға деген 
либералды қатынас ертедегі христиандылық кезеңдерінде ғана болды, солай 
болғандықтан неке көмегімен христиан адасып жүрген адамды шын дінге әкеле 
алды.
Христиандылықтың ерте кезеңінде ерлі-зайыптылық жеке іс ретінде 
саналды. Кейін дін қызметшісі келісімімен некеге түсу нормасы бекітілді. Тіпті 
жесір әйел де оның марқабатынсыз қайта күйеуге шыға алмады.
Христиандылық әйел мен еркектің рухани теңдігін немқұрайлы 
мойындады. Алайда шындығына келгенде әйел жағдайы кемсітілді. Әйелдердің 
кейбір бөлігі – қоғамда жесірлердің, қыз абыройын сақтағандардың, 
монастырьда және ауруханаларда қызмет етушілердің ғана беделі 
болды,олардың дәрежелері жоғары болды.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» – өзіне, «неке мен қандас 
туысқа негізделген шағын топ» деп анықтама берілген. Оның ерекшелігі- 
тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы 
байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз 
байланыста бола тұрса да, отбасы – қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың 
белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.


18 
Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихының болатыны 
сияқты қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен ерекшеленеді. Қазақтың 
отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңды жазылып, кезінде баспа жүзін 
көрген үлкенді-кішіліғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік 
құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті – фольклор деректері де 
көптеп табылады. Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей 
Каустың отбасы мәселесі төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға жетпес 
еңбек екендігіне ешқандай күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеуге 
маңыз беріледі. Отбасындағы тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделіп, ата-
ананың балаға деген қатынасын анықтайды. 
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Көне заманнан-ақ 
қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір 
педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен 
әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары 
мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, 
экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында 
аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат 
тәрбиелеу болды.
Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға 
қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, 
Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін 
тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Сондай-ақ, қазақ отбасында 
адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі 
арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, 
негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын 
қалыптастыру міндеттері шешілді.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. 
Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын 
асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің 
ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып 
табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден 
жирендіріп отырған.
Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық 
ойындар, айтыс және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз. Қазақ 
отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден 
қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайырымды, 
ізгі қатынас жасау, сыйлау адамгершілік сезімдеріне әсер ету, өзіне деген сенімін 
нығайту, сенім арту, реніш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте 
кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды 
есептейміз.
Қазақ отбасында ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып 
келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының 
отбасына тән жарасымдылық олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп 


19 
сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше 
тұрып 
қыздың 
орынсыз 
сөйлемеуінде 
деп 
есептейміз.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, 
борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, 
ағайын туысты, нағашы жұртын, ата тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше 
көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу 
тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білген ұл, жеті 
жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан 
тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін 
қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі 
бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, 
өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға 
баулуды мақсат еткен.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани 
мәдени 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
баспалдақтары 
болады.
Сонымен, отбасының этникалық-мәдени құндылықтары деп төмендегілерді 
айтуға болады:
1.
Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
2.
Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» 
тәрбиелеу.
3.
Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, 
жаным арымның садағасы».
4.
Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
5.
Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, 
отбасындағы кенже ұлдың рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру. 
«Отан – отбасынан басталады» демекші, жанұя қоғамның ең маңызды 
құрылымы. Сондықтан да Ислам отбасына көп көңіл бөледі. Исламда неке – екі 
жанның қасиетті одағы, сенімділіктің бастауы. Жанұяда ең әуелі сенім мен 
сыйластық, сезім мен сүйіспеншілік болса, жұбайлар өмірінің шырайы артып, 
кездеспей қоймайтын тіршіліктің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, 
қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, қандай жағдайда болсын, босағасы берік 
болмақ.
Исламда «Ерлер – әйелдердің билеушісі» деп баян етілгендей, Ислам діні 
жанұяның отағасы, басқарушы ретінде хұқықты ер кісіге беріп отыр. Бұл жерде 
әйел затына төмен қарап, ер кісіні жоғары санап тұрғаны жоқ. Қайта, Ислам діні 
– ер кісінің игі бастамаларына әйелді қолдаушы, ақылшы етіп, сенімді сүйеуші 
ретінде көрсетеді. 
Ер кісі – ең әуелі отбасының намысын қорғау, әйелінің, бала-шағасының 
напақасын тауып беру, үйге қажетті нәрселерді және сыртқы ауыр немесе жеңіл 
істердің барлығын қамтамасыз етуді міндеттейді. Әйел заты – әуелі күйеуіне 
бойұсынуы тиіс, содан кейін өз намысын, бала-шағасының, сондай – ақ үйі мен 
мал-мүлкін қорғап отыруға міндетті.


20 
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынаста жақсы мәміледе болуы, бір-біріне 
уәжіб саналады. Ислам ілімі отбасындағы мәселелерді ер мен әйел бірге 
ойласып, ақылдасып шешім қабылдауға шақырады. 
Ислам – отбасынының ең әуелі сенім мен сүйіспеншілік және түсіністік 
негізінде құрылғанын қалайды. Бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғалардың 
дүниеге келуіне қабілетті болмақ. Ендеше, елдің, ұлттың болашағы әр отбасында 
шешіледі, негізі қаланады. 
Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, 
экономикалық, құқықтық т.с.с. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, 
сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді. Бір 
жағынан отбасы – адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы 
тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер 
отбасының ішкі өмірін қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске 
ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға, 
қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай отбасыда өз мәселелері қоғам 
мәселелерімен қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды. Керісінше, 
отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін 
мүмкіндік туғызады. 
Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре 
алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни 
өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, 
сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен 
тығыз байланыста болады.
Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің 
үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып 
қана қоймай, бірқатар әлеуметтік қызметтер орындалып, қоғамның әлеуметтік 
құрылымы, бір элементі болып табылады.
Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің 
қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың 
дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, 
сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік 
қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.
Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы – кішігірім 
мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері 
қарай дамуда. Ертеде отбасын құру – күнкөріс қамынан, ерлі-зайып 
қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған. 
Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы 
отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеде құрылған негізгі 
әлеуметтік топ, сонымен бірге отбасыға 
-
ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. 
Отбасының қызметі бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың 
жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) 
қажеттерін өтеу. 
Ресейде отбасылық қатынастар ХІХ ғ. ортасында ғана зерттеу нысанына 
алынды. Зертеулердің қайнар көзі ежелгі орыс шежірелері мен әдеби 


21 
шығармалары болды.Н. Дубакин, М. М. Ковалевский және басқа тарихшылар 
Ежелгі Орыс халқының отбасылық-некелік қатынастарын терең талдауға алды. 
Әсіресе, «Домострой» кодексіне – 1849 жылы жарыққа шығарылған ХҮІ әдеби 
ескерткішіне айрықша мән берілді.
ХХ ғ. 20-50 жж. зерттеулерінде қазіргі отбасылық қатынастардың даму 
тенденциялары бейнеленді. Мәселен, П.А. Сорокин кеңестік отбасындағы 
дағдарыстық құбылыстарды талдады: ерлі-зайыптылық, ата-ана-балалық және 
туыстықбайланыстардың әлсіреуі. Туыстық сезімдердің беріктілігі партиялық 
жолдастыққа қарағанда әлдеқайда әлсіз болды. Осы кезеңде «әйел мәселесіне» 
арналған еңбектер пайда болды. А.М. Коллонтай мақалаларында әйелдердің 
күйеуінен, ата-анадан, аналықтан еркіндігі жарияланды.Отбасы психологиясы 
мен социологиясы марксизммен үйлеспейтін буржуаздық жалған ғылыммен 
мәлімделді.
50-жж. ортасында отбасы психологиясы жандана бастады, отбасының 
жүйе ретіндегі қызметін, некеге түсу мотивтерін түсіндіретін, ерлі-зайыптылық 
және ата-ана-балалық қатынастар ерекшеліктерін, отбасылық жанжалдасу мен 
ажырасудың себептерін ашатын теориялар пайда болды; Ю.А.Алешина, 
А.С.Спиваковская, Э.Г.Эйдемиллер және т.б. отбасылық психотерапиясы 
қарқынды дами бастады.
ХІХ-ХХ ғғ. зерттеушілер терең ішкі қайшылықтармен ерекшеленетін 
отбасы дағдарыстарын айқындады. Ер адамдардың өктемшіл билігі жоғалды. 
Отбасындағы үй өндірісі қызметінің мәні жойылды. Нормативті модель ретінде 
ерлі-зайыпты мен балалардан тұратын нуклеарлы отбасы қалыптасты. 
Революцияға дейінгі Ресейдің Шығыс және оңтүстік аймақтарында 
отбасылық өмір патриархалдық дәстүрлерге сай құрылды, көп әйелділік, әкенің 
балаларды шексіз билеуі сақталды. 
Кейбір халықтарда қалың мал алу – қалыңдықтың құнын төлеу 
сақталды.Ата-аналар қалыңдық пен күйеуді нәресте кезінен немесе олар дүниеге 
келгенге дейін атастырып, мәмілеге келді. Сонымен қатар, қалыңдықты алып 
қашу да жиі жасалды. Күйеу әйелді алып қаша немесе сатып ала отырып, әйелдің 
қожайыны болуға толықтай құқық алды. Әрине, бірнеше әйелі бар күйеуге 
тұрмысқа шыққан әйел тағдыры ауыр болды.Мұсылман отбасыларында әйелдер 
арасында күндестікті және қызғанышты тудыратын белгілі бір иерархия 
қалыптасты. Шығыс халқында ажырасу ер адамдар үшін жеңіл саналды, олар 
әйелін жай ғана қуып шығарды. 
Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыста ұзақ уақыт бойына ру құрылымы 
мен полигамияның сарқыншақтары сақталып келді. Адамдар шамандардың 
күшті ықпалында қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет