10
құрайды.Бұл мәселе бала туу дағдарысымен және адам ресурстары
«тапшылығымен» немесе керісінше дүниеге бала әкелу деңгейін шектеу
қажеттілігімен ұштасып жатса да өзінің маңыздылығын жоймайтын мәселе
болып табылады.
-
Бала тәрбиелеу қызметі.
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру
институты. Ол қоғамның даму үздіксіздігін, адамзат ұрпағының жалғасын, заман
байланысын қамтамасыз етеді.Отбасындағы тәрбиенің, баланың жақындарымен
эмоционалды-жағымды толыққанды қарым-қатынасының, баланың ерте жаста
үйлесімді дамуын анықтайтындығы белгілі. Бала қаншалықты бой жетсе де
отбасының тәрбиелік қызметінің маңыздылығы жойылмайды, оның тек
міндеттері, құралдары, желісі, ата-аналармен ынтымақтасу және келісім
(кооперация) ғана өзгереді. Қазіргі уақытта бала тәрбиелеу отбасыныңмаңызды
әлеуметтік қызметі ретінде қарастырылады.
-
Достарыңызбен бөлісу: