Сұрақтарт мен тапсырмалар:
1.
Бала тәрбиесіндегі ата-ана махаббатының мәні неде?
2.
Бала тәрбиесіндегі ата-әжелердің рөлін анықтаңыз.
3.
Махаббатсыз отбасы деген баяндаманы дайындаңыз
.
41
4.
ОТБАСЫ ТИПОЛОГИЯСЫ
Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық
өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу
ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық
және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық
бағыттылығы; отбасылық өмірдің айрықша жағдайлары; сексуалды қатынастар
сипаты.
Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және
функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді.
Нуклеарлы (ядерлік) отбасы
– бұл ерлі-зайыптылар және олардың
балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы
шектеледі. Нуклеарлы отбасы – ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды
отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан
тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы.
Кеңейген нуклеарлы отбасы
– ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар
(ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т.б.)
қосылған отбасы.
Толық емес отбасы
–ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе
өмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі – бұл баламен
(балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші
жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты
бұрынғыдай ата-аналық рөлін, «асыраушы» рөлін сақтайды және балаларды
материалды қамтамасыз етуге қатысады. Алайда дүниеден өткен әке отбасында
құрмет пен махаббатқа бөленеді, ал ажырасқан әкеге көп жағдайда ашық немесе
үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне
кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі «аналық отбасы», оның
құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған
балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі – бұл әкесіз отбасы.
Толық емес отбасы рөлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына
кіреді.
Функционалдытолық емес отбасы
– ерлі-зайыптының біреуінің өз
қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша
толық) отбасы. Ерлі-зайыптының өзінің отбасылық рөлдерін атқаруға кедергі
келтіретін себептер: ауыр немесе созылмалы ауру, кәсіби қызмет спецификасы,
отбасымен ұзақ уақыт болмау. Ұзақ іс-сапармен байланысты мамандықтардағы
адамдар (геологтар, әскери теңізшілер, машинстер, ұшқыштар, жол серіктер),
еңбектің вахталық әдісімен жұмыс жасайтын адамдар (мұнайшылар,
құрылысшылар, поляршылар),жұмыс кестесі тұрақсыз және эмоциялық
күйзелісі жоғары еңбектегі адамдар (әртістер, радио және теледидар
қызметкерлері, «жедел жәрдем» және аурухана дәрігерлері, мұғалімдер) өздерін
отбасылық өмірде толықтай жүзеге асыра алмайды. Функционалды толық емес
отбасын да тәуекел тобына жатқызу қажет, ал оған психологиялық көмек
функционалды міндеттерді орынды, қолайлы жоспарлауға және тұлғаның кәсіби
42
қызметте, отбасында үйлесімді жүзеге асу жолдарын іздестіруінебағытталуы
тиіс.
Аралас отбасы
– ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын
отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден
тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде
болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп
жатқан тәте отбасы да жатады және т.б.
Ерлі-зайыптылық өмірдің отбасылық өтіліміне байланысты:
Достарыңызбен бөлісу: |