Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет18/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

«Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің өнегесі, шешенің тәрбиесі» – 
деп 
бабам қазақ ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің қуатты құралы халық даналығы екенін 
жақсы білген.
Тарихи даму үрдісінде ұрпақтар жалғастығының ұлы істерін үлгі-өнеге тұ-
тып, сол арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтармен сусындату 
бүгінгі күні маңызды мәселе болып табылады. Оны біз Сара Алпысқызының: 
«Жастарымызды ата-бабамыздан келе жатқан – мәңгілік рухани-адамгершілік 
құндылықтар негізінде, ойы, сөзі және іс-әрекеттері бірлікте өмір сүретін 
мүлтіксіз мінезді адам тәрбиелеу» – деген сөзінен көруге болады.
ҚР-ның «Білім туралы» Заңында: «Ата-аналар – алғашқы педагогтар» деп 
жазылған. Қазіргі ата-аналардың бәрі дерлік жоғары білімді, сауатты адамдар. 
Дегенмен, олардың балаға берген тәлім-тәрбиесін осыдан 30-40 жыл бұрынғы 
ата-аналарымыздың тәрбиесімен салыстыруға болмайды. Сол кездегі ата-аналар 
қазір ата-әжелер. Негізінен ұрпақ тәрбиесінде ата-әженің де рөлі ерекше. Балаға 
бесік жыры, батырлық эпостарды, ертегі, аңыз әңгімелерді айту, тақпақ жаттату 
ата-әженің еншісінде болған. Бала кезінен құлағына құйылған, көңіліне тоқылған 
рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбиенің үлгі-өнегесі 
жастарға жақсы мен жаманның ара қатынасын ашып, ел сыйлайтын азамат 
болып өсуіне жағдай жасаған. Бабамыз қазақ Л.С.Выготскийдің бала 
тәрбиесіндегі «психикалық дамудың таяудағы аймағы (шеңбері)», «баланың әр 
жас кезінде көрініс беріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
әлеуметтік жағдай жасау» теорияларын білмесе де үлкен ұлағаттықпен осы 
қағиданы басшылыққа ала отырып, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде қатаң ұстанған. 


39 
Осыған байланысты «әлеуметтік инфантилизм», «тірі жетім», «тастанды бала», 
«қаңғыбас бала», «нашақорлық», «өзге діндерді жағалау» т.б. әлеуметтік 
келеңсіз жағдайлар қазақ даласында кездеспеген. Бір ауылда ата-анасынан 
шетінеп, жетім қалған бала болса, оны бүкіл ауыл аймақ болып тәрбиелеп, 
жетімдік көрсетпей ел қатарына қосуға тырысқан. Бұдан ата-бабаларымыздың 
рухани-адамгершілік, имандылық пен қайырымдылық сияқты құндылықтарды 
берік ұстап, қара басының ғана емес бүкіл елдің, ұлттың қамын ойлап, өсіп келе 
жатқан жастарды дұрыс жолға салып, қайырымдылықтың үлгісін көрсетіп 
отырғандығын көреміз. Сондықтан да отбасы ұрпақ тәрбиесінің белді буыны, 
жауапты әлеуметтік институты.
Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән, ана сүтімен қанға сіңген ізгі 
әдет-ғұрыптардан жастардың тыс қалып бара жатқанын байқаймыз. Көптеген 
жастарымыз әртүрлі діни ағымдарға ілесіп, солардың туын көтеріп, жырын 
жырлап мұсылмандықтан кетіп жатса, енді біреулері өз ұлтының өткені мен 
болашағына немқұрайлы қарап күнделікті тіршіліктің қамын қуып, рухани 
адамгершілік құндылықтардан алыстап барады. Ата-ананы сыйлау, үлкенге 
құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кейбір жастардың 
болашақта өз отбасында қандай ұрпақ тәрбиелейді деген ой ұлтжанды 
азаматтарымызды мазаламай қоймайды. 
Осыған байланысты Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев «Жас ұрпаққа отбасында 
өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың 
бізге қалдырған рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» 
бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан. Өйткені жас ұрпақ –ел болашағы, 
шырағы, асқақ арманын алға апаратын күші. 
Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері сан ғасырларды 
аралап бізге жеткен – тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Солар арқылы әрбір жас ұрпақ 
өзінің таным-түсініктерін әлемдік санамен ұштастырып, алдыңғы ұрпақ 
жетпеген арманға, шығатын биікке жеткізеді деп армандаған бабаларымыз. Осы 
қағиданы мықты ұстанған халық баланың тәрбиесін отбасынан бастаған. Тілін, 
тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, бабалар мұрасын, аналар тілегін 
орындаған адам бақытты өмір мұхитына сапар шегетінін олар жақсы білген. 
Осыған байланысты Елбасымыздың көтеріп отырған «Мәңгілік ел» идеясының 
басты мақсаты – ата-баба мұрасынан сусындаған қазақ елінің тәрбиелі 
азаматтарын тәрбиелеп қалыптастыру.
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі озық тәжірибесі туралы орыс 
жазушысы, этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне: «Мидай дала, ешбір 
мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ жастары өте ғажайып, мәдениетті 
тәрбиеленген» -деп жазса, М.О.Әуезов: «Бала ата-ананың тағылымымен – өседі» 
деген. Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, дүниедегі жақсы мен 
жаманды тани отырып, білгені, көргені көп білімді адам болып қалыптасады. 
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» – деген 19-шы 
қара сөзінде.
Психолог Л.С.Выготский: «Бала дүниеге келісімен әлеуметтік, қоғамдық 
тіршілік иесі болып саналады, оның өсіп-жетілуі үшін ересектермен қарым-


40 
қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік 
тәжірибені меңгереді». Ерікті, үйлесімді, шығармашылық қабілеті бар, өзін-өзі 
жетілдіруге ынталы, бәсекеге төтеп бере алатын азаматтарды қалыптастырудың 
қоғам өмірі үшін маңызды мемлекеттік мәселе болып табылады. Бала отбасы 
мүшелері арасындағы жарасымды, үйлесімді, әділетті қарым-қатынастарды 
игере отырып, үлгі-өнеге алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен 
өзгелерге достық, ар-намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-
ана және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-
әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасай алады. Ата-аналар ұнамсыз жайларға тіпті 
уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс. Өйткені күйкі көріністің 
ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына теріс мінез болып қалыптасуы 
ықтимал. Ата-бабаларымыз ұрпағын ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, 
аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз 
қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, 
қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып 
өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге баулыған.
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жи-
нақтаған ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбие, ұлттық 
сана сезім, қадір -қасиет, ар – ождан, ұлтжандылық, отан-сүйгіштік, ізгілік, ізет-
тілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық, ерлікке, жігерлікке, батылдық пен 
батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге ерекше көңіл 
бөлген. Баланың жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына отбасының тәрбиесі, ата-
ананың өнегесі деп есептегенімен, баланың жүрген ортасы, ағайын – туыстары, 
жора – жолдастарының, сонымен қатар туған жердің табиғаты да әсер етеді.
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні зор. 
Белгілі педагог-психологтардың ойларынша, отбасындағы ата-ана әрқашанда 
өздерінің эмоцияларын, сөйлеген сөздерін бақылап, баланың санасына теріс 
ықпал ететін қылықтарды жасамауы қажет. Баласының жақсы азамат болғанын 
қалайтын әрбір ата-ана тәрбиені өздерінен бастауы қажет. Өйткені балалары ата-
анасының жасаған қылықтарын қайталай отырып өмірлік тәжірибе жианақ-
тайды.
Ата-ананың балаға деген махаббаты – оның отбасына, туған жеріне, 
Отанына, туыстары мен достарына, сүйген жарына деген махаббатың дамып 
қалыптасуына негіз береді. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға 
деген мейірім махаббатынан тараған. Ата-ананың еккен махаббаты баласының 
жүрегінде гүлдеп, қартайған ата-аналарының өмірін қуанышқа бөлеп, өткен 
өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет