80
пен татулық қалмаса да, үйреншікті өмірді бұзуға күш-жігері жетпей
қиналса да, отбасында абыройы жоқ болса да, бейтаныс адамдармен бірге
тұрғандай селқостық өмір сүру жағдайында жүріп жатады. Бұл отбасылық
өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Өсіп қалған балаларының
кәсіп таңдауы, жоғары оқу орындарына
түсуіне
байланысты – дағдарыстың жаңа кезеңі пайда болады. Қазіргі
экономикалық дамудың нарықтық кезінде ата-ана баласының болашақ
қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық
тұрғыдан үлесін қосып, оның келешегін жақсы мамандықпен қамтамасыз
етуге ұмтылады.
Дағдарыстың келесі түрі – а
жырасудың үшінші шарықтау шегі және
өз-өзіне қол жұмсауға баруы
дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер
жеткен балалар ата-ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір
сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі-зайыптылар жалғыз өздері
қалып қояды. Кейбір ерлі-зайыптылар мұндай жағдайға дайын
болмағандықтан, осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы өміріне басқа да құбылыстар
ықпал етеді, мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі-
зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы ауру, отбасы
мүшелерінің бірінің өмірден озуы, тұрмыс жағдайының ушығуы т.б. болуы
мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған міндеттерді кез келген отбасы,
отбасы мүшесі көтере алмайды, міне сол кезде отбасының құлдырауы –
ажырасуы орын алады.
Балалары ата-аналарының
ажырасуына үш түрлі типте
жауап
қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар
– ата-анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол
жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын
«әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын» деп қорқытады, ажырасу оларға
жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер –
әкесіз қалу, қайғыру, бойын үрей, қорқыныш билеу,
сатқындықты сезіну жеңілген балаларда болады. Отбасында қалған
анасының оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының
кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар –
бұл отбасы өмірінің барлық ауыртпалықтарын
басынан өткізген, құр жаны қалған, соққыдан әлсіреп қалғандай сезінетін,
жылы эмоционалдық қатынасты қажет ететіндер.
Достарыңызбен бөлісу: