Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет35/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Психологиялық коррекция 
Психологиялық коррекция – бала мен ата-ананың тұлғаішілік және 
тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс 
эмоционалды 
күйлерді 
түзетуге 
арналған 
кешенді 
психологиялық-
педагогикалық жұмыс. 
Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану, бала мен 
ата-ана және отбасы жағдайында туындайтын жайсыз психологиялық 
жағдаяттарды түзету. 
Психологиялық ағарту 
Балалардың 
тұлғалық 
әлеуметтік-психологиялық 
қасиеттерін 
қалыптастыру, ата-анаға психологиялық ағарту, психологиялық мәдениетті 
дамыту. Тәрбие жұмыстарында, ата-аналар жиналысында психологиялық 
сауаттылық пен мәдениетті жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар. Бала мен ата-
аналардың ішкі әлеміне үңіле отырып, тұлғалық тұтастықты қалыптастыруға 


76 
бағытталған бағдарламалар, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық 
қалыптастыруға арналған психологиялық қолдау көрсету. 
Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты арттыру, баланың жас және 
жекелік, жыныстық ерекшеліктері мен психологиялық саулығын сақтау туралы 
білімдермен таныстыру. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары арқылы 
отбасылық жауапкершілікті жоғарылату. 
Психологиялық кеңес беру 
Шағымданып келген бала мен ата-аналардың мәселесін шешуге бағытталған 
психологиялық кеңес беру, психологиялық көмек көрсету. Баланың жекелік 
(жас, жыныстық, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, оқу үлгерімі, 
тәуелділігіне т.б) ықпал ету. Қиын балалардың жан дүниесін түсіну, қиындықты 
тудыратын себептердің мәнін ашу және ығыстыру. Баланың психологиялық 
қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеру. 
Психолог, педагогтардың кәсіби этикалық ережелері 
-
Құзыреттілік – психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді таңдай 
білу, зерттеу нәтижелерінің қорытындысын шығара білу;
-
Нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ
құштарлы және жауапты болу. Айналасындағыларға құрметпен қарау, 
әлеуметтік рөлдеріне нақты және соған сәйкес қызмет атқару.
-
Адам құқықтары және абыройын құрметтеу. Психологтың клиенттің жеке 
өмірлік құқығын сақтауы, өзіндік анықтау және автономиясын құрметтеу. 
Диагностикалық және коррекциялық шараларды жүргізе отырып, бала мен 
ата-ананың нақты келісімдерін алу. Психологтың клиенттердің мәдени, 
жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауы.
-
Бала мен ата-аналардың әріптестік, серіктестік қолайлылық орнатуына 
көмектесу. Туындаған қақтығыстарды жауапты түрде шешу. Адамдардың 
ерекшелігіне шынайы әрі мұқият қарау.
-
Әлеуметтік жауапкершілік. Адамдардың қолайлы өмір сүруіне өз үлесін 
қосу, әлеуметтік-психологиялық ықпал ету.
Аталған ережелердің балалармен және ата-аналармен педагогикалық-
психологиялық жұмыстар кезінде ескерілуі отбасы татулығы мен сыйластығына 
тиімді ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілетін педагогикалық-психологиялық іс-шаралар келесі әдіс
тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, 
психодрама, 
би-қозғалыс 
терапиясы, 
денеге 
бағытталған 
терапия, 
гештальттерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, психологиялық тренинг, 
әуентерапия және т.б.
«Баланың жеке басын дамыту мектебі» бағдарламасының мақсаты: жекелік 
ерекшеліктер мен ресустарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет