Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы мәселесі бойынша кеңес беру



Pdf көрінісі
бет31/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы мәселесі бойынша кеңес беру.
Ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы ерлі-зайыптылық қатынастарды қалыпқа 
келтіру немесе некелік одақтың ыдырауы арқылы шешілуі мүмкін. Көптеген 
жағдайда көзге шөп салу жағдаяты ұзақ жылдар бойынша шешілмеген күйде 
қалады. 
Ерлі-зайыптылық 
қатынас 
ыдыраған 
жағдайдағы 
клиентке 


71 
психологиялық көмек көрсетудің міндеті жаңа өмір салтын құрудан, уайымға 
салыну реакцияларын жеңдіріп, жоғалғанның орнын толтыруға мүмкіндік 
беретін жаңа тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудан тұрады. Ерлі-
зайыптылық қатынастарды қалыпқа келтіру жағдайында кеңес беру міндеттері 
келесідей: қызғану реакциясын жою және жеңу, «кешіру моралін» қалыптастыру 
[Волкова, 1989]; өз мінез-құлқын және аффективті әсерленулерін бақылау 
ептілігін қалыптастыру; көзге шөп салу себептері мен өз қателіктерін талдау; 
серіктеспен жаңа қатынас орнату. Психологиялық жұмыстың конструктивті емес 
тәсілі ерлі-зайыптылық көзге шөп салу фактісі мен серіктестің өзініңқұнын 
төмендету стратегиясы болып табылады. маңызы бар іс-әрекетке көңіл аударту 
– жұмысқа, оқуға, балаларды тәрбиелеуге, хобби, қызығушылықтарға – бұл іс-
әрекет түрлері уақытша көңіл сергітуге көмектескенмен проблеманы «ұмытуға» 
және аффективті әсерленулердің қарқынын сейілтуге көмектеседі. 
Ерлі-зайыптылық көзге шөп салуға психологиялық кеңес берудіңА.Н. 
Волкова ұсынған үлгісі: 
1.
Көзге шөп салу бейнесін қалыптастыру: 
-
ерлі-зайыптылық көзге шөп салудың себептері туралы түсініктерді 
басшылыққа ала отырып, қарсыластың психологиялық мінездемесін 
жасау; 
-
қызғану реакциясының «қалыптылығын» анықтау; 
-
қызғанушының мінез-құлық белсенділігінің деңгейін және қызғаныштағы 
басым реакцияларды анықтау, оларды анағұрлым конструктивті сипатқа 
өзгерту; 
-
реакциялардың қарқындылығын, олардың өмірге және көзге шөп салуға 
ықпалын анықтау. 
2.
Ерлі-зайыптылық көзге шөп салуға қатысушылардың тұлғалық 
ерекшеліктерін зерттеу. 
3.
Клиенттің қызғанышын жеңу мәселесі бойынша жұмыстарды 
оңтайландыру және ерлі-зайыптылық қатынастарды мүмкін болса қайта 
қалыпқа келтіру мақсатында психологиялық ықпал ету әдістерін таңдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет