73
Қазіргі таңда әйелдерге отбасында зорлық көрсету мәселесі бойынша
кеңес беру мамандандырылған дағдарыстық орталықтарда жүргізіледі.
Психологиялық кеңес беру міндеттері: клиенттің эмоциялық күйін
тұрақтандыру; проблеманы зерттеу, қолдаудың қайнар көзін анықтау; жағдаятты
өзгерту туралы шешім қабылдау (жұбайынан кету, уақытша немесе жеке тұру,
ажырасу, зорлау әрекеттерін жасаған жұбайымен сөйлесу, делдалдықты
қолдану, қорғану үшін құқық қорғау органына өтініш жасау т.б.) және әрекет ету
жоспарын құру.Әрекеттер жоспарының маңызды құрамдас бөлігі «қауіпсіздіктің
жеке жоспары». Мұндай жоспарды жасау мыналарды көздейді: зорлау
жағдайында көмек сұрайтын адамдарды талқылау (көршілер, милиция,
куәгерлер); бассауғалайтын пананы анықтау (достар, туыстар, дағдарыстық
орталықтар);зорлау жағдайында шұғыл эвакуацияға қажетті ресурстарды
жұмылдыру (құжаттар, ақша, қажетті заттар, дәрі-дәрмектер, бала
ойыншықтары); зорлау қаупі төнген жағдайда балалар бопсалау құралы немесе
агрессиянысаны болмас үшін оларға превентивті сепарациялау жоспарын құру.
Егер отбасында бала болса әйелге көмек көрсетіп, қолдау қажет. Бала
қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету әйелдің өз күшіне,
мүмкіншіліктеріне сенім артып, дағдарыстық жағдаятты өз бетінше шешуіне
септігін тигізеді. Зорлық көрсету – әйелде қорқыныш сезімін тудырып,
дәрменсіздікке, сенімсіздікке, өзін төмен санап, кемсітуге әкеледі. Көбіне
отбасында зорлық көрген әйелдерқорқыныш пен қайратсыздықты,тәуелділікті
сезініп қана қоймай, ұялу, кінәлілік сезімінде болып, өзіне деген құрметті
жоғалтады. Ананың балаларының амандығына, өз өмірі мен денсаулығына
жауапкершілік алуы өзін-өзі құрметтеуіне, өзін-өзі қабылдауына,Мен сезімінің
нығаюына жәнедағдарысты жеңуге маңызды қадам жасауына мол мүмкіндік
береді. Отбасында зорлық көрсету мәселесі бойынша психологиялық кеңес беру
үйдегі зорлықтың құрбанына құқықтық, экономикалық және әлеуметтік
қолдауды қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралармен жүзеге асырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: