Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Кішкентай балалары бар отбасы



бет10/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Кішкентай балалары бар отбасы (жеткіншек жасқа дейін). Балаларды тәрбиелеу қызметінің жүзеге асуының басталуы, отбасылық жүйенің ортаға жаңа мүшелердің қосылуымен кеңеюі. Бұл кезеңде: ерлі-зайыптылық және ата- ана-балалық жүйелердің қалыптасуымен отбасының құрылымыдық-қызметтік құрылымы ӛзгереді; ана мен әкенің ата-аналық ұстанымы қалыптасады; отбасылық жүйеге балаларды қосуға бейімделу жүреді; тәрбие стратегиялары, тактикалары мен әдістері қалыптасады, олар жүзеге асырылады; ата мен әже рӛлдерімен қоса кең отбасымен жаңа қатынастар орнатылады.
Бірқатар авторлар (А.Н. Волкова, Т.М. Трапезникова, Н.Л. Васильева) отбасының ӛмірлік циклінің аталмыш кезеңін нәрестелік баласы бар отбасына, мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасына, мектеп жасындағы балалары бар отбасына бӛледі. Былайша бӛлудің негізі бар, себебі балалар жасы тәрбиелеудің нақты міндеттерін және бала-ата-ана қатынастарының түрлерін, сонымен қатар ерлі-зайыптының әрқайсысының ӛзінің бұрынғы рӛлдерін кәсіби және әлеуметтік саладағы іс-әрекеттерде де сақтау мүмкіндіктерін анықтайды.
Баланың ӛмірге келуі отбасылық жүйеде үлкен дағдарысты тудырады, осының салдарынан отбасы әртүрлі стрессорларға дәрменсіз әрі тұрақсыз болып келеді. К. Витакер отбасылық ӛмірдің барлық қиындықтары отбасы бала күту, жүктілік, нәрестені бағып-қағу мәселесін бастан ӛткергенде екінші орынға қойылады деп тұжырымдаған.С. Минухин бойынша баланың туылуы отбасына ӛзгерістер әкеледі. Отбасында бӛлінген бұрынғы рӛлдер мен міндеттерді қайта қарау қажеттілігі туындайды. Әдетте, әйел ата-аналық және отбасылық рӛлдерге басымдық беріп, бұрынғы ӛмір салтынан және кәсіби қызметтегі белсенділіктен бас тартады. Ер адам керісінше, барлық жауапкершілікті мойнына алатындықтан, жұмыста анағұрлым белсенді бола түседі.
Баланың туылуы бұрынғы отбасылық жүйені қайта құру қажеттілігін тудырады. Ерлі-зайыпты арасындағы қатынастар екі жоспарда жүзеге асады: 1) жеке ерлі-зайыптылық қатынаста – ер мен әйел арасында және 2) ата-аналық қатынаста – бала тәрбиелеуші әке мен ана арасында. Қатынастардың аталған екі жоспарын үйлестіру айрықша күрделі міндет болып табылады. Әсіресе, әйелдің ӛзінің кәсіби қызметіне қашан және қалай оралатындығыжәне бала тәрбиелеу қызметтерін қайта бӛлу мәселесі аса маңызды болады. Мысалы, нәрестені тәрбиелеу кезінде күйеуі отбасын асырау үшін материалдық қамтасамыз етудің қайнар кӛзі болып, «асыраушы» қызметін атқарады. Ал мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде, яғни әйелдің белсенді ӛндірістік қызметке оралу сәтінен бастап, ерлі-зайыпты арасында үйде атқарылатын міндеттер мен бала тәрбиелеу жауапкершілігі қайта қаралады.Ерлі-зайыптының екі маңызды саланы – отбасылық және кәсіби саланы үйлесімді атқаруы – отбасының дамуындағы аталмыш кезеңнің басты мәселесі болып табылады.
Бала-ата-аналық жүйелердің қалыптасуы отбасы ӛмірін түбегейлі ӛзгертіп, күрделендіреді.
Отбасының ӛмірлік циклінің бұл кезеңінде ерлі-зайыптылардың ата- аналық қызметті атқаруға кӛшуі аса маңызды болып табылады. Ата-аналық ұстанымның қалыптасуы – барлық жағынан алғанда ӛзгерісті, ата-аналар үшін дағдарыстық үрдіс, бұл үрдіс отбасындағы бала тағдырын, бала-ата-аналық қатынастар мен ата-ананың жеке басының дамуын анықтайды. Ата-аналық және тәрбиелік рӛл ерлі-зайыптылық рӛлден айтарлықтай ӛзгешеленеді, себебі ерлі-зайыпты одақ құруда екі серніктес те ерлі-зайыпты қатынастарды тоқтатып, некені бұза алады, ал ата-ананың «ӛмір бойына» атқаратын тұлғалық рӛлін мүмкін емес. Тіпті ата-аналар бала тәрбиелеу құқығы мен жауапкершіліктенқашып, оны перзентхана немесе балалар үйіне тастап,
баладан «бас тартқан» күнде де ана/әке адамгершілік таңдауы үшін жауапкершілік алып, баланың биологиялық ата-анасы болып қалады.
Отбасылық жүйедегі тағы бір маңызды қатынастардың бірі – балалар ӛмірге келгеннен кейін пайда болады, ол – нуклеарлы отбасының ата-әжемен қатынастары, бұл кең отбасы негізінде қатынастардың жаңа рӛлдік кеңістігін анықтайды. Аталған рӛлдік кеңістікте баланың ата-әжелері және ерлі- зайыптылар – ата-аналары арасында жас және рӛлдік статусты ұғыну негізінде қайта құрылу үрдісі жүреді. Аға буын ата және әже сынды жаңа отбасылық рӛлді қабылдап, меңгереді. Онда келесі қызметтер маңызды болып табылады: немерелерді тәрбиелеу; ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін отбасы тарихын және дәстүрін сақтау; отбасылық жанжалда және дауласуда тӛреші қызметін атқару; проблемалық жағдаятта және дағдарыстарды шешуде кӛмек кӛрсету. Кең отбасы негізінде бұрынғы қатынастарды қайта құру міндеті ӛзекті болып табылады. Бұл кезеңде кеңейген отбасының бірлігін арттыру, аға буын мен кіші буын арасында эмоциялық қатынастарды оңтайландыру және ынтымақтастықты дамыту ықтималдығы шұғыл артады.
Сонымен, баланың туылуы отбасы ӛмірінде маңызды ӛзгерістерді тудырып, ерлі-зайыптының әрқайсысының тұлғалық дамуына мүмкіндік жасайды:

  • ана мен әке рӛлдерін қабылдау негізінде ерлі-зайыптылардың иденттілігі дамиды;

  • отбасындағы қызметтерде қайта бӛлумен және жаңа ата-аналық рӛлдердің пайда болуымен қатар отбасының рӛлдік құрылымы ӛзгереді;

  • отбасынан тыс – кәсіби салада, достық қатынастарда рӛлдік қатынастар ӛзгереді;

  • аға буынның ата және әже рӛлдерін қабылдауы негізінде кеңейген отбасы жүйелері ӛзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет