Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Жеткіншек жасындағы балалары бар отбасы



бет11/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Жеткіншек жасындағы балалары бар отбасы. Ӛмірлік циклдің бұл кезеңіндегі отбасының негізгі психологиялықсипаты –отбасылық жүйенің әрбір ұрпағының дағдарыстық жас кезеңдерінің үйлесімділігі немесе қиылысуы.Аға буын болып табылатын ата-әжелер күш-қуатының және шама-шарқының әлсіреуіне байланысты белсенді ӛндірістік және әлеуметтік қызметті тоқтатуға және ӛмір салтын ӛзгертуге мәжбүр болады. Орта буын болып саналатын ата- аналар барлық ӛткен ӛміріне кӛз жүгіртіп, ӛмірдің мәнін қорытындылауды талап ететін дағдарысқа түседі. Кіші буын –жеткіншектер – ӛздерінің жаңа статусын – ересектік статусын танытуға тырысады, бұл ата-ана-бала қатынастары жүйесінің қайта құрылуын талап етеді. Аталған жас дағдарыстарынан – үлкен отбасындағы үш ұрпақтың кәрілік, орта және жеткіншектік жастағы дағдарыстардан ӛту ӛзіндік міндеттерімен ерекшеленеді,белгілі бір жас дағдарысы кезінде отбасылық жүйеде айрықша әлсіздік байқалады. Дағдарыстық кезеңде отбасы мүшелері мазасыздықты, дәрменсіздікті, әлсіздікті сезінеді.
Жеткіншектік кезеңде бала-ата-аналық қатынастар жүйесі қайта қаралады, жеткіншектер құқығы құптала бастайды, біртіндеп еркіндікке,
дербестілікке мүмкіндік беріледі; отбасының үлкендеріне, аға буынына (ата- әжеге) қамқорлық жасалады; ерлі-зайыптылар үлкен отбасы үшін жауапкершілік алады, үлкен және орташа буын арасында қарым-қатынас сипаты ӛзгереді: аға (үлкен) буын орта буынның кӛшбасшылық рӛліне мойынсынады; орта ӛмірдегі дағдарысты жеңуге баса назар аударылады, тұлғалық даму және ӛзіндік жандану, кәсіби және мансап мәселелері шешіледі.
Отбасының ӛмірлік циклінің бұл кезеңі аса жоғары мазасыздығымен ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылар қатынастарында махаббат сезімі жоғалады, түңілу, серіктесті «бағаламау» және некеге қанағаттанбау сезімі байқалады. Осы кезеңде жиі кездесетін ерлі-зайыптылық опасыздықерлі-зайыптылардың ӛмірлік жолдарын қайта қарауға тырысуын және басқа серіктесті іздеу арқылы ӛзін-ӛзі жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін табуын аңғартады, мұнымен жаңа ӛмірлік мақсаттар және тұлғалық ӛсудің жаңа мүмкіндіктері, эмоциялық жақын байланыстар орнату, бұрынғы қателіктер жүгінен, кінәлілік сезімінен және күйініш, шерден арылу байланысып жатыр. Десек те басқа серіктес іздеу бұрынғы ӛміріне түңілуді, ӛткен ӛмірін жағымсыз етіп бағалауды және «ӛмірін таза парақтан бастауды» білдірмейді. Орта жастағы дағдарысты осылайша шешу – тұлғалық жетілмеумен және жас дағдарысын бұрынғы отбасылық жүйені жұмылдыру негізінде конструктивті шеше білмеумен байланысты. Әрине, бұл дағдарыстың отбасылық жүйенің әбден мерзімі жеткен қайшылықтарын шиеленістіре түсетіні сӛзсіз, осының салдарынан отбасы ыдырап, ерлі-зайыптылық қатынастар тоқтайды. Дегенмен де бала-ата-аналық қатынастар сақталып, ажырасқан отбасы бұрынғыша бала тәрбиелеу қызметін атқара бермек.
Ересектік статус алған балалардың бӛліну кезеңі (ересек балалары бар отбасы). Отбасының ӛмірлік циклінің бұл кезеңінде ата-аналардың ересек балалармен қатынасының жаңа түрі қалыптасады. Балалар ӛзінің жеке отбасы болмаса да ата-аналарымен бірге тұра алады, батыспен салыстырғанда қазақстандық, ресейлік отбасыларда мектепті тәмамдау баланың отбасынан жырақтауына, әсіресе аумақтық, кейбір жағдайда қаржылық-экономикалық алыстауына себепші болады. Ересек балалар басқа қалаға оқуға түскенде немесе пәтер жалдағанда ата-аналарынан бӛлек тұра алады, осылайша олар дербестілікке, автономияға ұмтылып, ӛздерінің ересектік статусын танытады. Ересек балалар некеге түсуі немесе үйленбеуі (тұрмысқа шықпауы) мүмкін. Отбасының ӛмірлік циклінің бұл кезеңінің ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеу қызметін тоқтатуы және олардың кәсіби, әлеуметтік белсенділікті сақтауы болып табылады.
Бұл кезеңде икемді отбасы жүйесі қалыптасады, отбасылық жүйенің диада ретінде құрылуы байқалады; «ересек-ересек» типі бойынша ата-аналар мен балалар арасында қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасады; отбасылық жүйеге жаңа мүшелер (ұлдың әйелі немесе қыздың күйеуі, немерелер) қосылады; жаңа отбасылық рӛлдер қабылданады – әже және ата рӛлі; аға буынға қамқорлық жасау, ата-аналардың дәрменсіздігін қабылдау, күтім жасау.
Отбасының ӛмірлік циклінің бұл кезеңі тәрбиелік қызметті атқарудың аяқталуымен, ересек балалардың бӛлінуімен және отбасылық жүйенің жаңаша қайта құрылу қажеттігімен ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылар үшін қарым- қатынасты ӛмірлік циклдің алғашқы кезеңіндегідей диада негізінде құру міндеті туындайды. Ӛткен кезеңдерде ата-аналық негіздегі қатынастардың басымдығы есейген ересек балалардың бӛлінуі кезінде ӛмірдің мәнін жоғалту тәрізді сезімнің туындауына, отбасының құнсыздануына және ерлі-зайыптылық қатынастың салқындауына (ортақ мақсат – балаларды тәрбиелеу тоқтайды) жиі әкеліп соғады. Осы кезеңде ата-аналардың ересек балаларының отбасынанбилік етуді және кӛшбасшы болуды талап етуі немесежаңа құрылған отбасына ӛктемдік кӛрсетіп, бала тәрбиелеу т.б. рӛлді иемденіп, «орны толмас» мүше болуға тырысып бағу. Мысалы, мұндай мінез-құлық балаларының отбасында авторитарлы-директивті стильді жүзеге асыратын әжелердебайқалады, әдетте ондай әжелер отбасының бұзылуына (деструкциясына) және ажырасуына себепші болып келеді.
Жоғарыда аталған отбасының кӛрінісіне қарама-қарсы мысал – отбасылық жүйенің үйлесімділігін қамтамасыз ететін ерлі-зайыптылық қатынас – серіктестердің бір-бірін жаңаша кӛзқараста, тӛзімділіктің, сабырлықтың арқасында қалыптасқан ӛмірлік тәжірибе негізінде «тануы» болып табылады.Бұл жағдайда ерлі-зайыптылар бір-бірін жаңадан танығандай болып, ерлі-зайыптылық қатынастарды жұбайының жаңа тұлғалық қасиеттері негізінде орнатады. Кейде ерлі-зайыптылар бір-біріне таңдана қарап, тіпті бейтаныс адаммен ӛмір сүріп жатқандай сезінеді, мұндай отбасының болашақ тағдыры ерлі-зайыптылардың жаңа қатынас құруды қалауына және сондай қатынасқа дайындығына байланысты болып келеді. Отбасында немерелердің дүниеге келуі тәрбиелік қызметтерді атқару үшін жаңаша рӛлдік мүмкіндіктер береді, ерлі-зайыптылар ата-әже рӛліне ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет