Жас ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен, ата- анадан, отбасы –ошақ қасынан басталмақ. Дана қазақтың «ұяда не кӛрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сӛзі тегін айтылмаса керек.Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, соның ішінде отбасынан, ата- анадан алған үлгі-ӛнеге балалардың тұлғалық қасиеттері мен отбасы, отбасылық қатынастар, отбасылық сыйластық пен үйлесімділіктің қалыптасуына негіз болады.
Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы болғандықтан, ол әлеуметтік дамуда маңызды рӛл атқаратын құрылымдардың бірі. «Отан отбасынан басталады» деген даналықты айтқан халқымыз үшін отбасының қоғам ӛмірінде алар орны ерекше. Отбасы – тек бала-шаға дүниеге келіп, оларды тәрбиелейтін қоғамдық және рухани ошақ емес. Отбасында бала әлем жайлы алғашқы білімді алады, оның мінезі, жүріс-тұрысы, қажеттіліктері, қызығушылықтары, құндылықтары, адамгершілік идеалдары мен түсініктері, ӛзгелерге деген қарым-қатынасы қалыптасады.
Отбасы – бірліктің, берекенің, кіршіксіз тазалық пен адамгершілік қасиеттердің ордасы. Осындай береке мен бірлікке толы, құрметті де, сыйлы отбасының қалыптасуында жас ұрпақтың бойында қалыптасқан отбасы құндылығы жайлы түсініктердің маңыздылығы ерекше. Әрине, жастардың отбасы жайлы түсініктерінің қалыптасуы – олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, ой-түсініктері мен бағамдарына, ӛз отбасынан алған тәрбиесі мен дүниетанымына тікелей байланысты болып келеді.
Жастардыңотбасы туралы түсініктері және болашақ отбасы ӛміріне дайындығы қай кезде де болмасын ӛзінің ӛзектілігін жоймайтын мәселе. Қазіргі таңда жастар әлеуметтенудің бір қиын кезеңінде ӛмір сүріп жатыр. Кейбіреулерінің отбасы шырқы бұзылып, ата-анасы болашақ отбасылық ӛмірге лайықты тәжірибе беріп жатқан жоқ. Осының салдарынан елімізде отбасы және отбасылық қатынастар құндылығының беделі тӛмендеуде, дүниеге бала әкелу саны азайып, ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар саны артуда, толық емес отбасылар, баласынан бас тартушы аналар кӛбеюде. Бала тәрбиесіне жеңіл қарайтын, мойнына ӛз баласын азамат етіп қалыптастыру жауапкершілігін алмаған ата-аналарды, отбасындағы дау-жанжал, ұрыс-керістерді кӛріп ӛскен балалар есейгенде отбасын құруға жасқанады. Отбасы қатынастары, отбасы үйлесімділігі сияқты құндылықтарды бала ӛз отбасынан меңгеріп, оны болашақта ӛз отбасына алып келетіндігі ғылыми дәлелденген.
Ғалымдардыңзерттеулері бойынша қоғамда жастардың отбасы туралы түсініктеріне ықпал ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады: отбасындағы рӛлдерді бӛлуге әсер етпей қоймайтын әйелдер эмансипациясы, еркін қатынастарға әлеуметтік тӛзімділік, азаматтық некеде тұруға тенденцияның артуы, «ӛмірге аз бала әкелуге» бағдарлану т.б. Бұл айтылғандардың барлығы қазіргі жастардыотбасылық ӛмірге даярлау, неке-
отбасылық, бала-ата-аналық қатынастар мәселелерін қарастыратын отбасы психологиясын оқытудыңӛзектілігін дәлелдейді.
Отбасы психологиясы – психологиялық білімнің қалыптасу үстіндегі жаңа саласы. Отбасы психологиясының ғылыми пән ретіндегі ерекшелігі – оның психологиялық тәжірибемен ӛзара байланыстылығы болып табылады. Отбасы тыныс-тіршілігін оңтайландыруға, ерлі-зайыптылық қатынастар мен бала-ата-аналық қатынастар үйлесімділігін арттыруға, отбасында бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуге деген әлеуметтік сұраныс аталмыш пәннің қарқынды дамуына себепші болды.
Жаңа ғылыми пәннің – отбасы психологиясының қарқынды дамуының ӛзектілігі – қазақстандық отбасылардың жалпы психологиялық атмосферасының нашарлауымен, отбасылық қызметтердің бұзылуымен, отбасылықдау-жанжалдың артуымен байланысты. Отбасының мұндай жағымсыз беталысы әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен: әлеуметтік жүйелердің тұрақсыздығымен, материалдық жағдайдың тӛмендігімен, Қазақстанның кӛптеген аймақтарындағы кәсіби жұмыссыздық мәселелерімен, отбасының дәстүрлі қалыптасқан рӛлдік құрылымының және ерлі-зайыптылар арасында рӛлдік қызметтердің ӛзгеруімен түсіндіріледі.
Демографиялық жағдайдың ӛзгеруі – дүниеге бала әкелу санының азаюы – жалғыз бала тәрбиелейтін отбасылардың кӛбеюіне себепші болып отыр, мұндай отбасында жалғыз ӛскен баланың тұлғалық дамуында қиындықтар туындап, балада коммуникативті құзыреттілік жеткілікті дамымайды.
Ажырасу санының күннен күнге артуы – некеге тіркелген 1/3отбасылардың кӛңілі жараспай, ажырасып кетуі бүгінгі таңда аса күрделі әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Ажырасу – маңыздылығы жойылмайтын аса қиын мәселе. Ажырасу – стрессогенділігі жағынан ӛмірдегі қиын жағдайлардың ішінде басты орынды алады. Ажырасу және отбасының ыдырау нәтижесі –жалғыз басты аналардың кӛбеюі. Кӛп жағдайда толық емес отбасылардың ауыртпалығын ана кӛтереді, осының салдарынан тәрбие де нашарлайды. Ажырасудың және толық емес отбасыларда бала тәрбиелеудің психологиялық салдары – Мен-концепциясының бұзылуы, жыныстық-рӛлдік иденттіліктің қалыптасуының бұзылуы, аффективті бұзылыстар, құрбы- құрдастармен және отбасымен қарым-қатынастың нашарлауы.
Келесі маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – ресми емес (азаматтық) некелер санының артуы болып табылады. Азаматтық некені қалаудың басты себебі – ерлі-зайыптылардың отбасы, бала үшін жауапкершілік алуға дайын болмауы болып табылады. Осыған байланысты, азаматтық некеде тұратын отбасы кӛп жағдайда деструктивтілігімен, жанжалға бейімділігімен, қауіпсіздік деңгейінің тӛмендігімен ерекшеленеді.
Тағы бір күрделі әлеуметтік мәселе – ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың, соның ішінде әлеуметтік жетімдердің (ата-аналары болғанымен) кӛбеюімен байланысты. Қазіргі таңда мұндай балалар саны 500 мыңға жуық.
Отбасында қарым-қатынастың аз болуы, эмоциялық жылылықтың тапшылығы, ата-аналардың баласының қажеттіліктері, қызығушылықтары мен
проблемалары жайлы хабардар болмауы, отбасында ынтымақтастық пен ымыраластықтың жетіспеушілігі баланың дамуында едәуір қиындықтар тудырады. Ата-аналық қызметтерді тәрбиелік мекемелерге,(балабақша, мектеп) сонымен қатар, арнайы шақырылған қызметшілерге (бала күтуші) артып қоюға, бала тәрбиелеу үрдісінен алыстауға беталыс артып келеді.
Отбасы психологиясының теориялық негізі әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық психология, клиникалық психология саласында жүргізілген зерттеу нәтижелері болып табылады. Психологиялықзерттеулердің түрлі салаларынан алынған ғылыми білімдер жүйесі, отбасына психологиялық кӛмек кӛрсету және отбасылық кеңес беру тәжірибесі қазіргі отбасылық психологияның теориялық негізін құрды. Отбасылық психологияның басты міндеті – отбасыныңжәне отбасымен жұмыстың практикалық тәжірибесі туралы білімдерді біртұтас психологиялық пәнге – отбасы психологиясына біріктіру болып табылады.