Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



бет5/59
Дата11.12.2023
өлшемі302,12 Kb.
#196246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
kairova otbasylyk omir (1)

Сҧрақтар мен тапсырмалар:


  1. Отбасы психологиясының пәнін не құрайды?

  2. Отбасы психологиясының пәнаралық сипаты жайында айтуға бола ма? Неге?

  3. Отбасы психологиясының теориялық міндеттері мен отбасы психологы қызметі түрлері қалай байланысады?

  4. Қазіргі отбасында қандай қиындықтар бар?

  5. Қазіргі отбасындағы бала-ата-аналық қатынастардың дамуындағы жағымсыз тенденцияларды атаңыздар.

2ТАРИХИ АСПЕКТІДЕГІ ОТБАСЫ (ПАЙДА БОЛУЫЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ)


Отбасы мен неке мәселесі ежелден зерттеліп келеді. Антикалық дәуірден- ақ Платон және Аристотель сынды ойшылдар ерлі-зайыптылар мен отбасына қатысты ӛз пікірлерін білдіріп, ӛз дәуіріндегі отбасыларды сынға алып, оны құрудың жобаларын ұсынған болатын.
Ғылымда қоғамның даму тарихындағы отбасылық қатысынастар сипаты туралы ауқымды әрі сенімді ақпараттар жетіп артылады. Отбасының ӛзгеруі промискуитеттен (әдепсіз жыныстық байланыстар), топтық зайыптылықтан, матриархат пен патриархаттан моногамияға дейін эволюциядан ӛтті. Отбасы – қоғамның даму сатылары бойынша жоғарылағаны тәрізді тӛменнен жоғарыға дейінгі сатылардан ӛтті.
Этнографиялық зерттеулерге сүйене отырып, адамзат тарихында үш дәуірді бӛлуге болады: жабайылық, мәдениетсіздік және ӛркендеушілік. Олардың әрқайсысының ер мен әйел арасындағы қатынастар түрлеріне, ӛз отбасынаүстемдік ететін ӛзіндік қоғамдық институттары болды.
Қоғамның даму тарихында отбасылық қатынастар динамикасын зерттеуге үлкен үлесін қосқан швейцария тарихшысы И. Я. Ба-хофен, оның жазған кітабы
«Ана құқығы» (1861) және шотланд заңгері Дж.Ф.Мак-Леннан, ол «Алғашқы қауымдық неке» зерттеуінің авторы (1865).
Қоғам тарихында некелік-отбасылық қатынастардың дамуы рулардың ӛмірге тӛзімді ұрпақты қажетсіну және шаруашылық-ӛндірістік қатынастарға сай ӛндіруші іс-әрекетті дамыту себептеріне айналды. Адамзат тарихында некелік-отбасылық қатынастардың дамуының келесі кезеңдерін бӛлуге болады [Зацепин, 1991]:

  • промискуитет(аралас, ортақ) – жыныстар арасындағы әдепсіз, әлеуметтік бақыланбайтын байланыс, ол адамзат қоғамының дамуының ежелгі кезеңдеріне тән;

  • эндогамия – әлеуметтік тыйымдармен шектелмейді, некеге дейін қауым ішіндегі жыныстар арасындағы (некесіз) бірге тұрушылық;

  • экзогамия– қандас туыстар арасында сексуалды байланыстарға тыйым салынатын жыныстар арасындағы әлеуметтік қадағаланатын қатынастар түрі. Экзогамияның бекітілуі адамзаттың ӛмірдің инстинктивті- биологиялық түрінен әлеуметтік-мәдени-тарихи түріне ӛтуінің жалпы заңдылықтарымен, сонымен қатар адам мінез-құлқын басқарудың инстинктивті-биологиялық механизмдерін ығыстырумен және оларды әлеуметтік реттеушілермен ауыстырумен шарттасқан(Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин).

Қоғамдық дамудың ерте кезеңдеріне жыныстық қатынастардың әдепсіздігі, жӛнсіздігі тән. Рулардың пайда болуына байланысты топтық неке туындады, олар осы қатынастарды реттеп отырған болатын. Ерлер мен әйелдер тобы жақын тұрды және «коммуналды некеде» тұрды – әрбір ер адам ӛздерін
барлық әйелдердің жұбайы ретінде санады. Біртіндеп топтық отбасы қалыптасты, онда әйел ерекше орын алды. Әйелдің қоғамдағы жоғары орнына негізделген қатынастар – гетеризм (гинекратия) арқылы барлық халық жеке некеге түсуге және отбасына ұмтылды. Балалар әйелдер тобында қалды, есейген соң ер адамдар тобына қосылды. Бастапқыда эндогамия – ру ішіндегі еркін байланыстарүстемдік етті, кейін әлеуметтік «табудың» пайда болуы нәтижесінде экзогамия (гректен аударғанда «экзо» – сыртқы және «гамос» – неке) – «ӛз» руының ішіндегі некеге тыйым салынып, басқа қауым мүшелерімен некеге түсу қажеттігі талап етілді. Ру екі желілі экзогамды тайпаның немесе фратрийдің (дуальды-рулық ұйым) қосылуы барысында пайда болған жұптан тұрды, әрбір рудағы ерлер мен әйелдер бір-бірімен некеге түсе алмады, олар ӛз жұптарын рудың басқа жұптарындағы ерлер мен әйелдер арасынан тапты. Инцест табуын (қан араластыруға тыйым) Э. Вестермак зерттеген. Ғалым аталған күшті әлеуметтік норманың отбасын нығайтқандығын дәлелдеді. Қандас туыстық отбасы пайда болды: некелік топтар ұрпақтар бойынша бӛлінді, ата-аналар мен балалар арасында жыныстық байланысқа тыйым салынды. Кейін пуналуальды отбасы – әйелдерімен қоса ағайындарды немесе апалы-сіңлілерді күйеулерімен қамтитын топтық неке қалыптасты. Мұндай отбасында аға мен қарындас арасында жыныстық байланысқа жол берілмеді. Туыстық ананың жағынан анықталды, әкелік жағы белгісіз болды. Мұндай отбасыларды Солтүстік Америкада үнді тайпаларынан бақылағанЛ. Морган. Кейін полигамды неке қалыптасты: кӛпәйелділік, кӛп күйеулілік. Жабайылар жаңа туған қыз балаларды ӛлтіріп тастайтын болды, себебі әрбір тайпада ер адамдар аса кӛп болып, әйелдердің бірнеше күйеулері болатын еді. Мұндай жағдайда әке жағынан туыстықты анықтау мүмкін болмай, ана құқығы (балалар құқығы анада қалды) қалыптасты.
Кӛп әйелділік соғыс уақыттарында ер адамдар ӛлімінің кӛптігінен туындады. Ер адамдар аз болып, олардың бірнеше әйелдері болды.
Отбасындағы жетекшілік рӛл әйелдерден (матриархат) ер адамдарға (патриархат) ӛтті. Патриархаттың мәні – мұрагерлік құқықпен, яғни күйеудің емес, әкенің билігімен байланысты болатын. Әйелге бала туу, әке мұрагерін дүниеге әкелу міндеті жүктелді. Әйелден ерлі-зайыптылық қатынасқа дақ түсірмеу, сенімін сақтау талап етілді.
Экзогамия негізінде некенің алғашқы түрі – топтық дуальды-рулық неке пайда болды. Оның негізінде бір рудың ер адамдары басқа рудың барлық әйелдерімен ерлі-зайыптылық қатынастарға түсу құқығын алды. Ру мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін шаруашылық іс-әрекеттің толық құқысы бар субъектісі бұрынғыдай барлық ру болып қала берді. Балалардың тәрбиесіне де барлық ру жауапты болды. Топтық некенің орнына келген жұптық неке ер мен әйел руы арасындағы қатынастар таңдамалылығы мен ұзақтығын кӛздеді. Алғашында жұптық некенің негізі сексуалды қатынастар мен серіктестердің жеке жақындастығы болды. Шаруашылықты жүргізу және бала тәрбиелеу қызметін ерлі-зайыпты жұп емес, рулық субъект жүзеге асырды. Рулық – ана жағынан анықталды, биологиялық әкені анықтау
мүмкін болмады. Осындай жағдайда матриархат қандас-туыстық қатынастарды орнатудың тәсілі ретінде ұрпақ жалғастыру қызметін орындау үшін тиімді болды. Егін шаруашылығының дамуы мен еңбек ӛнімінің ӛсуіне қарай отбасының одан әрі қалыптасуы шаруашылық дербестікті нығайту бағытында жүрді.
Ата-аналардың балаларын асырап, тәрбиелеу мүмкіндіктері, ерлі- зайыптылардың сексуалды қатынастары тұрақтылығының,ортақ шаруашылық мүдделерінің нығаюы моногамды (бір некелі) отбасының туындауына әкелді. Жыныстық диморфизм отбасын асыраушы ер адамдардың рӛлін және әйелдердің бала тәрбиесіне жауапкершілігін күшейтті. Некелік қатынастар тұрақтылығы әкені анықтау сенімділігін қамтамасыз етті. Патриархат әке жағынан туыстық қатынастарды орнату түрі ретінде матриархалды қатынастарды алмастырды, аталған қатынас түрінде отбасында әке (ер адам) үстемдік етіп, ана (әйел) ер адамға бағынды, ерлі-зайыптылардың теңсіз қатынасы орнады.Жеке меншіктік қатынастардың дамуы некелік-отбасылық қатынастарды басқару түрі ретіндегі моногамды патриархалды отбасыныңорнығуына себепші болды.
Вавилон патшасы Хаммурапи кодексінде біздің заманымызға дейінгі бірнеше мыңжылдар бұрын моногамия жарияланған, сонымен қатар ерлер мен әйелдердің теңсіздігі де белгіленген. Қандас мұрагерлерді қолында ұстау үшін моногамды отбасының қожайыны ер адам-әке болған. Бұл жылдары отбасы құрылымы айтарлықтай шектелді, әйелдерден зайыптылық сенім қатаң талап етілді, ал Ер адамдардың зинақорлық, ойнас жасауы қатаң жазаланғанымен,кӛңілдес әйел алуға рұқсат берілді. Мұндай заңдар ежелгі және орта ғасырларда шығарылды.
Кӛптеген ғалым-этнографтар моногамияға қарсы жезӛкшеліктің болғандығын алға тартады. Кейбір қоғамдарда діни жезӛкшелік тарады: тайпа кӛсеміне, дін қызметшісіне немесе биліктің басқа да ӛкіліне қалыңдықпен бірінші неке түнін ӛткізуіне құқық берілді. Дін қызметшісі бірінші түнді пайдалана отырып, ерлі-зайыптылықты дәріптейді деген сенім үстем болды. Егер бірінші түнді пайдалану құқығын патшаның ӛзі алса, ол жас жұбайлар үшін үлкен мәртебе болып саналды.
Отбасы мәселелеріне арналған зерттеулерде оның эволюциясының негізгі кезеңдері бақылауға алынды: шамамен барлық халықта ана жағынан туыстық әке жағынан туыстықтан басым болды; уақытша (қысқа және кездейсоқ) моногамиялық байланыстармен қатар жыныстық қатынастардың бастапқы сатыларында некелік байланыс еркін жүріп, үстемділігін байқатты; кейін біртіндеп жыныстық ӛмір еркіндігі шектелді, осы және басқа әйелге (ер адамға) некелік құқының болуы азая бастады; некелік қатынастар динамикасы қоғамның даму тарихында топтық некеден жеке некеге ӛтуімен нәтижеленді.
Ф. Ариес [1999] және И.С. Кон [1988] еңбектерінде әлеуметтік-мәдени феномен ретіндегі отбасының тарихи дамуына терең әрі жан-жақты талдау жасалды. Аталған еңбектерде отбасының қалыптасуы бірінші кезекте балаларды тәрбиелеу қызметтерімен байланыста қарастырылады.
Дәстүрлі тұрғыда отбасы құрылымы мен түрінің трансформациясы феодалды қоғамнан буржуаздық қоғамға ӛту кезеңінде болды және ол индустриалды тӛңкеріспен, халықтың ауыл жерінен қалаға кӛшіп-қону үрдістерімен, сонымен қатар ӛсіп келе жатқан жас ӛскіндерді әлеуметтендіру арнасы ретіндегі ата-аналық қатынастың пайда болуымен байланысты. Осы үрдістер салдарынан кең «кӛпядролық» патриархалды отбасылық топтардан шағын нуклеарлы отбасыларға кӛшу белең алды. Индустриализация мен урбанизацияның одан әрі қарқынды дамуы барысында жаңа ұрпақты әлеуметтендіру кезеңі арттыжәне отбасы алғашқы әлеуметтендіру институты мәртебесін иеленді. ХІХ-ХХ ғ. шетелде пайда болған «қазіргі» отбасының қоғамды прогрессивті дамытудың жалпы заңдылықтары мен жетістіктерін бейнелейтін бірқатар спецификалық ерекшеліктері бар.
Отбасының үш тарихи түрін бӛлуге болады [Голод, 1995]: патриархалды (дәстүрлі), детоцентрлік (қазіргі), ерлі-зайыптылық (қазіргіден кейінгі).
Ата-аналар мен балалардың ӛзара қатынастары тарих бойына ӛзгеріп келді. Балалармен қатынастың алты стилі бӛлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет