«Адасқан малдар» ойыны.
Төрт түлік малдың сүреттері тақтада ілулі тұрады және суреттердің қасында жануарлардың өз балалары суреттелмеген. Сонымен балалар төрт түлік малдың қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады.
Тақырыбы: «Ақсүйек» ойыны
Мақсаты: Ақсүйекті жинау арқылы жарыса уақыт өлшемдеріне берілген тапсырмаларды орындау. Ұзындық және масса бірліктері туралы білімдерін тиянақтау. Ойлау қабілеттерін дамыту
Мазмұны: Тақтадағы «ақсүйектің» астында тапсырмалар тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса сол табады. Кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол ұтады. Көп жинаған бала бағаланады, мадақталады
Достарыңызбен бөлісу: |