Cәлім
Нұрлан---------------- Айбол,Есбол,Ерсұлтан
Нұрсұлтан ---------- Темірлан
Жасулан -------- Біржан,Нұржан
Еркебұлан ---------- Бейбарыс
Менің отбасым: «Отбасы шағын мемлекет» демекші,өз отбасымды ,әрине,ұйыған,тату тәтті,бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылырдың біріміз. Қара шанырағымыздың ақылшысы.арқа сүйеріміз-жан әкешім, «Әке –асқар тау,Ана-етегіндегі бұлақ, Бала –жағасындағы құрақ»-деп тегін айтылмаған болар.
Мергенбаев Нұрлан Сәлімұлы (әкем) денсаулығы бойынша зейнеткер. Сейсенбаева Шынар Мухамедкалиевна (анам). Үйдің шаруашылығымен айналасады.Өзінмін Сәлимов Ерсұлтан Нұрланұлы 2006 жылдың 01. наурыз жұлдызында өмірге келдім, 3-сынып оқушысымын. Өмірлік ұраным: «Талаптыға нұр жауар». Сабақты озат оқимын. Келешекте ғалым болғым келеді. "Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады”, – деген атадан қалған ұлағатты сөз бар. Тарихын ұлықтамаған, барын бағаламаған жұрттың бағы жанып, жоғы түгенделмейдi. Бүгiнгiдей кең байтақ жерi бар, киелi төрi бар қазақ – шын мәнiнде, жұлдызы жанған бақытты халық.
Менің жұмысымның жаңалығы: Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам. : Осы жоба арқылы мен өзімнің ата-анам, бауырларымды ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа нағашы жұрты және қайың жұрты болатындығын түсіндім. Жеті ата шежіресіне кім жатады деген ұғым алдым.
Қорытынды
Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің әке-шешемнің шежіресімен тереңірек таныстым.. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімімді толықтырдым. Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады.
Достарыңызбен бөлісу: |