Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы



бет3/4
Дата11.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#7029
1   2   3   4

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалім үшін: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Алматы, «Дайк-Пресс» 2008, 911 б. 10.

«Қазақ ұлтынан – қазақ еліне». Алматы 2010, http://www.kazakheli.kz 11. Мұқанов Қ.

«Ұмсын сұлу» Аңыз бен ақиқат. Петропавл, «Полиграфия» АҚ 2007, 11-29 бб. 12. Мұқанов С.

«Ұмсын сұлу», «Өмір мектебі» http://www.adebiet.kz 13. «Северо Казахстанская энциклопедия». Алматы «Арыс» 2004, 248 б. 14.

Оқушы үшін: Сейіт К. «Жеті атаны білуіміз керек».

«Шақшақ Жәнібек»2005ж. Ғаламтор мәліметтері.

Қостанай облысы , Әулиекөл ауданы

«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің

№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ

Зерттеу жұмысының тақырыбы:«Менің өлкемдегі дәрілік өсімдігі-түймедақ

Автордың аты-жөні: Ахметкалиева Алтынай Серікқызы

№2 Аманқарағай орта мектебі 3 сынып оқушысы

Жетекшісінің аты-жөні: Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы

№2 Аманқарағай орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалім



Зерттеу тақырыбы: Менің өлкемдегі дәрілік өсімдігі-түймедақ

Зерттеудің мақсаты: Туған өлкеде өсетін өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.

Зерттеудің міндеттері: Туған өлкеде өсетін өсімдіктерін зерттей отырып, олардың адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.

Зерттеудің өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиасын зерттей отырып, адамзат қауымын өзін қоршаған табиғат аясын қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу. Осы өсімдіктің тағайындалуы әр алуан. Түймедақ – адамның физиологиялық денсаулығын сүйемелдеуіне көмекші ғана емес, махаббат істерінде де кеңесші. Түймедақ – біздің жерімізде көп таралған гүл, осы гүл туралы білу тек қана маған емес, әр қайсысына пайдалы, сонымен қатар менің сыныптастарыма.
Зерттеу барысында қолданған әдіс-тәсілдерім:

  1. байқау

  2. көру

  3. есту

  4. ұстап көру


Аннотация
«Менің өлкемдегі дәрілік өсімдігі-түймедақ» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекшім мен ата анамның көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.
Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаудан басталды. Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз аралап, дәрілік өсімдіктер туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, аудандық аурухана қызметкерлерімен және халық емшілерімен жие жүргізілген сұқпаттар оң нәтиже бере бастады.

Кіріспе
Балалық шақтан маған назды гүл - түймедағы ұнады. Мен оны сұлулықтың және сыпайылықтық арқасында сүйемін. Сондықтан да түймедақтың тегі туралы және де осы гүлмен байланысты емдік қасиеттерді және белгілерді толығырақ білуді шештім.

«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті.
Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас.
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. . Ерте заманнан бастап, ғалымдарды да осы өсімдіктер толғандырып келген екен, сондықтан олар да дәрілік өсімдіктер жайлы зерттеген. Осы ғалымдар мен дәрігерлердің жазып кеткендерінің көбісін мен әлі түсіне қоймаймын, соған қарамастан түсінгендерімді сіздерге ұсынып отырмын.


І. Негізгі бөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге бай. Дәрілік флораға дәрілік өсімдіктер, соларға жақын түрлері, халықтық медициналық өсімдіктер мен биологиялық белсенді заттардың көздері кіреді.

Қазіргі таңда республикамызда 100-ден астам дәрілік өсімдіктер өседі. Олардың көбі Қостанай облысында кездеседі. Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.

Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу ісі XVIII-XIX бұрынғы ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н.И.Анненков «Ботаникалық сөздік» атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А.Т.Болотов «Экономикалық дүкен» атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В.К.Варлихтың «Орыстың дәрілік өсімдіктері» атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С.П.Боткин, Ф.И.Иноземцев сияқты көрнекті ғалымдар сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді. Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді. Шипалық қасиеті бар жаңа өсімдіктерді тауып, зерттеуде Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылыми-техникалық қоғамының дәрілік өсімдіктер секциясы да көп іс тындырып отыр.

Жиі кездесетін улы өсімдіктер.

Біздің жеріміздегі өсімдік-тердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:
1. Итсигек; 11. Шашақ жемісті гелиотроп.

2. Көкнәр. 12. Батпақ қалтагүл шөбі

3. Сүттіген. 13. Түйе шырмауық, түйе-табан

4. У қорғасын. 14. Жатаған темір тікен

5. Шытыр. 15. Мүйізді шөңгебас

6.Көкек. 16. Дала қылшасы

7. Қызғалдақ. 17. Дала қырық буыны

8. Есекмия. 18.Тегеурінгүл

9. Қара пышақ, күшәла. 19.У балдыр-ған

10. Үшкір азинеума 20. Сасық меңдуана, т.б.



Біздің Аманқарағай ауылында және маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, аскөкті, киікотын жатқызуға болады. [8, 24б.]
Дәрілік түймедақ – бір жылдық шөптесін өсімдік. Медицинада гүл шоғыры пайдаланады. Гүл шоғырынан дайндалған препаратттары, қабынуға, қан тоқтауға, жараларды микробтан сақтауға, тұтастырғыш, ауруды басатын және тыныштаңдырғыш, тырыспаға қарсы, тер, өт айдайтын дәрі.

«Түймедақты» халықта әртүрлі ақ гүлжапырақшалары бар өсімдіктерді сөзбен жиі атайды. Түймедақтар әлемнің барлық жерлерінде бар, көбісі орта және оңтүстік Евразияда кең тараған. Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.

Дәріханалық түймедақты әртүрлі жерлерде болады: шабындықтарда, ормандарда, бұталарда, кейбір кезде даланың бақшаларында, малға беретін шөптің арасында жиі кездестіруге болады.

Рим жазушысы және ғалым Плиний өзінің көп томды «Жаратылыстану тарихы» еңбегінде, осы өсімдік туралы алғаш рет суреттеп айтты, гректің (chamai) — төмен және (mellon) — алма сөзінен шығып, аласа бойлы шөпті және гүлге тән иіс, алманы еске түсіреді.



Бұл гүлді халықта әр түрлі атайды, бірақ махаббатпен. Солардың атауларын түсіндірейін:
Марьяша орманы, орманды алаңшаларда жиі кездеседі,

қалыңдық – нәзік, ақ көйлек қалыңдыққа ұқсас,

ворожка - түймедақта көз байлайды,

девичник - қыздар түймедақ шеңберін өруді ұнатады,

Иван түсі – Иван Купала мейрамынан кейін, жаздың ортасында бірінші гүлденеді.




Түймедақ – халық емшісі

Түймедақ – емдік өсімдіктердің арасында ең әйгілі. Дәріханалық түймедақ және гүлдердің арасында қышқылды эфирлі май, азулен, антемис қышқылы, гликозидтар бар.

Жаңа кептірілген дәріханалық түймедақты медицинада қолданады:( нәрілер , экстрактілер) - қызарудан қарсы , әлсіз антисептикалық құралы. Түймедақты қайнатып, шай түрінде қабылдайды (ағылшынның дәстүрлі үй құралы). Түймедақ тұнбасымен шаштарды шаяды, оларға алтындай реңктің беру үшін . Дәріханалық түймедағында бар эфирлі майы ароматерапияда қолданылады , жиірек - тыныштанған құралы ретінде.

Көзің шаршаса

Бүгінгі таңда компью-терсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Бірақ оның зиянды жақтары да жетіп артылады. Ең біріншіден, компьютер адамның кө-зін қызартып, шаршатып жібереді. Сондықтан кешкісін жұмыстан кел- ген соң өзіңізге 10-15 минут уақыт бөліп, көзге дәріханалық түймедақ гүлінен компресс жасаңыз.

Бұл компрестер көздің шаршауын басумен қатар, көз айналасына түсетін әжімдердің алдын алады.

.


III. Біз түймедақта бал ашамыз

Күннің ортасында - ақ түймедақ.

Ыстық оғында – гүл жапырақ .

Гүл жапырақты ақырындап жұламын:

Сүйеді, сүймейді? Гүлде бал ашамын.
Гүл жапырағы асықпай айналды
Маған ақ гүлдер бақыт болжады.

Түймедақта бал ашу құпиясы.

Толық таратылған түймедақты алыңыз, ойыңызда сұрақты қойып және бір – бірден түймедақтың гүлжапырақшаларын жұлып, «иә»,«жоқ»,«иә»,«жоқ»- айтыңыз, гүлжапырақшалары біткенге дейін. Соңғы гүлжапырақшаны жұлған кезде айтылған «иә» немесе «жоқ» сөздері, сіздің сұрағыңызға жауап болады. Бұл бал ашу әдісі әсіресе ғашықтарға ұнайды.

«Жарат, ойлап шығар»

Бұл бойкүйезсіз гүл қиялдарға ерік береді. Ол жайлы өлеңдерді салады , әндерді айтады, аңыздар жазады, ертегілерді шығарып жазады. Міне мен де кішкене қиялдадым. Шешемен бірге біз «Түймедақ» печеньесін пісірдік, салат істедік.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет