Литосфералық тақталар:
Литосфералық тақталар жылына 2-6 см ге қозғалады
Ең ірі 13 тақта бар. Осы ірі тақталар ірі тектоникалық жарықтар (рифтілер) арқылы бір бірінен бөлініп жатады Ең ірілері: Үнді – Австралиялық, Американдық, Тынық мұхиттық, Атлантикалық тақта.
Жер қыртысын түзетін тау жыныстары
Жердің литосфералық қабатын – Тау жыныстары құрайды.
Шөгінді тау жыныстары - өсімдік, жануарлардың қалдықтары және әртүрлі жыныстар мен фрагменттерінен құралған
Метаморфтық жыныстар - жоғары температураның және қысымның әсерінен пайда болған жыныстар. Бұл жағдайда кейбір жыныстар қатты күйге, кейбірі жұмсақ қабатқа айналады.
Магмалық жыныстар жер астындағы магма суып , қатты күйге айналғанда түзіледі
МАГМАЛЫҚ
ИНТРУЗИВТІ
ЭФФУЗИВТІ
Магмалық жыныстардың мантиядан жарықтар арқылы сыртқа шығып төгілуін пайда болған лава түріндегі су мен газдан ажырағын бөлігін эффузивті, ал магманың белгілі бір тереңдікте сыртқа шықпай қатқан бөлігін интрузивті дейді.
Жер қыртысы негізгі 3 қабаттан тұрады
1) Базальтті, 2) Гранитті, 3) Шөгінді жыныстар қабаты.
Мұхит астындағы жыныстық қабаттарда гранитті қабат болмағандықтан мұхит астындағы жер қыртысының қалыңдығы жағалауға қарағанда аз болады
Ыстық бұлақтар. Ыстық су мен буды ауық – ауық атқылап тұратын бұлақтарды гейзерлер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |