ЛИТОСФЕРА Литосфера - мантияның жоғарғы қабаты мен жер қыртысынан тұрады. Литосфера қалыңдығы – шамамен 70 км . Мантия – жер қыртысы мен ядро аралығындағы қабат. Мантияны жер қыртысынан жұқа Мохорович қабаты бөліп жатады
Оның жоғарғы шекарасы – 2900 км – ден басталады
Жер қыртысы – жердің ең беткі жұқа қатты қабығы.Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5- 10 км, материктер астында 35 – 40 км, ал биік тауларда - 70 км – ге дейін жетеді.
Геологиялық жыл санау бойынша жер ғаламшарының жасы шамамен – 5 млрд жылға жуық . Ол 5 кезеңге (эра) бөлінеді.
Жер қыртысының қалыптасуына кеткен уақыт шамамен – 3,5 млрд жылдан астам.
Жердің ежелден қалыптасқан, қозғалмайтын, тегістелген салыстырмалы түрде тұрақты бөлігін – платформа – деп атайды. Платформа үстінде жер бедерінің жазықтары қалыптасады.
Ежелгі және жас платформалардың әртүрлі жастағы және қалыңдықтағы шөгінді тау жыныстары басып жатқан бөлігін - тақта – д.а.
Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері – геосинклинальдар д.а. Бұл аймақтарда жер сілкіну вулкан процестері жиі болады.
Қазіргі ең ірі геосинклинальдық белдеулерге; Альпі – Гималай, Тынық мұхиттық белдеулер жатады.
Жердің ойлы – қырлы беті – жер бедері деп.а
Жер бедерінің өзгеруі; ішкі (жер сілкіну ,вулкан, цунами,)және сыртқы (жел, өзен ағысы, күн сәулесі, тұрақты желдер,т.б. ) күштерге жатады.
- Жазықтардан оқшау беттері қия, биік бөліктерді таулар деп аталады
- Жалғаса тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады
- Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді тау торабы д. а.