Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік.
Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік.
500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады
Орнитафауна-белгілі бір уақыт ішінде,белгілі бір жерді мекендейтін құстардың жалпы тобы
Қара кезқұйрық (лат.Milvus migrans) – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда кең тараған (тек ормансызжазықтар мен өте биік таулы аймақтарда кездеспейді). Шәулісінің қанатының ұзындығы 41 – 51 см, құйрығының ұзындығы 25 – 28 см, ұябасары сәл ірілеу. Салмағы 1000 г-ға жетеді. Басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы байқалады. Арқасы қара қоңыр, қоңыр сұр түсті, басы ақшылдау, ал бауыры – ұзына бойына орналасқан қара дақты, сарғыш қоңыр. Ұшып жүргенде қанат астындағы ақ дақ жақсы көрінеді. Жас құстардың реңі басқаша: қауырсындары бурыл, денесі қызғылт қоңыр теңбілді және құйрық қанаттарының ұшы ақ. Кезқұйрық – жыл құсы. НаурыздаҚазақстан аумағына ұшып келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына (негізінен еменнің), жартасқа ұялайды. Ондағы 2 – 3 жұмыртқаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары 45 күннен кейін ұядан ұшады. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа – Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Әлсіз жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі – жануарлар өлексесі, ұсақ кемірушілер, тауықтәрізділер мен су құстарының балапандары, кесірткелер, жыландар, бақалар, су бетінде қалқып жүрген өлібалықтар, моллюскілер. Өлексені, т.б. қалдықтарды, зиянды кемірушілерді жеп пайда келтіред