IV.2. «МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФОРМУЛА»
“
ФОРМУЛА” – есте сақтайтын сөздер алдымен бас әріптері бойынша
орналастырылады, содан кейін бір әріптен басталатын сөздер санын анықтай отырып, есте
сақтау формуласы шығарылады.
Үлгі
Есте сақтайтын сөздер:
Іле , доп, тир, шар, терезе, тал, мысық, ит, ине, ағаш, шөмеле, шалғы, бұршақ,
дария, кесе, ботқа, ай, іркіт, айран.
а) Сөздер бас әріптері бойынша алфавиттік тәртіппен орналастырылады:
А-ға – ағаш, ай, айран
Б-ға – ботқа, бұршақ
Д-ға – дария, доп,
И-ге – ине, ит
54
К-ге –кілем, кесе
М-ға - мысық
Т-ға - тал, тир
Ш-ға – шалғы, шар, шөмеле,
І-ге – Іле, іркіт.
б)
Есте сақтау “формуласы” шығарылады:
3А2Б2Д2И2К1М2Т3Ш2І
IV.3. «ОДАҚТАС ЖҰПТАР»
ОДАҚТАС ЖҰПТАР - есте сақтайтын сөздер қандай да бір одақтас белгілері
бойынша жұптасады.
Үлгі
Есте сақтайтын сөздер:
Іле , доп, тир, шар, терезе, тал, мысық, ит, ине, ағаш, шөмеле, шалғы, бұршақ,
дария, кесе, ботқа, ай, іркіт, айран.
Одақтас жұптарды құру
Айран-іркіт
Ағаш-тал
Мысық-ит
Ботқа-бұршақ
Ине-доп
Ай-терезе
Тир-шар
Шөмеле-шалғы
Кілем-терезе
Кесе-айран
Іле-дария
тир-шар
Ескерту:
4 мәрте оқығаннан, 3 рет еске түсірген артық!
IV.4. «ЖАЗБА КІТАПША»
ЖАЗБА КІТАПША – есте сақтайтын сөздер қандай да бір белгілері бойынша
жұптасып, әрбір бетінде бір сөзден тұратын жазба кітапшаның парақтарын құрайды.
Үлгі
Есте сақтайтын сөздер:
Іле, доп, тир, шар, терезе, тал, мысық, ит, ине, ағаш, шөмеле, шалғы, бұршақ,
дария, кесе, ботқа, ай, іркіт, айран.
а) Сөздерді одақтас жұптарға біріктіру:
Ағаш-тал
Шөмеле-шалғы
.................
55
б) Сөздер жекелеген қағаз беттеріне(жазба кітапша парақтарына) жазылады, содан
кейін екі бүктеліп, қалтаға саныады.
Достарыңызбен бөлісу: |