10
І.5. МӘТІНДІ ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК
а. Мәтіннің (сұрақтың) құрылымымен таныс.
Зерттелетін сұрақтарды белгіле.
Сұрақтар нөмірленбеген болса, белгіленген негізгі сөздерге назар аудар.
б. Бірінші рет оқу (жалпы түсінік үшін)
Жылдам шолу жасау барысында зерттелетін тақырыпты білуге мүмкіндік беретін
сөздер мен сөйлемдерді бір түспен сыз.
в. Екінші оқу (тақырыпты талдау)
Мәтінді мұқият оқы, тақырыптың мақсаттарына сәйкес негізгі сөздердің астын
сыз. орындау қажет нәрселерді басқа түспен белгіле: суреттеу, түсіндіру, сызбалау,
талдау және т.б.
г. Ақпараттың жеткіліктілігі
Әр жағдайда өз біліміңнің* жеткілікті болар-болмасын немесе қосымша ақпарат
көздерін пайдалану қажеттілігін анықта. Нақтылаушы сипаттағы ақпаратты
ескеріп отыруды ұмытпа: «белгілі болғандай», «құжатқа сәйкес», т.б. жолдармен
берілген сұрақтарға көңіл бөл. Жалпылаушы сұрақ білімге де, ақпарат көзіне де
жатады, сондықтан көрсетілген дереккөздерді қараудан бас тартпа.
Достарыңызбен бөлісу: