74
Тезисті сынау (теріске шығару).
Оның мақсаты - қарсылас бекіткен тезистің дұрыс еместігін (жалғандығын немесе
қателігін) көрсету. Мұндай тезисті жоққа шығару тікелей немесе жанама болуы мүмкін.
Тікелей теріске шығару «абсурдқа балау» деген атауды иеленген пікірлер түрінде болады.
Бұл жағдайда дәлелдеме мындай түрде дамиды: алдымен қарсылас ұсынған ереженің
шынайылығына шартты түрде жол береді және одан шығатын қисынды салдарды келтіреді.
Бұл жағдайда былай деп пайымдайды: оппонеттікі дұрыс, және оның тезисі шынайы болады
деп болжайық, бірақ бұл жағдайда одан мынадай-мынадай салдарлар шығады. Салдарлар
мен фактілерді қатар қойғанда олардың объективті мәліметтерге қарама-қайшы келетіні
анықталса, онда олардың дұрыс еместігін мойындайды. Бұл орайда жалған салдарлар
олардың негізінің жалғандығын айқындайды деген қағида бойынша пайымдап, тезистің
дұрыс-бұрыстығы туралы қорытынды жасалады..
Мысал ретінде, «Жер жазық болып табылады» ережесін теріске шығарамыз. Бұл
пайымдауды уақытша шындық деп алайық. Одан Поляр жұлдызы барлық жерде бірдей
көкжиектен көрінуі қажет деген шығады. Бірақ, бұл қойылған фактіге: түрлі географиялық
ендікте горизонттағы Поляр жұлдызының биіктігі түрлі деген фактісіне қарсы келеді.
Ендеше, «Жер жазық болып табылады» пайымдауы дұрыс емес, яғни Жер жазық емес.
Достарыңызбен бөлісу: