Қостанай облыстық әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет66/84
Дата02.02.2023
өлшемі1,91 Mb.
#167142
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
Байланысты:
Tehniki-ucheniya-Rudik-kaz каз

«дәлелдерді сынау» 
тәсілімен жоққа шығару. Дәлелдеу 
операциясы – тезисті бұрын белгіленген ережелер көмегімен негіздеу болғандықтан, 
шынайылығы күмән тудырмайтын дәледерді пайдалану қажет.
Дәлелдердің жалғандығы немесе күмәндылығы көрсетілсе, онда оппоненттің 
ұстанымы әлсізденеді, өйткені мұндай сынау оның тезисінің негізсіздігін көрсетеді. Мысалы, 
әлдекім: «Иванов деген біреудің кәсіпкер ретінде жекеменшігі бар» дегенді дәлелдегісі 
келсін, осы жағдайды «Барлық кәсіпкерлердің жекеменшіктері бар. Иванов - кәсіпкер. 
Ендеше, Ивановтың да жекеменшігі бар»- деп пайымдасын. Бұл дәлелдеме «Барлық 
кәсіпкерлердің жекеменшіктері бар» деген пайымдаудың күмәндігін көрсетумен теріске 
шығарылады, өйткені барлық кәсіпкерлердің жекеменшігі болуы міндетті емес. Мұнда
«Ивановтың жекеменшігі бар» тезисі жоққа шығарылмайды. Бұл тезис осы жағдайда 
дәлелденбесе де, шынайы болуы мүмкін. Бірақ бұл тезисті дәлелдеушінің ұстанымы әлсіз 
болып табылады. 
Дәлелдерді сынау, фактілерді анық емес беру, статистикалық мәліметтерді жалпылау 
үрдісінің екіұштылығында көрінуі мүмкін, пайымдауына оппонент жүгінетін сарапшының 
авторитеттігіне күмән білдіреді және т.с.с. Осындай дәлелдерден шығатын тезис те күмән 
туғызады және қайтадан тағы да дәлелдеуді талап етеді.


76 
Дәлелдерді келтіруде жіберілетін қателіктер
Дәлелдеу тәсілдерінде, яғни оларды ұсынуда қателіктер жиі кетеді. Бұл дәлел мен 
тезистің арасындағы қисындық байланыстың жоқтығынан, яғни нені дәлелдеу және немен 
дәлелдеудің арасындағы байланыстың жоқтығынан болатын қателіктер. 
 
Адам көп фактілер келтіреді, құжаттарды дәйектейді, беделді пікірлерге жүгінеді. 
Оның сөзі жеткілікті дәлелденген деген пікір туындайды. Бірақ, дұрыстап қарастырғанда, 
байланыстың жоқтығы анықталады. Бастапқы қалып – дәлелдер соңғы қорытынды – 
тезиспен қисындық түрде байланыспайды. Дәлелдер мен тезистің арасындағы байланыстың 
жоқтығы «алдамшы қараудың» қатесі деп аталады. 
 
Сәйкессіздіктің бұндай түрі — тар саладан кең салаға жөнсіз қисынмен ауысуда 
туындайды. Дәлелдерде, мысалы, тауардың нақты бір сортының сапасын сипаттайды да, ал 
тезисте – сол тауардың сапаларын сортынан тыс негізделмеген түрде сипаттайды.
Сәйкессіздіктің тағы бір түрі — белгілі бір жағдайға қатысты айтылған нәрсені
нақты жағдайды ескермей айту. Мысалы, нақты бір жағдайда ғана немесе белгілі бір уақыт 
пен орында ғана қолдану жөн болатын дәлелдерді кез-келген жағдайда дұрыс деп 
есептегенде сәйкессіздік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет