Қостанай облыстық әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет65/84
Дата02.02.2023
өлшемі1,91 Mb.
#167142
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84
Байланысты:
Tehniki-ucheniya-Rudik-kaz каз

 
VIII. 4. ДӘЛЕЛДЕУ 
 
Дәлелдеу 
— пікірдірдің шындығын басқа пайымдаулардың (яғни өзге аргументтер 
мен дәлелдердің) көмегімен негіздеудің логикалық нағыз үрдіс.
Дәлелдеме 
дәлелдеу ережелері
сақталғанда ғана мақсатына жетеді. Дәлел мен тезистің 
арасындағы логикалық байланыс тәсілі - дәлелдеу формасы деп аталады.
Дәлелдер – бұл тезисті дәлелдеу барысында қолданылатын шынайы пайымдар.
 
Дәлелдердің бірнеше түрлері бар: 

Куландырылған жекелеген фактілер. Дәлелдің бұл түріне фактілік материалдар,

яғни, мемлекеттің аумағы, халқының саны, қарулы күштер саны туралы 
статистикалық мәліметтер, куәлар жауабы, құжатқа қойылған тұлғаның қолы, 
ғылыми мәліметтер, ғылыми фактілер. Ұсынылған ереже-заңдарды негіздеуде 
фактілердің, оның ішінде ғылыми фактілердің рөлі жоғары болады.

Анықтамалар айғақтаманың дәлелдері ретінде. 

Әрбір ғылымда ұғымдарға анықтамалар беріледі. Химия, математика, физика және 
т.с.с ғылымдардың өз анықтамалары болады.

Аксиомалар мен постулаттар. 

Математикада, механикада, теориялық физикада, математикалық логикада 
жәнебасқа ғылымдарда анықтамаладан бөлек аксиомалар беріледі. Аксиома – 
дәлел ретінде айғақтамасыз, даусыз қабылданатын пайымдар, өйткені ол 
адамдардың сан ғасырлық тәжірибесінде бекітіліген.

Ғылымның бұрын дәлелденген заңдары мен теоремалары айғақтаманың дәлелдері 
ретінде қабылданады. 
Айғақтаманың дәлелдері ретінде химия, физика, биология және басқа ғылымдардың 
анықтамалары, математиканың теоремалары қабылданады. 
Қандай да бір тезисті дәлелдеу барысында жоғарыда аталған дәлелдердің бірін ғана 
емес, бірнеше түрін қолдануға болады. 
Бұл арада шындықтың өлшемі практика екендігін айрықша атап өткен жөн. Егер 
пайымның шындығын практика дәлелдеген болса, әрі дәлелдеме келтірудің қажеті жоқ. 
Практика – кез-келген теорияға шынайы өлшем.
Дәлелдерге қойылатын талаптар 


75 
Дәлелдер сенімді болу үшін мынадай талаптар қойылады: 1 — дұрыстығы 
дәлелденген немесе оған ешкім шүбә келтірмейтін ережелер ғана дәлел бола алады, яғни 
дәлелдер шындық болуы қажет; 
2
— дәлелдер тезиске тәуелсіз дәлелденуі тиіс, яғни 
автономдық негіздеу ережесі сақталуы қажет; 
3
— дәлелдер өзара қарама-қарсы болмауы 
қажет; 
4
— дәлелдер жеткілікті болуы қажет.
Дәлелдердің шындығын талап ету 
олардың барлық дәлелдемесін құратын іргетастың 
рөлін орындаумен айқындалады. Дәлелдер ешкім де күмән келтірмейтіндей етіп құрылуы 
және бұрын даусыз дәлелденген болуы қажет.
 
Тәжірибелі сыншы сіздің бір дәлелдеріңіздің 
кем дегенде біреуіне сенімсіздік білдірген жағдайда, сіздің барлық дәлелдеріңізге қатер 
төнеді.
Бұл талапты бұзу екі қателікке ұрындырады. Олардың бірі «жалған дәлел» деп 
аталады, яғни дәлелдер ретінде жоқ фактіні пайдалану, болмаған оқиғаға сілтеме жасау, т.с.с. 
Екінші қате – дәлелдің шынайылығы күмәнсіздікпен бекітілгеніне емес, тек болжанғанына, 
яғни «негіздемеге алдын ала тоқмейілсу». Бұл жағдайда пікір алшақтығына немесе құр 
болжамға жүгіндіретін, яғни дәлелдер ретінде мойындалмаған немесе жөнсіз алынған 
ережелер пайдаланылады. 
Дәлелдердің автономдық болуы талабы
дәлелдердің тезиске тәуелсіз дәлелденуі 
керектігін білдіреді. Өйтпесе дәлелдің өзін дәлелдеу қажет болады. Сондықтан тезисті 
дәлелдемес бұрын, дәлелдерді тексеріп алған жөн.
Дәлелдер өзара қарама-қарсы болмау талабы
дәлелдемелердің бір-біріне қарама-
қайшы келмеуін білдіреді.
Дәлелдердің жеткілікті болуы талабы
дәлелдер жиынтығында дәлелденетін тезис 
қажеттілікпен шығатындай болуы қажет. Бұл талапты бұзу – көбінесе, дәлелдеу барысында 
тезиспен қисындық байланысы жоқ және сол себепті олардың ақиқаттығын айғақтай 
алмайтын дәлелдерді пайдалану салдарынан болады. Ондай олқылықтарды «шықпайды», 
«туындамайды» деген фразалар білдіреді 
Дәлелдерді сынау 
Бұрынғы дәлелденгендерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет