Зертханалық зерттеуге жалпы қан анализі, несеп анализі, нәжіс анализі, асқазан сөлін, қышқылдығын зерттеу, тәуліктік несеп мөлшерін, электролиттерді, бауыр функциясын, қан құю қызметін тексеру керек. Жара он екі елі ішекте орналасса — қышқылдылық жоғары, ал асқазанда - қалыпты немесе кішкене төмендеген немесе жоғарылаған болады. Асқазан сөліне сипаттама беру үшін базалды секрецияны анықтайды (асқорыту кезінде бездердің жағдайын анықтайды), инсулинді сынама жасайды (вагусты секреторлы аппараттың сезімталдығын көрсетеді) жөне гистаминді сынама (функциялаушы жасушалардың мелшерін көрсетеді) жасалынады.
Он екі елі ішек жара ауруы
Дуоденалды жара жиі бұлтық (бадана), сирек постбульбарлы ішектің бөлігінде орналасады. Жиі ер адамдарда, астениялық конституциялы жас және орта жаста кездеседі. Дуоденалды жара қатерлі емес. Жара көлемі 1-1,5 см көлеміңде болады. Он екі елі ішек жарасы кезінде екі жара бірге кездесуі мүмкін, біреуі он екі елі ішектің алдынғы, ал біреуі артқы қабырғасында орналасқан. Гигантты жара дұрыс емес овалды түрлі, түбі терең емес, жара дефекті айналасында кілегей қабаты ісінген, гиперемияланған, фибрин шөккен, майда эрозиялар болады. Өзгерістер Н.РуІогі мен шақырылған қабынуымен байланысты.
Клиникасы
Асқынбаған он екі елі ішектің негізгі симптомдары
ауырсыну,
кекіру,
жүрек айну,
құсу,
қыжылдау,
арықтау,
ішектің дисфункциясы төн белгілер - аш қарынға, кеш және түнгі эпигастральді ауырсыну. Ауырсыну интенсивтігінің шыңы күннің екінші жартысында, ал түнде бір уақытта болады. Ауырсыну қүрсақ қуысының жоғарғы қабатының сызықтан оңға қабырға астында орналасады. Сипаты бойынша висцералды типке (пептикалық, спастикалық) жатады. Пептикалық ауырсыну тағам қабылдауға байланысты. Ол холинолитиктерді, спазмолитиктерді қабылдаған соң ауру сезімі азаяды немесе басылады. Висцералды ауырсынудың пайда болуы жара түбі бүлшық ет, субсерозды және серозды қабаттарға жеткенде пайда болады. Ол қабаттар сезімтал сиптоматикалық нерв талшықтарымен иннервацияланған. Палъпацияда локалды ауырсыну пилородуоденалды аймақта орналасады, жергілікті бүлшық еттің кернеуі мен Мендель симптомы оң мәнді болады.