Спастикалық ішек өтімсіздігі кез-келген жаста дамуы мүмкін. Ауру кенеттен басталады. Негізгі симптомы толғақ тәрізді қатты ауырсыну. Аурудың нақты локализация орны жоқ, іштің барлық аймағына жайылады. Толғақ кезінде науқас тқсекте аунап айқайлайды, диспепсиялық бұзылыстар тән емес. Жалпы ренгендік шолу кезінде ішектің спастико-атоникалық жағдайы байқалады.кей кезде жіңішке ішек бойымен сол жақтан жоғарыдан төмен оңға бағытталған тізбекте орналасқан Клойбер тостағаншалары көрінеді.
Емі: консервативті. Науқастарға спазмалитиктер физиотерпевтикалық процедуралар, ішіне жылу қою, негізгі аурумен күресу.
Ойық жара ауруының этиология және патогенезі
Ойық жара ауруының негізгі этиологиясы НеІісоЬасіег руіогі. Жара ауруы полиэтиологиялық жөне полипатогенді ауруға жатады. Ульцорогеңдік негізгі себебі қолайсыз эндогенді және экзогенді факторлар. Сонымен қатар алиментарлы факторлардың маңызы зор (тамақтану тәртібінің бұзылуы: ірі тағамдарды ұзақ пайдалану жөне тағы басқа), нервті - психикалық фактор, асқазан сөлінің секрециясының жоғары болуы және қорғаныс факторы активтілігінің төмендеуі (мукопротеидтер, бикарбонаттар), алкогольді жиі қолдану, тұқым қуалаушылық факторы және тагы басқа.
Клиникасы
Асқазан жарасы ұзақ уақытты, өршу кезеңі мен ремиссиясы кезектесіп жүретін ауру. Өршуі ем-дәмі бұзылып дүрыс тағам ішпеген соң және эмоциялық - нервтік күйзелістерден кейін дамиды. «Мерзімділік» тән - ауру жиі көктемгі жөне күзгі мезгілде дамиды.
Ауырсыну. Жара ауруының негізгі симптомы ауырсыну, ол тағам қабылдаумен байланысты. Ауырсыну тағам қабылдаған соң бірден сол жақ эпигастрий аймағында дамиды, кардиалды жарада ауырсыну - 40-60 минуттан соң эпигастрий мен іштің ақ сызығында орналасады, пилорикалық бөлімінің жарасында - 2 сағаттан кейін, «он екі елі ішек жарасында «аштық» ауырсыну болады. Ауру себебінің сипаты мен ерекшелігі әртүрлі: ашып, бүріп, ұстамалы, кесіп ауырсынады. Ауырсыну ұстамасы кезінде науқастар өздеріне ыңғайлы қалып іздеп, бүрісіп қалады. Ауырсыну симптомы әсіресе процесс сірілі қабатқа өтсе және пенетрацияланса айқын болады.