Оқушылардың физиологиялық дамуын қарастырған ғалымдар.
ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады. К.Д.Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И.П.Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек,» - дейді. 1923 жылы И.П.Павловтың «Жануарлардың жоғары жүйке әрекеттерін объективті зерттеудің жиырма жылдық тәжірибесі» атты кітабы жарыққа шықты. Осы тұста А.А.Ухтомскийдің «Доминанта жүйке орталығының жұмысшы принципі» тақырыбында мақаласы шықты. Онда нейрофизиология мен жоғары жүйке әрекетінің физиологиясының дамуының маңызы туралы айтылған.
Алғаш рет 1939 жылы А.Н.Северцев тұжырымдаған, кейіннен П.К. Анохин дамытқан системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды.
А.А.Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкінділігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке бөлімдерінің тұрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді.
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу заңдылықтарына орыс ғалымдары И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, И.А.Аршавский, А.Г.Хрипкова, т.б. ат салысқан. Олардың еңбектерінің арқасында баланың жасына лайық шартты рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, сөйлеу қабілетінің қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу заңдылықтары анықталды.
Жасқа байланысты адам денесінің құрылысы мен қызметін зерттеудің пәрменді дамыған мерзімі 1960-1980 жылдар. Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс алу, газ алмасу, асқорыту, зәр шығару ерекшеліктері, жүрек-қантамырлары жүйесінің өсіп дамуы толығымен зерттелді.
Бала өмірінде белсенді қозғалыстар аз болса гиподинамия белгілері пайда болатындығы туралы К.А. Жаңабердиева т.б. авторлардың «Валеология, дене тәрбиесі және спорт» атты еңбектерінде. Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады, бұл жағдай бала аз қимылдағанда пайда болады. Ал қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткен жағдайда (ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылдану) - гипердинамия пайда болады деп көрсетеді. Гипердинамия ағзаның қызметінің қалыпты жағдайын бұзады, себебі адамның жүйкежүйесі, жүрек-қан, тыныс жүйелерінің қызметі мөлшерсіз еңбек барысында қалпына келіп үлгермейді де олардың зорығуы байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігі мөлшерін реттеп дұрыс ұйымдастырған жөн.
Д.В.Хухлеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді, сондықтан дене тәрбиесі күнделікті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез қимыл іс- әрекеттің символы болып табылады.
А.И.Левшин «қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде былай бейнелеген: «қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді, көп жасайды. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен».
З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді. Аталған авторлар: «баланың ой-өрісінің жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене тәрбиесі сабақтарында аз-аздан енгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан.
Қорытынды
Қазіргі әлемде адам үшін, жалпы қоғам үшін денсаулықтан асқан құндылық жоқ. Нәтижесінде дене шынықтыру мен спорттың маңызы артып, оны күнделікті өмірге енгізу жүзеге асады. Дене шынықтыру сабақтары адамды өмірге дайындайды, оның дамуына, жеке, дене және адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан баланың мектепке дейінгі жастан бастап дамуына назар аудару өте маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Адам физиологиясы» Сәтбаева , Нілдәбаева Алматы қ.2005ж
«Физиология детей» Жанна Ахолта 1978ж 38б
«Физиология детей и подростков» Рональд Гофф
«Балалар физиологиясы» Лауренс Гацкин, Гарольд Фейген 1993ж
«Развитие человека с рождения до старости» Дэвид О. 2002ж 184б
«Педиатрия» Гарри Штац
Достарыңызбен бөлісу: |