Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Факультеті: Философия және саясаттану Кафедрасы: Педагогика және білім беру менеджменті
СӨЖ
Тақырыбы: Бала мен ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктері Орындаған:Руова С. Тексерген: Рамазанова С.А.
Алматы 2022 Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,құндылықтар мен мінез-құлықтарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы уүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады.Жеткіншек кезеңде ер балаларда да, қыз балаларда да, бір проблемамен кездеседі: ол ата-анамен, құрдастарымен, мұғалімдермен әзара қатынасы,сонымен қатар, алғашқы махаббат, мамандық таңдау т.б.
Жеткіншектерде кездесетін негізгі проблема- бұл «ата-аналармен»өзара қатынасы болып келеді. Жеткіншек жаста бала «балалық шақта» арылады, яғни олар өзара сенімді, сыйлауды және өзіне ата-анамен тепе-тең қарым-қатынасқа түсуді қажет етеді.
Ата-аналар мен жеткіншек арасындағы қарым-қатынаста мынадай прициптер шығады:
-Баланы қабылдау, яғни бала кандай болсада, дәл солай қабылданады.
-Эмпатия- ата-ана проблемаларға баласының көзімен қарайды, яғни баланың позициясын қабылдайды.
-Конгруэнтность. Болып жатқан жағдайға бала адекватты қатынаста сияқты ата-аналар үшін.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады.Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады.
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас -адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара
мәміле қалыптасып дамиды.
Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқасы ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үстемділігі мен нәтижеліліті бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақта әсер етеді, көп жылдар бойына жалғасады, байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалды қарым-қатынасына негізделеді Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тәрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын,өзін мазасызданыдырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатынын сезінуі туралы айтылады. Отбасы балалар өмір сүретін негізгі орта болып табылады. Отбасылық қарым-қатынас барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі, сезім мәдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
-ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
-ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
-өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
-бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
-түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.
«Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге ие. Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және жазалау. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Өте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін. Кез келген физикалық әсер нәтижесінде балада өзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге болады деген ұстанымды туындатады.
Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.