Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы.
Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері: • отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы; • баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді; • отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі; • ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі; • ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.