Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:
Баланың төртібі, міндеттері, қойылатын талаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі қүрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар: • отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы. • тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы. • отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер. • ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы. • қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы. • отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.