Жезқазған қаласы «Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК
әлеуметтік педагог Ибрагимова Гүлбахарам Ибрагимовна
«Отбасы бақыты» ( тренинг)
Мақсаты мен міндеттері: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.
Тренингтің барысы:
Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық... ( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Тәрбие беру үрдісін болжап айту қиын. Мұнда ата-аналардың да, ұстаздардың да өкілдері бар. Сіздер тәрбие берудің әр түрлі баррикадасында емес, бір топтасыздар. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |