Идеалды отбасы- бұл... ( ата-аналардың жауаптары тыңдалады). Өзгертілген жұмыс. «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады) Бала қандай болады Егер:
- Баланы сынап отырса , ол ... (жек көруді) – үйренеді
- Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол... (агрессивті болуды) үйренеді
- Бала кінәлап отыруда өмір сүрсе, ол... (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.
- Бала төзімділікте өссе, ол.... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы қолдап отырса, ол... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы келемеждей берсе, ол... (тұйық) үйренеді.
- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол... (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.
- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса.....( ол өзгелердің құнын таниды)
(өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).
Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)
Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады....)
Аталмыш жұмыс (плакатта көрсетеді) әңгімелесуге келесі тақырыпты ашады: мадақтау мен жазалау.