Жатыр түтігінің жыртылуы кенет пайда болады және қан кетуге әкеледі, әдетте массивті (құрсақ ішілік) қан кету болады. Науқастарды (түтікшелі түсікте) жыныс мүшелерден қанды бөліністер, іштің төменгі бөлігінде біржақты толғақ тәрізді немесе тұрақты, тік ішекке берілетін ауысынулар, бас айналу, әлсіздік, лоқсу, диарея, метеоризм мазалайды. Анамнезде: 4-8 аптаға етеккірдің кідіруі, жүктіліктің көріністері. Жүктілікке иммунологиялық реакциялардың оң болуы, жалпы жағдайдың нашарлауы, терінің бозаруы, науқастың естен тану жағдайы тән.
Ұзақ қан кеткенде геморрагиялық шок және постгеморрагиялық анемия дамуы мүмкін. Гемодинамикалық бұзылыстар айқындылығы айналымдағы қан көлемінің (АҚК) тапшылығымен тікелей байланысты.