Төртінші кеңес: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз.
Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз.
Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.
Баланың қателесуге құқы бар.Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық.