Отбасындағы қарым-қатынас түрлері



Дата28.11.2019
өлшемі36,47 Kb.
#52718
Байланысты:
Отбасындағы қарым-қатынас сабақ жоспары

Отбасындағы қарым-қатынас түрлері.



1.Отбасындағы ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастардың түрлері.

2. Ата-аналармен балалар арасындағы қарым- қатынас түрлері.

3.Қарым-қатынас стильдерінің бала тәрбиесіндегі рөлі.

4.Жағымсыз қатынастардың балаға тигізетін кері әсерлері.

Әдебиеттер:

1.Баркан А. Практическая психология для родителей, или как научиться понимать своего ребенка-М.:Аст.-Прес.1999.71-73 бет

2.А.Ю.Монахова Психолог и семья: активные методы взаимодействия-Ярославль,Академия развития .Академия холдинг 2004.

3.Л.Ю.Иванова Агрессивность, жестокость и отношения старшеклассников к их проявлениям сб. Прблемы личности, профилактика отклонений в её развитий. Москва. Архангельск. 1993.

4.Гозман.Л.Я. Психология эмоциональных отношении М.:МГУ.1987.-117-120 бет

5.Клюева.Н.В. Психология и семья: диагностика, консультация, тренинг.-Ярославль , Академия развития,Академия холдинг,2002-160 бет.

6.Елейсізова С. Қарым-қатынас психологиясы-Алматы.1995.57-65 бет

7.Васильев В.Н. Здоровье и стресс М.:Знание ,1991, -87-95 бет.

8 . Мұқытова Ж.Қ., Райымбекова А.Ж. “Отбасындағы қарым-

қатынас мәдениетінің бала тәрбиесіне әсері” .Көкшетау

мемлекеттік университеті.2007.Шоқан тағылымы-12.

Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата- аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.

Денсаулықтың бұзылуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік - психологиялық , психологиялық- педагогикалық факторлар әсер етеді. Осы тұрғыда ғалымдардың пікірлеріне назар аударатын болсақ, онда отбасындағы адамның психикасына ауыр әсер ететін жағдайлар: жақын адамдардың ауруға шалдығуы, не өлімі, материалдық қиындықтар; отбасындағы дау- дамайлар, отбасындағы қарым -қатынастың нашарлығы, отбасындағы махаббаттың жоқтығы, ерлі- зайыптылардың біреуінің көзге шөп салуы, қызғаншақтық, ажырасу.

Зерттеуші Э. Г. Эйдемилердің пікірі бойынша бірінші орынға отбасындағы нашар қарым- қатынастар алынады, себебі бұл ұзақ уақыт ауыр әсер тигізетін фактор, екінші орынға отбасы мүшесінің біреунің қайтыс болуы, не ауруға шалдығуы, үшінші орынға материалдық қиындықтарды қойған. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы және оның ұзақтылығы баланың психикасына ауыр әсер жасауын өмір сүру барысы дәлелдеп отыр. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас,орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас,әке–шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.

Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев «горизонтальды» адамгершілік-психологиялық және «вертикальды» шаруашылық-тұрмыстық сфералар деп қарастырады. Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал «горизонтальды» қатынасқа байланысты болып келеді. Отбасындағы микроклимат ересек адамдардың тәртібіне байланысты болып келеді. Қазіргі психологияда қатынастардың төмендегідей түрлері белгіленген. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады. Паритет– тең қатынас бір біріне зиян келтірмейтін. Жарыс –бір бірінен асып түсуді көздейді. Конкуренция – билікке таласу.Антагонизм- өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу, конфрантация - түсінбеушілік деген ұғымды білдіреді Ең жақсы қатынас түрі ынтымақтастық.

Бұл қатынас түрлері ата-аналармен балалар арасындағы қатынас түрлеріне ықпал жасайды.

Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата аналармен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека, "араласпау" және ынтымақтастық.

Диктат деген қатынасата - аналардың талабын, бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қойады.Талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С. Макаренко.

Опека диктатқа қарама қарсы- қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.

"Араласпау"- бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды.Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады.

С. Броди ананың қатынасында төрт түрлі типін белгілеген:

1.Бірінші типтегі аналар баланың ыңғайына оңай көніп келісе салатындар. Баланың өсіп жетілуін күтіп еш нәрсеге үйретпейтіндер.

2.Екінші типтегі аналар баламен қарым-қатынас жасауда өзінің ойын іске асыруға тырысқандар.

3.Үшінші типтегі аналар баланың қызығушылығына көңіл бөлмейтіндер,олар өзінің міндетін алға қойатындар. Балаға қатал талап, қадағалауды қалайтындар.

4.Төртінші типтегі аналардың балаға көңіл бөлуі тұрақсыз, балаларын түсінбейтін, тәрбиелеуде көп қателіктер жіберетін.

С. Бродидің пікірі бойынша төртінші типтегі аналардың баламен қарым- қатынас жасау стилі зиянды көңіл бөлуі тұрақсыз болғандықтан балада қоршаған ортаға сенімсіздік, үрей, қорқыныш сезімдер басым болып келеді.

В.М. Минияров отбасындағы тәрбиеде жеті түрлі стильдерге тоқталып, оларға байланысты баланың тұлғалық дамуында жеті әлеуметтік-психологиялық типтері байқалады деген: жанашырлық стиль, босқа қоя беру стилі, жарысу стилі, ақылмен ойластыру стилі, қатал қадағалау стилі, ескерту жасау стилі, үйлесімді стиль.

Жанашырлық стильде бала өзімен -өзі болады, ата- аналардың қолдары тимегендіктен. Жазалауды, мадақтауды қолданбайды, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оларға қолдау көрсетіп, жақсы үлгі- өнеге көрсетеді.

Босқа қоя беру стилінде баланың іс әрекетін ешкім қадағаламайды,баланың қызығушылығына, қажеттілігіне көңіл аудара қоймайды, жұрттың көзінше тәртіп сақтауды талап етеді. Балаға еркіндік беріледі.

Жарысу стилінде ата-аналар өз балаларының бойынан басқаларға ұқсамайтын ерекшеліктерді іздейді. Балалардың бойында адамгершілік қасиеттердің болуына мән бермей, тек олар басқалардан артық, ерекше көрінуін қалайды.

Ақылмен ойластыру стилінде балаға бостандық беріледі, бала өзі іздену, талпыну, қателісу арқылы тәжірибе жинақтайды. Шыдамдылықпен баланың барлық сұрақтарына жауап береді, оларға құрмет көрсету, олар мен санасу арқылы қарым-қатынас жасайды.

Ескерту жасау стилінде ата-аналар балаларының өз бетімен әрекет жасауларын қаламайды, балалар белсенділік танытпайды. Балаларға шексіз махаббат көрсетіледі, олардың айтқандарын үнемі орындауға тырысып отырады.

Қатал қадағалау стилінде ата-аналар өз балаларына еркіндік бермейді, барлық әрекеттерін қадағалап отырады. Жиі жазалайды, өте сирек мадақтайды.

Үйлесімді стильжоғарыда көрсетілген стильдердің ең жақсы деген жақтарын жинақтаған стиль. Балалар ата-аналардың үлгі- өнегесіне еліктейді, олардың жан- жақты дамуына қолайлы жағдай жасалады.

А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас барысында дұрыс және дұрыс емес тәрбие қалыптасады деген пікірді айтып, оларды екіге бөледі. Дұрыс тәрбие түрлеріне шынайы махаббат, сенімділік, мейірімділік, шамасына қарай талап қою, жиі-жиі жақсы қарым-қатынаста болу,баланың өміріне,дамуына жауапкершілікпен қарау. Дұрыс емес тәрбие түрлеріне шектен тыс қадағалау,күң ретінде тәрбиелеу, қатігез тәрбие, ұрып-соғу, жоғары моральдық жауапкершілікте тәрбиелеуді жатқызады.

1.Шектен тыс қорғаштау-бұл балаға өзіндік әрекет жасауға ерік бермейді, баланың барлық уақытын ата-ана алдын- ала жоспарлап,ойластырып қояды. Мұндай жағдайда өскен бала өз бетінше шешім қабылдай алмай, өз күшіне сенімсіз, жасқаншақ болып өседі.

2.Күң (золушка) ретінде тәрбиелеу-мұндай қарым-қатынаста бала әкесі мен шешесінің жақсы көрмейтіндігін, олар үшін ауыртпашылық екендігін сезеді. Мұндай қарым –қатынаста тәрбиеленген бала, кез келген бақытсыздықты, күйінішті жүрегіне жақын алатын болады және бүкіл әлемге ашулы болып келеді.

3.Қатігез тәрбие-кез-келген кішкентай олқылыққа баланы өте қатты жазалау.Сондықтан бала қорқынышты өмір сүреді.Мұндай қатынаста өскен бала ашушаң, қатігез болып өсуі мүмкін.

4. Жоғары моральды жауапкершілік жағдайдағы тәрбие-бұл қатынас түрінде баладан кішкентайынан үлкен жауапкершілікті талап етеді, немесе баланың жасына сай келмейтін жұмыс түрлерін баланың мойнына жүктейді. Мұндай қарым-қатынаста өскен балада әрқашан туғандары үшін қорқыныш сезімде болады.

5.Балаға кері әсерін тигізетін қарым-қатынастың тағы бір түрі-зорлық-зомбылық “ұрып-соғу”.Мұндай қатынаста өскен баланың көпшілігінде сабаққа деген көңіл соқпаушылық, ұжымға тез жұғысып, бейімделе алмаушылық байқалады, қатігез болып өседі.

Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар туындайды.



-Зорлық-зомбылық бұл –адамға күш көрсету, адамды өзінің еркіне бағындыру.Шын мәнінде зорлық-зомбылық механизмі адамдарды белгілі бір іс- әрекетке мәжбүр ету, не болмаса тікелей күш көрсету. Кейбір ата-аналар балаларын ауыр жұмыстарға салып, оларды ұрлыққа, өтірік айтуға, қатігездікке мәжбүрлейді.

-Физикалық зорлық- баланың денсаулығына зақым келтіру. (ұрып,соғу) Оның зардабынан балада жылауықтық, агрессивтік, жануарларға қатігездік, суицидке бейімділігі туындайды.

-Сексуалдық зорлық-баланың еркінсіз жыныстық қатынасқа түсіу . Баланың мінез-құлқы мен денсаулығына кері әсері:түнгі қорқыныштар, депрессия, өзін-өзі төмен бағалау,өз жасына сай емес сексуалдық білімнің болуы.

Психикалық (эмоционалдық) зорлық-баланың жеке тұлға болып дамуын тоқтататын тұрақты психикалық іс-әрекет.

Психикалық зорлықтың нәтижесінде балада физикалық,ойлау қабілетінің кешеуілдеуі, жүйке тигі, энурез, неше түрлі сомантикалық аурулар, қобалжу сезімінің жоғарылауы, қарым-қатынас жасай алмаушылық,үлгермеушілік, агрессивтікке әкеліп соғады.

Баланың өзіне деген қажеттілігін аңғармау-балаға деген қарапайым қамқорлықтың жоқтығынан эмоционалдық қалып бұзылады да, денсаулығы мен дамуына зиянын тигізеді. Отбасында осындай зорлық түрлерін болдырмау үшін мектеп ұжымы ата -аналармен тығыз байланыста бола отырып , оларға қажетті көмек көрсетіп отырулары тиіс.

Баланың физикалық қажеттілігінен басқа оның өсіп-өнуіне, дамуына сүйіспеншілік соншалықты қажет. Кейбір балалардың отбасында мәпелеп, жақсы өсіруге бейімдейді, бірақ эмоционалды жағынан балаға тиісті назар аударылмағандықтан бала қатты күйзеледі. Солардың салдарынан балада жағымсыз эмоциялар пайда болады.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады.

Эмоция (сезімнің шарпуы)-сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Екінші тобы жағымсыз эмоциялар делінеді. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады.

Практикалық психологтар денсаулықты бұзып, неврозды дамытатын жағымсыз эмоцияны 2 топқа бөлген,қуаныш және мейірімділік эмоцияларына қарағанда, қайғыру мен қирату эмоциялары балаларда жиі кездесетінін мәлімдейді.

Ашу кек агрессия

Жағымсыз эмоциялар

Иналу, қорқыныш,өкпелеу-қайғыру эмоциялары.













Егер отбасында ата-ана мен баланың бір-біріне деген мейірімділік, сүйіспеншілік сезімдері болмаса, онда, практикалық психологтардың пайымдауынша, жагымсыз эмоциялар баланың денсаулығына кері әсерін тигізіп, иммундық жүйесіне де көп зақым келтіреді. Мысалы, адам қауіптену сезімінде болған кезде қанға кортизол гормоны басым болады, ал қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйде болса эндофрин гормондары көбейеді. Кортизол ағзадағы өзге гормондарға басымдылық көрсететін болғандықтан, ағзаның толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан да оқушылардың денсаулығының нашарлап, жылдан жылға бірнеше аурумен қатар ауыратын балалардың санының өсіп келе жатқанына таңдануға болмайды. Американдық психолог Элизабет Холлдың пайымдауынша жағымсыз эмоция рак ауруларының дамуына белгілі әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей,жағымсыз эмоцияларды көп қабылдаушылар немесе өз ашу-ызасын ішінде көп сақтаушылар болашақ рак ауруларының құрбандары. Отбасындағы жағымсыз эмоциялардың баланың денсаулығына тигізетін кері әсерін анықтау мақсатында “Отбасы және оның балаға әсері атты”А.Ю. Монаховтың суретті тесті арқылы зерттеу әдісін қолдануға болады.

Ата-ананың балаға деген қарым- қатынасын А.Л.Варга мен В.В. Столиннің тест сауалнамасы арқылы анықтауға болады.

Осы зерттеу бойынша ата-аналардың баламен қарым –қатынасында әлеуметтік жағымдылығына қарағанда, тұлғааралық қашықтық, авторитаризм, баланың ойы мен сезімін әлі кішкентай деп есептеп онымен санасып,ой бөліспейтін ата-аналарды да анықтауға болады. Әрине, мұндай қатынастар баланың жеке тұлға болып қалыптасуына және денсаулығына зиянын тигізетіні аян.

Балалардың көзқарасы бойынша, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасы қандай?- екендігін анықтау үшін оқушыларымен сауалнама жүргізуге де болады

Сондай - ақ , Айзенктің «Өз өзінің психикалық жағдайын бағалау » және одан да басқа әдістемелерді қолдануға болады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:



1. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауына қандай факторлар әсер етеді?

2. Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев неше түрге бөлген?

3. Казіргі психологияда қатынастардың қандай түрлері белгіленген?

4.С. Броди ананың қатынасында неше түрлі типін белгілеген?

5.А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынастың қандай түрлерін көрсеткен?

6. Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында қандай жағымсыз эмоциялар туындайды?

7.Ата-ананың балаға деген қарым- қатынасын қандай тест сауалнамасы арқылы анықтауға болады?

Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:

Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі ... сипатталады

Паритетол... ... қатынас.

Конкуренция ол...

Антагонизмол....

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет