•бала тәрбиесіндегі келіспеушілік, бос уақытты бөлек өткізу т.б.
Дау-дамайлардың пайда болуын С. Кратохвил отбасының даму кезеңдеріндегі кризистерге байланысты екенін көрсеткен. Бірінші кризис адаптация мәселелеріне тәуелді, екі адамның бір біріне үйреніп, «біз» позициясының қалыптаспауымен.
Екінші кризис -баланың өмірге келгеннен кейін туындайды.
Үшінші кезең -отбасының өмірінде бірыңғай өмір жағдайы қалыптасып ерлі- зайыптылар бір бірінен шаршай бастаған кезінде пайда болады.
Төртінші кезең 18—24 жыл бірге тұрып, балалар өсіп бөлек кеткеннен кейін басталады.
Дау-дамайлардың шешілуі екі жолмен өтеді: конструктивті және диструктивті. Конструктивті шешілуі арқылы адамдар қателіктерін түсініп, дұрыс шешімге келеді. Диструктивті шешілген жағдайда адамдар бір біріне өшігіп, кек сақтап қалады да келесі бір жанжалдасқанда бәрін еске түсіреді, үдей берсе денсаулыққа кері әсері тиеді. Дау-дамайларды шешуде қолданылатын әдістер: әзіл, комплимент айту, жылы сөз, назарды басқа екеуіне де маңызды мәселеге көңіл аударуға тырысу т. б.Ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың шешілуінің төмендегідей жолдары кездеседі: еріксіз көндіру – зорлап өзінің шешімін мойындату, екінші вариант- конфронтация – қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын ескермейді, қабылдамайды, ызалану арта түседі. Үшінші: дау–дамайды шешуден бас тарту, бұл дау–дамай барысында туындаған қарама-қайшылықты шешуден қашу. Бұл әрекеттің жақсы жағы араға уақыт салу, ойлануға мүмкіндіктің пайда болуы мен сипатталады. Тағы бір вариант: дау–дамайды жұмсарту-бұл әдіс дау–дамайды өршітпей, бәсеңдетеді. Дау-дамайлардың шешілуінің дұрыс жолы – компромисс, екі жаққа да тиімді жолы. Конструктивті шешілуі адамдардың қателіктерін түсініп, қателіктерін кешіріп, дұрыс шешімге келумен аяқталады. Сүйген адамды жеңу ешкімге де қуаныш әкелмейтінін екі жақта түсінгендері жөн. Конфликті отбасында жағымсыз эмоциялар орын алып, отбасы мүшелері, балалар үшін психотравмалық жағдай тудырады. Отбасындағы үлкен дау-дамайлар ерлі -зайыптылар, ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , арасында туындап үлкен үрей, кінә, қорқыныш, ыза тудырып отбасы мүшелерінің денсаулықтарына үлкен зиян тигізеді. Отбасында кездесетін дау-дамайларда ерлі –зайыптылардың тәртібі ашық және жабық түрде өтеді: жабық түрде олар бір бірімен қатынас жасамайды, қимылдарынан, көзқарастарынан байқауға болады, ал ашық түрінде олар бір біріне қарсылық көрсетеді: есікті тарс еткізіп жауып, бір бірін кінәләп қол көтеруге дейін барады.