Отбасындағы тұЛҒааралық Қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері



бет16/17
Дата19.12.2021
өлшемі103,29 Kb.
#103280
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Айдана СГТК

ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы адамзат баласын толық қанды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек жеткіншектердің тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасының психологиялық ахуалы мен тәрбиелеу стилінің маңызы зор екені даусыз.

Әртүрлi әлеуметтiк факторлардың арасында тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн ең маңызды факторлардың бiрi ол отбасы. Дәстүрлi отбасы- тәрбиенiң негiзгi институты. Отбасыдан үйренгенiн адам өмiр бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебi адам өмiрiнiң бiршама уақытын отбасыда өткiзедi.

Жеткіншектер күнделікті өмірде өзінің коммуникативті мүмкіндіктерін пайдаланып, қарым-қатынас серігін тануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде оның өзін өзі тануға да қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Қоршаған ортамен қарым-қатынас нәтижесінде жеткіншекте адамгершілік қасиеттері. «Мен» деген ұғым қалыптасуына түрткі болады. Сонымен бірге өзара бағалау әрекетіне қол жеткізеді.

Жалпы және жас ерекшелік психология ғылымындағы зерттеу тақырыбына байланысты зерттеулер мен ғылыми-көпшілік әдебиеттердің теориялық талдаулары мен жүргізілген дербес эмпирикалық зерттеу болжамдарын дәлелдеу нәтижесінде бірнеше тұжырым жасауға болады.



  1. Жеткіншектердің қарым-қатынасында дамудың осы кезеңіне ғана тән өзіндік (ата-ана, құрдастар, гендерлік т.б.) ерекшеліктері болады

  2. Жеткіншектердің қоршаған ортадағы қарым-қатынасының сипаты олардың коммуникативті қабілеттердің дамуының алғышартын құрайды.

  3. Жеткіншектердің коммуникативті қабілеттерінің даму деңгейі Отбасылық тәрбие жағдайы мен қарым – қатынас стильдеріне біршама деңгейде тәуелді болады.

  4. жеткіншектердің бойында қоршаған ортадағы қарым-қатынас пен Отбасылық тәрбие стиліне деген жағымды немесе жағымсыз эмоционал дық қатынас қалыптасады. Ал бұл қатынас өз кезегінде жеткіншек коммуникативтілігіне қолдаушы немесе кедергілік сипатта ықпал етеді.

  5. Жеткіншектердің қарым-қатынас қабілеттерінің дамуына ең тиімді қарым-қатынас типі “қабылдау-шеттету” және “кооперация” типі, ал тәрбиелеу стилінде демократиялық стиль ең қолайлы болып табылады.

  6. Жеткіншектермен қарым-қатынаста оған “жолы болмаушы” (неудачник) деп қарау, тәрбиелеу кезінде диктаторлық немесе шектен тыс қамқорлық көрсету стильдері –жеткіншек бойындағы коммуникативтік қабілетінің дамуына кедергі болады.

Қорыта келгенде, бұл жайттардың барлығы да өз кезегінде жеткіншектің тұлғалық психологиялық белсенділігінің қажетті дәрежеде дамуын қамтамасыз етеді немесе керісінше, тежейді және жеткіншектің тұлға аралық қарым-қатынас пен дербестікке қабілеттерінің қалыптасып, дамуына зиян келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет