Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
Зерттелушілерге өз отбасысының мүшелерін салу тапсырмасы беріледі. Бұл проективті әдіс негізінен ойын ретінде жүзеге асырылады .
Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда жеткіншекке артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер жеткіншек шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізінен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркелді:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі
ә) үзіліс
б) детальды өшіру
в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс
г) суреттегі бейнеде эмоционалды реакция көрінуі
Жеткіншек шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме алу мақсатында әңгіме өткізіледі.
Жеткіншекке төмендегідей сұрақтар реті қойылды:
1. Суретте кім бейнеленген?
2. Ол қай жерде оқиды немесе жұмыс жасайды?
3. Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
4. Үйде Отбасылық міндеттер қалай белгіленген?
5. Олар өзара көңілді ме? Неге?
6. Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
7. Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл әдістеменің басты мақсаты - зертелініп отырған жеткіншектің өз отбасы мүшелерінің әрқайсысына және отбасылық тәрбие стиліне нақты қатынасы мен отбасы мүшелеріне эмоционалдық жақындығын анықтау.
Зерттеудің бірінші кезеңінде Дж. Морено әдісінің негізінде құрастырыл ған социометрия әдісінің модификациялық нұсқасы қолданылды. Мұнда жеткіншекға сұрақтар қою арқылы Отбасылық қатынас пен тәрбие жайлы мағлұмат алу көзделді. Мұнда сұрақ реті төмендегідей болды.
1. Көңілсіз кездеріңде бірінші кезекте кімнен қолдау күтесің?
2. Саяхатқа кіммен барғанды қалар едің?
3. Отбасылық бақыт дегенді қалай түсінесің?
4. Саған “отбасы” ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің?
5. Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге бірінші айтар едің?
6. Сен қателік жібергенде көбінесе кім жазалайды.
7.Сен кейін өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?
8. Сенің ойыңша бақытты бала деген кім?
Социометриялық сауалнама аяқтақтағаннан кейін зерттелуші жеткіншектерге Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі қолданылды. Жеткіншектерге бұл проективті әдіс ойын ретінде жүзеге асырылады. Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Ескерту: Мұнда жеткіншекға артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер жеткіншек шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.
Зерттеу кезінде негізімен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркелді:
а) дене бөліктерін салу жүйелігі;
ә) үзіліс;
б) детальды өшіру;
в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс;
г) суретттегі бейнеде эмоционалды реакция көрінуі.
Жеткіншек шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме мәліметін алу мақсатында әңгіме өткізілді.
Жеткіншекке мұнда төмендегідей сұрақтар қойылды:
1. Суретте кім бейнеленген?
2. Ол қай жерде оқиды немесе жұмыс жасайды?
3. Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?
4. Үйде Отбасылық міндеттер қалай белгіленген?
5. Олар өзара көңілді ме? Неге?
6. Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?
7. Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?
Бұл кезде жеткіншектің отбасы мүшелерінің әрқайсысына деген нақты қатынасы эмоционалдық жақындығын анықтауға ұмтылыс жасалды.
Бұл әдістеме мәліметтерін талдау барысында Отбасылық қарым-қатынастың 5 түрлі симптомокомплекстерін бөліп шығаруға болады.
Жағымды Отбасылық қарым-қатынас
Мазасыздану
Отбасылық конфликт
Отбасылық өзін кемсіту ситуациялары
Отбасылық дұшпандық ситуациялары
Жеткіншектерге жүргізілген проективті әдістерді жүргізу барысында Отбасылық қарым-қатынас типі мен тәрбие стиліне деген жеткіншектің өзіндік жағымды немесе жағымсыз қатынасы болатыны анықталды. Бұл туралы мәліметтерді жұмыстың сапалық талдау бөлімінде кеңірек баяндалады.Тұжырымдай келгенде дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғалық психологиялық дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |