«отбасының СҮреті» әдістемесі



бет2/8
Дата11.03.2022
өлшемі58,61 Kb.
#135144
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Otbasy sureti 1241 distemesi
Otbasy sureti 1241 distemesi, 78785, Тапсырма 5апта, 5 praktika, 5 Дәріс Құс етін өңдеу, Официальные-правила-игры-и-соревнований-по-шашкам-64.-Автор-разработчик-тренер-и-инструктор-методист-Лангина-А.Л., 7клСОЧ2четвВар2
Тесттің маңызы.
А4 форматындағы қағаз, қарындаштар (жәй қалам, қаламсап, өшіргіш бермеген дұрыс). Сыналушыға берілетін нұсқау: Сізге өзіңіздің отбасыңыздың суретін салуыңызды ұсынамын. Отбасына қандай мүшелер кіретінін айтпайсыз, сыналушы өз еркімен салады. Сурет салып болған соң, балаға: кім қайда орналасқан, отбасы мүшелері немен айналысып жатыр, кімнің көңіл-күйі қандай – деген сұрақтар қойыңыз.
Сурет салмас бұрын:

  • Баланың көңіл-күйіне көңіл бөліңіз. Отбасындағы болған жанжалдан кейін бұл жұмысты жасамаңыз. Себебі, бала дәл сол уақыттағы көңіл-күйін салады.

  • Сурет салу барысында балаға кедергі жасамаңыз, дегенмен, баланың сурет салудағы көңіл-күйін бақылаңыз.

  • Сурет салу барысында баланы түземеңіз («Сен әкеңді салуды ұмыттың», «құлақ, көз салмадың»).

  • Тесттің нәтижесін балаға айтпаңыз. Бұл сіздің анықтамаңыз үшін қажет. Яғни, алдағы жұмысыңызды жоспарлау үшін.

  • Нақты жауап алу үшін суретті 3-4 рет, арасына бірнеше күндер өткізіп салғызыңыз, суретте үнемі салатын жайттарға көңіл бөліңіз.

  • Суретті талқылау барысында, интерпретатордың бағыттылығына көңіл бөліңіз.

 Интерпретация жасаудың ережелері.

1. Сурет салып болғаннан кейін, «қай жерде кімнің орналасқаны және кім немен айналысуда» деп сұраңыз.
«Ағамды салуды ұмытып кетіппін», «әкем симай қалды» деген сынды сылтаулардың маңызы жоқ. Егер отбасы мүшелерінің біреуі суретте салынбаса, ол мынаны білдіреді: сол адамға деген жағымсыз, эмоциялық күйді сезіну. Мысалы: кіші інісін қатты қызғану, баланың ойы бойынша: «Мен інімді жақсы көруім керек, ал ол менің ашуыма тиеді, бұл дұрыс емес. Сол себепті, оны мүлдем салмағаным дұрыс». Суретте салынбаған кісіге, бала ешқандай эмоциялық сезімдерді сезінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет