«отбасының СҮреті» әдістемесі



бет7/8
Дата11.03.2022
өлшемі58,61 Kb.
#135144
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Otbasy sureti 1241 distemesi
Otbasy sureti 1241 distemesi, 78785, Тапсырма 5апта, 5 praktika, 5 Дәріс Құс етін өңдеу, Официальные-правила-игры-и-соревнований-по-шашкам-64.-Автор-разработчик-тренер-и-инструктор-методист-Лангина-А.Л., 7клСОЧ2четвВар2
    Бұл бет үшін навигация:
  • Мойын
11. Дене мүшелері. 

  • Бас мүшесі. Бұл – дене мүшесінің ең маңыздысы және құндысы. Ақыл-парасаттың барлығы – баста. Отбасындағы ең ақылды адамның басын бала үлкен қылып салады.

  • Көз. Тек қарап, бақылау үшін ғана емес, сонымен қатар, адамның көңіл-күйін көрсетеді. Көзі үлкен адамдар, баланың ойынша қобалжулы, мазасыз, көмекке мұқтаж адам болып табылады. Нүктемен немесе сызықшамен белгіленген көзі бар адам, көп жағдайда өзінің эмоциясын сыртқа көрсете бермейтін, тұйық мінезді адамдар.

  • Құлақ. Бұл – өзің жайлы кез келген ақпарат пен сынды естіп, қабылдайтын мүше. Құлағы үлкен адамдар суретте бейнеленсе, бұл адамдар айналасындағыларды тыңдайтын адамдар. Егер кейіпкер мүлде құлақсыз болса, ол айналадағыларды тыңдамайтын, барлығына қарсы шығушы адам.

  • Ауыз. Суретте ауыз – шабуыл жасаушы мүше, ауызбен адамдар ұрысады, агрессиясын білдіреді, ренжітеді, тістейді. Ауызы үлкен немесе штрихталған кейіпкер қауіпті болып табылады. Егер кейіпкерде мүлде ауыз болмаса, ауыз нүктемен немесе сызықшамен сызылған болса – ол адам өзінің сезімдерін жасыратын, сөзбен айтып жеткізе алмайтын, өзгелерге әсер ете алмайтын адам болып табылады.

  • Мойын – бастың сезімді бақылай алатын мүшесі болып табылады. Суреттегі мойны бар кейіпкер өз сезімін басқара алатын адам (бұл жиі үлкен адамдар).

  • Қол. Қолдың іс-әрекеті – қосылу, өзге адамдармен байланысқа түсу, іс-қимыл жасау. Қолында көп саусақтар бейнеленген кейіпкер, күш-қайраты мол болып табылады. Ұзын қол – өзара байланысқа жылдам түскіш адамды білдірсе, қолы қысқа адам – әлсіз, шешім қабылдай алмайтын, қарым-қатынасқа тапшы адамның бейнесін білдіреді.

  • Аяқтар – жүру үшін, қорғаныш үшін, еркін қимылдау үшін қажет. Аяқ кең жағдайда орналасқан сайын, кейіпкер жерде нық және сенімді тұрады. Оң аяқ – отбасынан алшақтық, сол аяқ – отбасына жақындықты білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет