Отырсынова А. Ж



Дата06.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#109780
Байланысты:
Анатомия слайд

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Академик Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университеті Физиология кафедрасы Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы Тақырып №7: :Жанұяның гигеналық жіне рухани негіздері

Орындаған:

  • Отырсынова А.Ж.

Тексерген:

  • Сарсембекова А.Ш.
  • Аға оқытушы
  • Қарағанды, 2021жыл


Мазмұны:
  • ЖАНҰЯ-РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ
  • Баланы тұлға етіп тәрбилеуде ісер етуші негізгі факторлар
  • Ең асыл қасиет
  • Ата –ана пен педагог
  • Тәрбие мен гигиена
  • Отбасы құндылықтары

Жанұя - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата- ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды. Жас ұрпақ өкілдеріне отбасында тәрбие беруде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық педагогиканың маңызы орасан. Халықтық педагогиканың негізінде ұлттық сана-сезімді, ар-ожданды, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті, қоғамдағы ережелер мен ұстанымдарды, ұлттық рухты ұрпақ жадына тоқыту әрекеті жүзеге асырылады. Осыған орай белгілі педагог- ғалым К. Оразбекова «Иман және инабат» еңбегінде: «Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты - бай тарихи тәжірибеге сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл-аймақтың, елдің ар- намысын қорғауға тағы басқа ізгі қасиеттерге баулу, яғни, адамның белсенді бет- бағдарын қалыптастыру» деген тұжырым жасайды. Сонымен, халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиелік негізі ретінде - ата-ананы, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға қайыр қылу, әдептілік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, тектілік сияқты және т.б. қасиеттер кең байтақ өлкемізде ғасырлар бойы буыннан буынға жалғасын табуда.Осылайша, бала мінез-құлқының негізін қалыптастыруда, оның бойына рухани-адамгершілік сезімін, инабаттылық, әділеттілік, шыншылдық тәрізді адамдық абзал қасиеттерді егуде отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Нақ осы жағымды қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту ең алдымен отбасындағы тәрбие арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осымен байланысты «Тәрбие -табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық.Отбасында ата-анасы және өзге де отбасы мүшелері баланың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударатыны анық.

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындығы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз»-деген болатын.

Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан жанұя тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыпжеткен тарихи мұра. Әрбір жанұяда балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Қай заманда,қайсы елде болса да жанұяның адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жанұя тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату тәтті тұратын отбасында шаңырақ шатығы-негізінен, қоғамдық сананыңғ адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқтытолып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді.

Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда,дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.

Балалардың бойындағы қабілеттің, қайсі нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктерқашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де толық шешіле алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер негізінен, ата-аналар. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ.

Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы.Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері мол.

Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы-ертеңгі қуаныш»-деген А.С. Макаренко. Олай болса әрбір ата-ана балаларын ертеңгі қуанышты сезіне білуге тәрбиелеу қажет.

В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударған. «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу нысаны болып отырғаны баршаға белгілі. Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтарының ой-пікірлері мен көзқарастары бар. Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, жоғары сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.

Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Рухани тәрбие – өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез-құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» – деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туғанынан басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Осы мақсатта мектептегі балаларды адамгершілік сана-сезімін оятып, жағымды мінез-құлқын қалыптастыруда «Мен Отанымды сүйемін», «Сабырлық пен ұстамдылық», «Ойнайық та, ойлайық!» ойын-сабақтары өтті. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды.

Халқымыз «баланы ойын өсіреді» деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан-жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.

Рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп мекемелері мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, мектептің, барша халықтың міндеті.

Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата-ана мен оқытушыға жүктелер міндет. «Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады» деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылықтар болса одан арылту қажет.

Әлем халықтарының Үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер

келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып

табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады.

Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады. Гигиеналық білім мен гигиеналық

дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы

әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын

сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап

жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада

басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Сонымен қатар,

балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу



бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер



1.Әбиев Ж. Педагогика тарихы-А., 2006.



2.Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы.-А., 1987



3.Сухомлинский В.А. Нравственный идеал молодого поколения.-М. 1961



4. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

(Оқулық).- Алматы 2002.344б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет