Отыру керек



бет2/5
Дата01.04.2020
өлшемі474,5 Kb.
#61272
1   2   3   4   5
Байланысты:
дип Алипбаева


5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам алты жастағы бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты себебі – өзара түсіністік пен әсерлену.

Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол ересектерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады.

Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Тұлғалық мотив жетекші мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады

Бес жастағы кезең мектеп жасына дейінгі баланың құрбы-құрдастарымен (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрлі қарым-қатынасының бір мезгілде байқалуымен сипатталады. Ересектерге қарағанда құрдастары бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, ұйымдастырылған оқу немесе ойын іс-әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және ересектердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста ересектердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасады.



5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады.

Осы кезеңнің маңызды жаңалығы – мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті – ойында дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды.



Бұл кезеңнің жаңа құрылымы - мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі: мінез-құлықта импульсивтік және ашықтық пайда болып, тәртіп нормалары мен қағидаларында көрінеді, дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі еркін ұстай білу дағдысы әлі де қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу т.б.) де сезінеді, ересектердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, оларды жаңа іспен қызықтыруға болады.

Рөлге бөлінетін ұжымдық ойын арқылы балалар іс-әрекетті жоспарлауға және жүйелілігін сақтауға, жағдайлардың демеуші ықпалын және қалыптасқан әсерлерін жеңуге қабілетті болады. Саналы әрекеттер жасау қабілеті пайда болады. Ересектердің іс-әрекеті, өзін-өзі ұстауы балаларға түсінікті бола бастайды.



Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Жалпы алып қарағанда бұл құбылысты сыртқы мінез-құлқын анықтай бастайтын баланың ішкі психикалық жан-дүниесі, ойындағы әрекеттер жоспары деп тануға болады.

Нақты мақсат қалыптаса бастайды. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады, өз ойымен іс-әрекет жасауға қабілетті. Осы құбылыстар баланың психикалық дамуында – қатынас, таным, еркіндік, мотивациялық салаларында көрініс табады және бекітіледі.



Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде ересектердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы баланың түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Бес жастағы кезеңде өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды. Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Ересектер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің жобасы пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небәрі көрнекі-бейнелі ойлау ғана. Көрнекі-бейнелі ойлау — ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған.

Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі — ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші зат арқылы елестете білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі — елестету арқылы іске асырады.

5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, 5-6 жас кезеңінде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.

Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.

Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:

1. Зердесін дамыту

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту

5. Танымдық үрдісін дамыту

6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту [20,33-35].

А.Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін [21,132].

В.С.Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады [22,79].

Т.Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты [23,58]. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):

1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);

2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;

3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;

4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).

О.М.Дьяченко мен А.И.Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:

1. Көрнекілікке сүйену;

2. Өткен тәжірибесін қолдану;

3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.

Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді [24,61-85].

Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».

С.Л.Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді [25,79].

Атақты психолог Л.С.Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:

Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.

Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.

Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.

Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі [26,41].

В.С.Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.

Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады [27,96].

Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.

В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды [28,91].

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.

Д.Б.Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады [29,64].

Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.

В.С.Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді [30,77].

Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады [31,89].

К.Д.Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор [32,121].

В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.

Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады [33, 91].

Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады [33,114].

В.С.Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады.

Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады [34,79].

В.С.Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады [34,81].

Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.

Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады [35,114].

Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.

Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс [36,89].

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.

Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.

Д.Б.Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы – формамен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып оқушыларында да бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі [36,115].

Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.

К.Д.Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді [36, 215].

Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.

Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс [36].

Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Атақты психолог ғалымдары Л.С.Выготский, А.И.Леонтьев, А.С.Запорожец, Л.Д.Венгер, Д.Б.Эльконин, Е.И.Игнатьева, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.


1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын арттыру мәселелері
Оқу - бала өміріндегі ең  маңызды мақсат. Оқуға салмақты мән-мағына беру, білім беру жүйесінің ең бір маңызды мәселелерінің бірі. Оқуға, білім алуға деген себеп-салдардың жоқтығы, баланың оқу процесіне деген қатыстылығының жоқтығын және баланың тұлғалық-аластаушылық кескінін көрсетеді. Баланың мектепке бірінші келген кезіндегі ең басты социальдық ролі, оқу, білім алу барысында ұзақ уақытқа сүйемелдене алмайды да, келе – келе өз мағынасын жоғалта бастайды.

Оқудың себеп-салдарлары, оқу қызметінің қажеттілігін шегелей келе, оқушыларды теориялық білімдерді жаңғырту тәсілдерін игеруге (бұл себеп-салдарлар балаларды білім алу тәсіліне, олардың нәтижесіне емес, бағыттайды) ұмтылдырады. В.В.Давыдов оқу қызметінің қажеттілігі оқушыларды теориялық білім алуға, ал себеп-салдар оқу мәселерін игеруге бағытталған тікелей оқу қызметін құру тәсілін игеру деп түсіндіреді.

Л.С.Выготский өзінің «Педагогикалық психология» кітабында, баланы қандай да бір қызметке жұмылдыру үшін, алдымен Баланы сол жұмыспен қызықтыра алу керек, оның сол жұмысты атқаруға дайын болуына қамқорлық жасау керек деп көрсетеді. Бұл жағдайда, қызығушылық түсініктемесін қарау маңыздырақ болып саналады, себебі, біздің ойымызша, тек қана қызығушылық, адамның белсенді қимылының өз сұранысын игеруге арналған, адам белсенділігінің қозғалытқышы болып саналады [35,28].

Қызығушылық ұғымы В.Вычевтың, Л.С.Выготскийдің, Б.И.Дадоновтың, Е.П.Ильиннің, Д.А.Кикнадзенің, А.Н.Леонтьевтың, А.В.Петровскийдің жұмыстарында тереңірек қарастырылған.

Қызығушылық - бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.

Қызығушылық мазмұны мен бағытына қарай:

материалдық,

қоғамдық,

саяси,

кәсіптік,



танымдық,

эстетикалық болып сараланады.

Сонымен, оқуға, оқу қызметіне деген қызығушылық, тұтынушылық пен оны қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылықтарға негізделген және баланың белсенділігінің пайда болуына өте қажет. Бірақ қызығушылық оқу қақтығысы кезіндегі қарама-қайшылықтар, баланың шешуіне мүмкін болса ғана тұрақтана алады, болмаса қызығушылық жоғалады. Бір жағынан, егер қиындық болмаса қызығушылық та туындамайды. Қызығушылықты қанағаттандыру, оның өшуіне әкеліп соқтырмайды, қайта таным қызметінің одан жоғарғы деңгейінде жаңа қызығушылықтар тудырады. Баланың қызығушылығын оқулық-пәндік мағынаға аудару, оқу қызметінің құрылуына, оқу қызметінің субъектісінің сомдалуына, сөйтіп, оқу процесіне қатысын көрсететін баланың жеке қызығушылығының тууына әкеледі.

Оқудың дәстүрлі тәсілдерінде оқу мотивациясының құрылымы болмауы да мүмкін. Әлі де оқыту іс-қимылына жатпайтын қызметтің, оқыту, білім беру қызметіне айналуының бірбен бір алғышарттары болып себеп-салдардың өзгеруі болып табылады. Өкінішке орай, мектептерде, әдетте, сыртқы түрткі әдісімен жұмыс істейді, және сыртқы түрткі ретінде — баға қою әдісін пайдаланады, яғни, мектепте мәжбүр ету жүйесі пайда болады. Оқу мотивациясының нағыз түрі, балалар мектепке құстай ұшып, асыққанда, оларға ол жерде болу жақсы, әсерлі, қызық болғанда ғана пайда болады.

Оқу процесі оның себеп-салдарының пәнді игерудің ішкі мағынасымен байланысты құрылуы керек. Қоғамдық-қажетті іскерліктің себеп-салдары жалпыламалық болып қала берсе де, оқуға деген ынтаны оятатын мағына, мектептегі баланы оқыту ісінің мағынасындай болып қала береді. Оқу ісінің себеп-салдары, оқу қызметіне деген қажеттілікті анықтай келе, оқушыларда теориялық  білімдерді қайта жаңғырту (бұл себеп-салдарлар балаларды игеру процесі кезінде оларды нәтижелік бөлігіне емес, алу тәсіліне бейімдейді) тәсілдерін игеруге ықпал жасайды.

Бұл тұжырымдамадағы негізгі мақсат - мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапкы мүмкіндіктерді бірдей камтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологилық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда (Т.И.Шамова, С.Л.Рубинштейн, К.К.Платонов, Э.Г.Юдин, Л.П.Буева, А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер, А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Л.Ф.Обухова, А.В.Запарожец, Н.Н.Подьяков, А.П. Усова, М.И.Лисина, Г.И.Щукина және т.б.) тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділіктің ерекшелігінің психологилық, педагогикалық жөне биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті [35,98].

Биологиялық жағы танымдық белсенділіктің қалыптасуының мәселелері мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін талдаумен байланысты болып келеді.

Мектепке дейінгі кезеңге қарқынды морфологиялық - қызметтік даму тән. Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастырады, балалардың психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталылықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс - әрекет пен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардан теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектепалды даярлық балаларының өзіндік танымдық іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар:

- бірнеше заттар мен құбылыстарға деген белсенді танымдық қатынас ретіндегі жан-жақтылығы;

- құбылыстың тек қана фактісі, қасиеттері мен сапаларына ғана емес сонымен бірге мәні, себебі жөне өзара байланысына деген белсенділігімен сипатталатын тереңдігі;

- динамикалығы, яғни бұл баланың меңгерген білімі қозғалмалы жүйе түрінде құрылуы және іс-әрекетке қолданылуы, баланың ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы;

- әрекеттілігі, яғни заттар мен құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға төзуге, мақсатқа жетуде ерік-жігерінің болуына бағытталған баланың белсенді әрекетінде байқалады.

Психологиялық жақтағы мәселелері мына түсінікке негізделеді: танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуының алғышарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты мектепалды дайындық балаларының жоғары психикалық үрдістерінің қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктерін зерттеу кажет болып табылады.



Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің жұмысы құрайды. Қабылдау түсіну синтезінің нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе кемегімен пайда болады. Қабылдаудың мәселесі шетелде және кеңестік психологияда да кең түрде зерттелді. Шетелде оны зерттегендер ассоциативтік психология (Д.Селли), гештальт психология (К.Кофка, Т.Фолькельт) жөне функционалды психология (К.Бюлер, Ж.Пиаже) өкілдері болды. Кеңестік психологтар (Е.Н.Соколов, М.Д,Дворяшин, Н.А.Кудрявцев, П. А.Шеварев, Р.И.Говорова және т.б.) кабылдау мәселесіне табандылықпен өзгеше ғылыми қортынды жасады. Олардың зерттеулері шындықты бейнелеудің негізгі заңдылықтарын ашу, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың қабылдауының, дамуының ерекшеліктерін талдау бағытында жүргізілген. Мектеп жасына дейінгі баланың есінің даму проблемасы кептеген кеңестік психологтарды (А.А.Смирнова, П.И.Зинченко, С.Р.Жуйков, Н.И.Мурачков, А.Н.Цынбалюк т.б.) қызықтырды. Л.С.Выготский баланың есін күрделі іс-әрекет ретінде қарастырып, ол тек баланың үлкендермен қарым-қатынасы кезінде және белсенді ойлау әрекетінде қалыптасады деген. Бұл ойды А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Л.В.Занков, т.б. өз зерттеулерінде дамыта түсті [37,88]. Барлық психикалық танымдық үрдістерін ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Ол басқа танымдық үрдістердің қасиеттері мен сипатын анықтай отырып, олармен бірге жүреді және тығыз байланыста болады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру - бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойлау түрі. Мектепке дейінгі жастың бастапқы кезеңінде балалар әрекеті тек тікелей тәжірибелік нәтижеге жетуіне бағытталған есептерді шығарады. Бірақ та бала күрделенген іс-әрекетінде қимыл нәтижесі жанама түрде болатын жөне оған жету үшін бірнеше құбылыстардың арасындағы байланысты ескеруді қажет ететін ұмтылыс жасайды. Сөйтіп ойлаудың көрнекі формасының негізінде сөз-логикалық ойлау формасы қалыптасады. Балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойын-сабақтарды ұйымдастыру қажет, Танымдық үрдістерде бір интеллектуальды іс-әрекетке біріктірілген сыртқы және ішкі әрекеттердің синтезі пайда болады. Қабылдауда бұл синтез перцептивті әрекеттермен көрінеді, зейінде - сыртқы және ішкі жұмыс жоспарын басқару және бақылау іскерлігі, ал материалды есте сақтауға және қайта жаңғыртуда оның және ішкі құрылымдарының бірігуі байқалып, бұл тенденция ойлауда ерекше айқын көрінеді. Бұл практикалық тапсырмалар мен есеп амалдарын орындап шешуде көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелік, сөз-логикалық әдістердің бір үрдісте бірігуі ретінде көрінеді. Бұл жерде психиканың дамуы жеке үрдістердің арасындағы байланыстылық пен касиеттердің артуы ретінде қаралмай, сонымен катар баланың танымдық белсенділігінің сипаттамасын анықтайтын тұрақты ішкі және сыртқы құрылымдарының пайда болуы ретінде қарастырылады.

Танымдық белсенділіктің құрылуы мәселесінің педагогикалық қыры Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.П.Усова, т.б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы адамдармен, сыртқы ортамен кеп аспектілі өзара әрекеттестігі кезінде баланың танымдық белсенділігін ете ерте жастан дамыту керектігі дәлелденген.

Мектепке даярлық кезеңінде танымға деген қызығушылык және сол жаңаны, белгісізді білуден туындайтын қанағаттану сезімі пайда болады. Балаларда «Неге? Нелікген? Не үшін?» деген сұрақтарда көрінетін білімге құштарлық айқын байқалады. Яғни, қоршаған әлем затгары мен құбылыстарының тәуелділігі мен байланыстарының себеп-салдарлығын анықтау және оны жете түсінуде көрінеді.

Мектепке даярлық кезеңінде балаларды оқытуды сәйкесінше ұйымдастырған кезде «талдап салыстырмалы қорытынды жасауда жоғары дәрежеге жетеді, шартты схема суреттерді түсінуге, заттардың байланысы мен қатынасын байнелейтін жалпы білімді игеруге, меңгеруге мүмкіндік алады» (Л.А.Венгер), оларға зандылық, байланыстылық сипатта көрінетін бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша белгілі-бір жүйедегі білімді меңгеруге жол ашық (А.В.Запорожец, Н.Н.Поддьяков, А.П.Усова);

Тек белсенділік қана жеке тұлғаның дамуының факторы және өлшемі болып табылғандықтан, танымдық қабілеттердің құрылуы балалардың жалпы кешенді тіршілік әрекетінің дамуымен заңды түрде байланысты болып келеді. Балалардың аралас білімдерінің, ұғымдарының дамуы мен қарқынды түрде жинақталуы оқыту үрдісінің энергиясы. Балалардың белсенділігі әлсіремесін десек, сабақта алынған жаңа білімге деген қанағаттану сезімі келесі жаңа сабаққа деген аса қызығушылық сезімімен байланыстыра отырып құрастырылуы қажет. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуында айқын сипатталатын ерекшеліктер еспелі еркіндік, ниеттілік психикалық үрдістердің мақсаттылығы, қоршаған әлем шындығын оның көптүрлі көріністерін меңгеруі, таным үрдістерінде еріктің қатысуымен кеңеюі және олардың танымдық іс-әрекеттерін құрайтын негізгі элементтерінің сәйкесінше тез құрылуымен анықталынады.

Мектепалды даярлық балаларының психикалық үрдістерін дамыту мәселесі бала-бақшадағы және мектептегі мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен мұғалімдерінің, әсіресе ойын арқылы игерілетін оқу іс-әрекетіне баса назар аударуды қажет етеді.



2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын дидактикалық материалдар арқылы арттыру
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзіне түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені,ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек», - дейді [37,71].

Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі балабақша балалары десек, оларды жан-жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, шығармашылық қабілеті жоғары, интеллектуалды, белсенді азамат етіп шығарудағы тәрбиешілердің алдындағы зор міндеттер айтпаса да түсінікті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеттері – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінген. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын балабақшаның алар орны ерекше. Мектепке дейінгі білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай балаларға белгілі бір көлемдегі білім, дағдыларды меңгертуде дидактикалық ойындардың маңызы зор [37].

Мектепке дейінгі білім беруде балалардың қазақ балабақшаларының балаларына ұлттық тәрбие берудің және оған басшылық педагог-тәрбиешілерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған. «Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика  жағдайында жұмыс істейтеуге даяр болады... Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоты болады...» [37].

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартында мектеп жасына дейінгі балаларды білім беруді оқу жоспарының «Коммуникация», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Денсаулық», «Шығармашылық» білім беру салаларына кіріктірілген.

Оқыту үрдісінде дидактикалық ойынды қолдану кездейсоқ нәрсе емес. Дидактикалық ойын - балалардың танымдық белсенділігін арттырады.

Белсенділік - болмыстың қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған әрекеті.

Танымдылық белсенділік дегеніміз – баланың оқуға, білімге деген ынта–ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Педагогтар мен психологтар білім берудегі дағдарыстарды жеңудегі ойынның аумақты мүмкіншілігі зор екенін атап өтеді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рольді ойындарды атқара отырып, әлеуметтік өмірдегі өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әртүрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасауда белсенділігін дамытады.

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.

Ғалымдар ойынды балалардың іс-әрекеті ғана емес танымдық әрекет деп қарастырған, ойынды баланың ізденіс – шығармашылық құралы ретінде зерттеген. Ғалымдар рольдік, шығармашылық ойындардың теориясын талдай келіп (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.И.Фрадкина, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б.) ойынды және ойын элементтерін педагогикалық процестің негізі әсіресе дидактикалық және қозғалыс ойындарының ерекшіліктері, оның алатын орны және маңызына тоқталған. (Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова, Э.М.Богусловская, В.Н.Аванесова т.б.) ал әдіскер ғалымдар балалардың көркемсурет тәрбиесіндегі ойынның маңызын анықтауға бағыттауға арналған еңбектер (Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина, Н.В.Аванесова т.б.) жазған [37,124].

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасатты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек [38].

«Балалардың ойлауын дамыту» туралы М.Жұмабаевтың еңбегінде ойлау жанның өте бір қиын терең ісі, жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан тәрбиеші ойната отырып ойлантуға жүйелі сөйлеуге ұмтылдыру қажет. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді [38].

Бала ішкі белсендігіліне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Бала белсендігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқу үрдісінде балалардың белсендігін дамытуды мақсат еткен тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Балада белсенділік бір қалыпта болмайды оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген) және күрделі шығармашылық т.б. белсенділік түрлері болады.

Балалардың қиялын, ойлауын дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде дидактикалық ойындар тиімді нәтиже береді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  дидактикалық ойындарды ойнау барысында баланың іс әрекеті әлеуметтік сипат алады. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өзінің қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір- біріне деген сенім арттырады. Дидактикалық ойынның тағы бір тиімділігі білімді жаңа жағдайда қолдана алу қабілетінің дамуына және де балалардың меңгерілген оқу материалын өзіндік бір тәжірибеден өткізуіне септігін тигізеді және  балаларды қызықтырады. Ойын әдісінің оқу мүмкіндігі бай. Балалар бұл жөнінде әрине ойланбайды. Олар үшін ойын сергіту тапсырмалары, демалу уақыты болып табылады. Ойын әрекеттері арқылы бала материалды еркін меңгеріп кетеді және бала бойында өзіне, өз ісіне ырза болу сезімі қалыптасады. Міне, осыдан келіп тақырыптың өзектілігі шығады.

Тәрбиешінің міндеті – ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет