Өткізген:қазақ тілі мұғалімі Сұлтанова Әсел Шамғонқызы 2016-2017 оқу жылы



Дата23.03.2018
өлшемі57,25 Kb.
#39550
түріСабақ
Александров орта мектебі


Тақырыбы:



Өткізген:қазақ тілі мұғалімі

Сұлтанова Әсел Шамғонқызы

2016-2017 оқу жылы
Күні: 29.11.16 Сынып: 5

Тақырыбы: Достықты бағалай біл

Мақсаты:оқушылар достар туралы ойларын айта алады,зат есімдерді таба алады.

Білімділік:Дос туралы әңгіме,сөздер арқылы білімдерін толықтырады.

Дамытушылық:оқушылар ауызекі сөйлеу,жазу тілдерін дамытады,сөздік қорын молайтады,тілін жаттықтырып,дұрыс сөйлеуге үйренеді.

Тәрбиелік:оқушылардың достыққа деген сүйіспеншілігін арттыру,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Әдістері:жеке, топтық,

Көрнекілігі:тірек- сызба,карточкалар.

Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану

Толассыз тақырыптар: украин халықтарының әдет-ғұрыптары,дос туралы мақалдары.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу,кезекшінің есебі,үй жұмысы(шағын тест 2 мин.)Сабақтың тақырыбын ашу.(мульфиль көру)2мин

2.Ой қызметінің белсенділігін ояту:достық,адал,мейірімді.

3.Бұрынғы білімді жандандыру:ғаламтор,желілер.

4.Жаңа тақырыпты меңгерту:Кәнеки оқушылар топқа бөлінейік ол үшін мына түстерді таңдайық. 2 мин

1-топ.Ботакөз,Егорь,АленаВиолетта.2-топ: Ержан,Құдайберген,Саша.

1.Нағыз дос класстер құру.(достың мінезін сипаттайтын сөздерді жабыстыру)3мин

2.Сұрақ-жауап:3мин.

Оқушылар кәнеки «Қайталау - оқу анасы

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең

Ешкімнің жоқ таласы»-деп зат есімді еске түсірейік

-Зат есім дегеніміз не?(заттың,құбылыстың атауын,есімін білдіреді)

-Қандай сұраққа жауап береді?(кім?не?)

Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(Жалқы зат есім,жалпы зат есім)



3.Дәптермен жұмыс.(ай,күнді,тақырыпты жазу) 2 мин

4. Мәтінмен жұмыс(мәтіннен зат есімдерді теріп,дәптерге жазу)7мин

1.Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 
2. Досың бар ма? Ол кім? 
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 
4. Достық жасқа байланысты ма? 
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? 
8. Дос қандай болу керек? 

5.Сергіту сәті.2мин

6.«Мақалдардың қазақша баламасын тап» 5 мин

7.«Менің досым» сурет арқылы досы туралы жазу. 5 мин

8.«Мейірімді дос» шеңбер құрып,жүрекшелер арқылы досына жақсы сөздер айтады

9.Жаңа тақырыпты бекіту:Сұрақ – жауап арқылы 2мин

• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. 
• Досыңды алдамай, оған адал бол. 
• Досыңды қорлама. 
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. 
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына. 
• Досыңның кемшілігін кешіре біл. 

10.Жаңа білім мазмұнын меңгеру: тапсырмаларды орындау арқылы 1мин

11.Үй тапсырмасын түсіндіру: менің досым тақырында эссе жазу. 1мин

12.Сабақтың қорытындысы:рефлексия,мен үйрендім,маған қиын болды,маған ұнады 2мин

13. Бағалау.2мин

Қазақ тілі сабағының өзіндік талдауы

Күні: 29.11.16 Сынып: 5

Тақырыбы: Достықты бағалай біл

1.Мақсаты:оқушылар достар туралы ойларын айта алады,зат есімдерді таба алады.

Білімділік:Дос туралы әңгіме,сөздер арқылы білімдерін толықтырады.

Дамытушылық:оқушылар ауызекі сөйлеу,жазу тілдерін дамытады,сөздік қорын молайтады,тілін жаттықтырып,дұрыс сөйлеуге үйренеді.

Тәрбиелік:оқушылардың достыққа деген сүйіспеншілігін арттыру,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік:Тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап ,түсіну,өз ойларын айту;

Жүйелік-әрекеттік: Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу;

Тұлғалық: достары туралы сипаттау,мінездеме беру.

2.Осы сыныппен мен 3 жыл жұмыс істеудемін.Сынып екі топқа бөлінген.Менің тобымда 7 оқушы бар. «5»-оқитын 2 оқушы; «4»- оқитын 1 оқушы; «3»- ке оқитын 4 оқушы.Оқушылардың осы ерекшеліктері сабақта ескеріліп,деңгейлік тапсырмалар берілді.Жақсы оитын оқушылар,нашар оқитын оқушыларға көмек көрсетті.

3. Сабақ білімділік,дамытушылық,тәрбиелік мақсатта жүргізілді.

4.Сабақ мақсаты өз деңгейінде жақсы өтті,оқушылар белсенділік танытты.


  • Ой қызметінің белсенділігін оятуда достыққа қатысты сөздерді айтты.

  • Бұрыңғы білімді жандандыру кезінде өткен тақырыпқа қатысты сөздерді қайталады.

  • Жаңа тақырыпты бекіту кезінде оқушылар тапсырмаларды орындады.

  • Сабақтың қорытындысы кезінде рефлексия жүргізілді.Ауызша сұрақтарға жауап берді.

5.Уақыт сабақ кезеңдеріне сай бөлінді.Сабақтың барлық кезеңдері сабақ мақсатына негізделген.

6. Сабақтың мақсаттарымен сәйкес келесі көрнекілік қолданылды:

Презентация,бейне таспа,карточка,суреттер.

7.Мұғаліммен оқушы арасында қарым-қатынас жақсы құрылған,оқушылармен бірге жұмыстар жасалды.

8.Сабақтың нәтижесі жақсы деңгейде болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет