Конденсатордеп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады.
Конденсаторлар
Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады.
Конденсатордың екі
өткізгішін оның
жапсарлары деп атайды.
Ол жапсарларды шамасы
жағынан тең, таңбалары
жағынан қарама –қарсы
зарядтпен зарядтайды.
Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады;
Өткізгіштің электрсыйымдылығы мынадай
факторларға тәуелді болады:
Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады;
Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын арттырады;
Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;
Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;
Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;
Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады;
Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.