Оңтүстік Қазахстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жедел шұғыл медициналық көмек курсымен емхана кафедрасы


Төтенше медицина курсымен жедел және



бет12/17
Дата28.09.2019
өлшемі324,51 Kb.
#48935
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
метод.-скорая-и-неотложная-медицинская-помощь-с-курсом-экстремальной-медицины-каз



Төтенше медицина курсымен жедел және

шұғыл медициналық көмек циклынан


ДӘРІС КОМПЛЕКСТЕРІ

Мамандығы: 011105 - Мейірбике ісі

Сағат көлемі: (II кредит) 90 сағат

Семестр: III курс V семестр

Шымкент – 2013

Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент __________ Югай Н.В.

Хаттама №_________ «_______» __________ 2012 ж.



Тақырыбы № 1. Жедел жәрдем қызметінің жұмысын, құрылымын,

құрал-жабдықтарын ұйымдастыру.

Мақсаты:

Жедел жәрдем қызметінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптерін үйрету. Құрылымы мен құрал-жабдықтарымен таныстыру. Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел медициналық жәрдем көрсету тактикаларын үйрету.



Дәріс тезистері:

Жедел жәрдем беру медицинаның әр түрлі салаларындағы фундаментальді білімді қажет ететін, дәрігерлік тәжірибенің шыңы болып табылады.

Жедел жәрдем дәрігері жан-жақты мамандықты игеруі тиіс. Оған міндетті түрде жедел терапия, хирургия бойынша, акушерлі іс, босануды дұрыс жүргізу, токсикология негіздері, травмотология, педиатрия бойынша білім қажет.

Жедел медициналық жәрдем ұйымдастыру және құрылымы біздің республикамызда едәуір мөлшерде, денсаулық сақтаудың жалпы даму деңгейін анықтайды. Әр бір адамның активті өмірін сақтау және бекіту, ұзарту қажетті қызмет болып табылады.

Негізгі мақсаттары шақырған жерге мерзімінде жету, диагностикалаудың жоғары сапасын өткізу болып табылады, және шұғыл емдік шараларды толық орындау, және күрделі емдік тактикалық сұрақтарды шешу.

Олар ауруханаға дейінгі этапта шұғыл көмектің барлық түрлерімен қамтамасыз етеді, зақымдалуына немесе ауруына сәйкес мамандандырылған кезекші стационарға зақым шеккен және науқастарды жеткізу, т. б болып табылады.

Медициналық жедел жәрдем станциялары - бұл ересек тұрғындарға және сондай-ақ жасөспірімдер, балалар өміріне қауіпті жағдай туғанда, оқыс жағдайларда, жедел ауыр кеселдерде оқиға болған жерде және жол бойындағы апаттарға көрсетілетін тәулік бойы ақысыз қызмет атқаратын медициналық ұжым.

Негізгі шарттары:



  1. халыққа толық тиімді;

  2. уақтылы ұйымдасқан түрде көмек көрсету;

  3. көлемі аумақты және жоғары дәрежелі;

  4. тиісті мед.ұжымдарға кедергісіз госпитализация жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Медициналық "шұғыл" – көмек көрсету деген түсінік барлық шұғыл, кезек күттірмейтін, патологиялық жағдайларды, кенет дамыған, ішкі және сыртқы факторлар әсерінен болатын ауырлық дәрежесіне қарамастан тез арада диагностикалық және емдік жұмыстарды талап ететін жағдайларды білдіреді.

"Кенет жағдай" деген түсініктің мағынасы – өмірге қауіпті кенеттен болатын, денсаулықтың күрт нашарлауына алып келетін адам организмінде болып жатқан патологиялық өзгерістерді білдіреді және емдеу барысында кезек күттірмейтін шұғыл бірлескен емдік шараларды талап ететін жай.

Бригадалардың шығу уақытының тәртібі:


  1. жедел жәрдем бойынша – 4 мин. дейін.

  2. шұғыл тасымалдау бойынша – 30 мин. дейін.

  3. жоспарлы тасымалдау бойынша – 90 мин. дейін.

Иллюстрациялық материалдар: слайдтар

Әдебиеттер:

1. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Рос­сийской Федерации. Под ред. проф. А.Г. Мирошниченко и проф. В.А. Ми­хайловича. - СПб.: МАПО, 2001. -187 с.

2. Руководство для врачей скорой помощи. Под ред. проф. В.А. Ми­хайловича и проф. А.Г. Мирошниченко - СПб.: «Невский диалект», 2001. - 704 с: ил.

3. Фиалко В.А. Проблемы тактики на догоспитальном этапе. Диагно­стические и тактические ошибки. - Екатеринбург, 1996. -187 с.

4. Фиалко В.А. Организация тактики выездных бригад скорой меди­цинской помощи при опасных для жизни заболеваниях и травмах. - Екате­ринбург, 2002. - 53 с.

5. Бойков А.А. Современная социально-гигиеническая характери­стика пострадавших в локальных чрезвычайных ситуациях и организация скорой медицинской помощи при них в крупном городе. - Автореферат канд. дисс. - СПб, 2000. -18 с.

6. Мыльникова Л.А. Лечебно-тактические аспекты организации оказания медицинской помощи пострадавшим при дорожно-транспорт­ных происшествиях на догоспитальном этапе - «Скорая медицинская по­мощь». №2. 2001- С. 7-10.

7. Прокофьев В.Р., Апанасенко Б.Г., Кирилюк И.Г. и др. Работа фельд­шера скорой помощи. - СПб.: Гиппократ, 1997. - 208 с: ил.

8. Михайлов Ю.М., Налитов В.Н. Протоколы действий для фельд­шерских бригад скорой медицинской помощи. - СПб.: 1998. - 94 с: ил.

9. Елисеев Ю.Ю. Медицинская помощь при экстремальных ситуациях: Справочник.-М.: Изд-во, Эксмо, 2005.-704с.



Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Жедел жәрдем қызметінің ұйымдастырылуы

2. Жедел жәрдем стансаларының негізгі міндеттері

3. Жедел жәрдем стансаларының негізгі міндеттері

4. Жедел жәрдем стансаларының қызметтерінің ұйымдастырылуы

5. Жедел жәрдем стансасының оперативті бөлімі

қызметінің ұйымдастырылуы

6. Жедел жәрдемнің дәрігерлік бригадаларының қызметінің

ұйымдастырылуы

7. Жедел жәрдем бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары

8. Медициналық құрал-жабдықтары

9. Жедел жәрдем бригадаларының медициналық құрал-жабдықтарына негізгі талаптар



Тақырыбы №2. Жоғары білімді мейірбикенің жедел көмек көрсету

мен апат медицинасы қызметіндегі ролі мен міндеті.

Мақсаты: Жоғары білімді мейірбикенің ауруханаға дейінгі кезеңде жедел көмек көрсетудің негізгі принциптерін және апат медицинасы қызметіндегі ролі мен міндеттерін үйрету.

Дәріс тезистері: Жедел медициналық жәрдем көрсетудегі желілік фельшерлік бригада бұл фельшер басқаратын бригада.

Жедел медициналық жәрдем стандартты - деңгейіне сейкес түрлі клиникалық жағдайларға қажеттті емдік және диагностикалық шаралар тізімін сәйкестендіру

Жедел медициналық жәрдем тактикасы –уақтылы және тиімді көмекті көрсетуде жедел медициналық жәрдем шығу бригадалары қолданатын тәсілдер мен жабдықтар.

Осы тактикаға байланысты:

1. Ауруханаға дейінгі этапта уақыттың аздығы, диагностика және емдеу жабдықтарыны қолдану шектелгендіктен сұрақ туындайды – науқасты ары қарай қалай жүргізу қажет. Науқастың тағдырын шешу тактика сұрағы болып табылады.

2. Ауруханаға дейінгі этапта фельшерге науқаспен ғана емес туыстарымен тіл табыса білуі қажет. Сондықтан мінезін өзгерте алуы қажет. Жедел медициналық жәрдем фельдшерінің мінезі шақыртуларда орындауда негізгі құралы болып табылады.

3. Фельшер тез шешім қабылдау үшін жедел медициналық жәрдем стандарттарын нақты білуі қажет.

4. Ауруханаға дейінгі этапта қандай тактикалық шешім қабылдағанына байланысты ауру жазылуы болады.

Бірнеше жыл бойы жедел медицмналық жәрдем жұмысын талқылау кезінде тактикалық қателіктер мен білімінің жеткіліксіздігі, тәрбие жоқтығы, қызметкердің мінезінің қателіктері анықталады.

Жоғары білімді мейірбикенің жедел көмек көрсету мен апат медицинасы қызметіндегі ролі мен міндеті.

Зақымдандар саны көп болған жағдайда жұыстың негізгі принциптері:



  • Құтқару жұмысының жетекшісімен байланысу қажет

  • Оперативті бөлім «103» және жақын маңдағы бригадалармен байланысу қажет

  • Зақымданғандарды реттеу.Зақымданғандардың саны мен ауырлық жағдайына байланысты топтарға бөлу .Көрсетілетін көмектің көлемін анықтау.

  • Науқастарды тіркеу.

  • Зақымданғандарды тасымалдауға бригадаларды дұрыс орналастыру.

  • Зақымданғандарды тасымалдау.

Жұмыстың барлық түрі зақымдану аймағынан тыс жерде жүргізіледі.

Иллюстрациялық материалдар: слайдтар

Әдебиеттер:

1. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Рос­сийской Федерации. Под ред. проф. А.Г. Мирошниченко и проф. В.А. Ми­хайловича. - СПб.: МАПО, 2001. -187 с.

2. Руководство для врачей скорой помощи. Под ред. проф. В.А. Ми­хайловича и проф. А.Г. Мирошниченко - СПб.: «Невский диалект», 2001. - 704 с: ил.

3. Фиалко В.А. Проблемы тактики на догоспитальном этапе. Диагно­стические и тактические ошибки. - Екатеринбург, 1996. -187 с.

4. Фиалко В.А. Организация тактики выездных бригад скорой меди­цинской помощи при опасных для жизни заболеваниях и травмах. - Екате­ринбург, 2002. - 53 с.

5. Бойков А.А. Современная социально-гигиеническая характери­стика пострадавших в локальных чрезвычайных ситуациях и организация скорой медицинской помощи при них в крупном городе. - Автореферат канд. дисс. - СПб, 2000. -18 с.

6. Мыльникова Л.А. Лечебно-тактические аспекты организации оказания медицинской помощи пострадавшим при дорожно-транспорт­ных происшествиях на догоспитальном этапе - «Скорая медицинская по­мощь». №2. 2001- С. 7-10.

7. Прокофьев В.Р., Апанасенко Б.Г., Кирилюк И.Г. и др. Работа фельд­шера скорой помощи. - СПб.: Гиппократ, 1997. - 208 с: ил.

8. Михайлов Ю.М., Налитов В.Н. Протоколы действий для фельд­шерских бригад скорой медицинской помощи. - СПб.: 1998. - 94 с: ил.

9. Елисеев Ю.Ю. Медицинская помощь при экстремальных ситуациях: Справочник.-М.: Изд-во, Эксмо, 2005.-704с.



Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Жедел жәрдем тактикасы

2.Жоғары білімді мейірбикенің жедел көмек қызметіндегі ролі

3.Жоғары білімді мейірбикенің жедел көмек қызметіндегі міндеттері

4. Жоғары білімді мейірбикенің апат медицинасы қызметіндегі ролі

5. Жоғары білімді мейірбикенің апат медицинасы қызметіндегі міндеттері



Тақырыбы №3. Ішкі, хирургиялық, акушерия-гинекологиялық,

урологиялық аурулар клиникасында дәлелді медицина

тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлардың

клиникалық көрінісі, диагностикасы, көмек көрсету,

ШМК қызметінің тактикасы.

Мақсаты: Ішкі, хирургиялық, акушерия-гинекологиялық, урологиялық аурулар клиникасында дәлелді медицина тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлардың клиникалық көрінісі, диагностикасы үйрету.

Ішкі, хирургиялық, акушерия-гинекологиялық, урологиялық аурулар клиникасында дәлелді медицина тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлар кезінде көмек көрсету, ШМК қызметінің тактикасы үйрету.



Дәріс тезистері: Техникалық және мәдениеттік процесс көптеген жаңа ғылымдардың пайда болуына әсер етті, соның ішінде раениматология – организімінің тірілуі туралы, өмір және өлім арасындағы жағдайды түсіндіретін, терминальды жағдайлардың бірі патогенезі, алдын алуы және емі туралы ілім. Дәл қазіргі күні кенеттен өлімнің негізгі себебі жүректің ишемиялық ауру бірінші орында тұр. Көптеген науқастар жүректің ишемиялық ауруының жедел ұстамасынан ауруханаға дейінгі этапта, медициналық көмек алмай қайтыс болады. Емдеу тактикасы дамып жатқан жедел ұстамасы және гемодинамиканың тұрақсыз жағдайы кезінде арнайы медициналық көмек көрсетуге негізделген. Миокард инфарктімен ерлер жиі ауырады. Осы жастық интервалдағы ерлер мен әйелдер қатынасы 5:1, 51:60 жаста 2:1 қатынасында, одан жоғары жаста әйелдер жиі ауырады. Инфакрт кезінде өлім 10% құрайды, мүгедектік 32%.

Гипертониялық криздер нервті-тамырлық және гуморальді бұзылыстармен артериялық қысымының біршама кенеттен жоғарылауы. Көбінсе криз эссенциальді гипертония кезінде дамиды, сирек жағдайда симптоматикалық кезінде. Бейімдеушілер факторлар неврті-психикалық әсерлер (алкоголь, ауа райының өзгеруі, гипертензивті дәрілерді алып тастау) болып табылады. Артериялық қысымының кенеттен жоғарылауы (қалыпты саннан жоғары және 180/100 мм с.б.б. дан жоғары) өмірге қажетті ағзалардың ауторегуляциясының бұзылуына әкеледі және мидың, жүректің, тамырлардың және бүйректің зақымдалуын шақырады. Ми қан айналымының бұзылысы, жиілігі бойынша Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде 2-ші орында, ал АҚШ-та 27-ші орында, АГ-ның таралуы бұл елдерде бірдей және 23-25% құрайды. Сонымен қатар, инсульттар Батыс Европа елдеріне қарағанда Қазақстанда 4 есе жиі кездеседі. Уақытылы адекватты ем аурудың болжамын жақсартады және мүгедектікке әкелетін және өлім себебі болатын асқынулардың даму қауіпін төмендетеді.

Жедел тыныс жетіспеушілігі дегеніміз бірнеше күн, сағат немесе минут ішінде тез дамитын және өршімелі тенденциямен сипатталатын, жедел диагностиканы және жедел ем шаралар қажет ететін синдром болып табылады. Уақытылы көмек көрсетілмеген жағдайда өкпедегі қан оксигенациясының бұзылып жоғарылайды, гиперкапния пайда болады және күшейеді, ОНЖ-сінің функциясының бұзылуымен жүретін ауыр қан айналым бұзылыстары қосылады. Коматазды жағдайлар қосылуымен жедел тыныс жетіспеушілігі әртүрлі жедел және созылмалы аурлардың өршуі кезінде дамуы мүмкін. Жедел ОАТЭ-сы жедел тыныс жетіспеушілігінің және кенеттен өлімнің едәуір жиі кездесетін себебі болып табылады.

АҚШ-та өкпе артериясының эмболиясы 500-600 мың науқаста анықталады, ал ӨАТЭ-сынан өлім жалпы мамандықты ауруханаларда 10% шамасында ауытқып турады, кардиоологиялық клиникасында 50%-ға дейін болады. Біздің елімізде операцияланған науқастардың жалпы санының ішінде ОАТЭ-сы науқастардың 0,1- 0,3%-нда кездеседі және барлық аутопсиялардың 12%-нда кездеседі. Бронхтық астма нозологиялық форма түрінде Қазақстанда актуальді, оның таралуы ересек адамдардың 3%-нда құрайды және балаларда 5%-дан көп, яғни жалпы елімізде шамамен 7 млн. науқаста БА кездеседі. Бронхтық астма – халық арасында едәуір кең таралған ауру.

Созылмалы обструктивті бронхит – ересек адамдар арасында таралуы 16% -ды құрайды, ал мұндай науқастардың жалпы саны 3,5 млн-ға тең. Тыныс азғаларының созылмалы өтетін аурулары құрамында созылмалы бронхит үлесі 70-80%-ды құрайды.

Күрделі өндірістік мекемелердің және қалалардағы көшелік қозғалыстардың интенсификациясының, өндірістік химияның, өзіндік емделудің, соның ішінде седативті заттармен емделудің пайда болуы тыныс бұзылысы мен жүретін қолайсыз жағдайлардың саны елдәуір жоғарылады.

Кеуде клеткасының травмасы кезінде кеуденің зақымдалуы барлық травма алған науқастардың 10-12%-ын құрайды. Қабырғалардың, төстің сынуы, егер олар көп сынықтар болса олар өздерінше қауіпті емес және көбінесе қысқа уақытта айығумен аяқталады. Өмірге қауіптісі негізінен ішкі ағзалардың зақымдалуы және пневмоторакс, гемоторакс, теріасты және медиастинальды эмфизема түрінде асқынулар болып табылады.

Іш патологиясы кезіндегі жедел медициналық көмек проблемасының актуальды болуының себебі, бұл патология науқас өміріне қауіп төңдіреді және көптеген жағдайларда шұғыл операцияларды қажет етеді. Науқасқа зерттеу жүргізу кезінде міндетті түрде жедел патологиясымен, ұқсас симптомды жүйелі аурулардың арасында дифференциальды диагностика өткізу қажет. Іш қуысының жедел патологиясы ауырсынумен, құсумен, ішек функциясының бұзылысымен және қан кетуімен білінуі мүмкін. Іштің жедел патологиясы өмірге қажетті ағзалар фунциясының бұзылысымен қатар жүреді және екі мақсатты шешуді қажет етеді.

1. Өмірге қауіпті жағдайларды анықтау және жою: перифериялық қан айналысы, қан жоғалту, деградация, генерализацияланған инфекция;

2. Операцияның қажеттілігін және жылдамдығын шешу; науқастарды қарауға мүмкіндігінше хирург және терапевт қатысуы қажет. Шұғыл операцияның қажеттілігін шешу. Шұғыл операциялар кезінде шоктан шығару және өмірге қажетті ағзалар мен жүйелердің функциясының бұзылуын коррекциялау операция үстінде және одан кейін де жалғастырылады.

Акушерлік – гинекологиялық шұғыл жағдайлар дені сау әйелдерде кенет дамуы мүмкін , бұл дәрігерге терең білімді және күттірмейтін жердемді дер кезінде көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар жедел жәрдем көрсету тәжірибесінде ауруханадан тыс босанулар, жүктілік мерзіміне жетпей үзілуі, жатырдан қан кетулер жиі кездеседі. Жедел жәрдем қажет ететін ауруларды емдеу дәрігерден өзінің барлық күшін мобилизациялауды қажет етеді. Оның әрекеттері әйел өміріне қатысты болады және ол оған ерекше жауапкершілікті қажет етеді.

Иллюстрациялық материалдар: слайдтар

Әдебиеттер:

1. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в Рос­сийской Федерации. Под ред. проф. А.Г. Мирошниченко и проф. В.А. Ми­хайловича. - СПб.: МАПО, 2001. -187 с.

2. Руководство для врачей скорой помощи. Под ред. проф. В.А. Ми­хайловича и проф. А.Г. Мирошниченко - СПб.: «Невский диалект», 2001. - 704 с: ил.

3. Фиалко В.А. Проблемы тактики на догоспитальном этапе. Диагно­стические и тактические ошибки. - Екатеринбург, 1996. -187 с.

4. Фиалко В.А. Организация тактики выездных бригад скорой меди­цинской помощи при опасных для жизни заболеваниях и травмах. - Екате­ринбург, 2002. - 53 с.

5. Бойков А.А. Современная социально-гигиеническая характери­стика пострадавших в локальных чрезвычайных ситуациях и организация скорой медицинской помощи при них в крупном городе. - Автореферат канд. дисс. - СПб, 2000. -18 с.

6. Мыльникова Л.А. Лечебно-тактические аспекты организации оказания медицинской помощи пострадавшим при дорожно-транспорт­ных происшествиях на догоспитальном этапе - «Скорая медицинская по­мощь». №2. 2001- С. 7-10.

7. Прокофьев В.Р., Апанасенко Б.Г., Кирилюк И.Г. и др. Работа фельд­шера скорой помощи. - СПб.: Гиппократ, 1997. - 208 с: ил.

8. Михайлов Ю.М., Налитов В.Н. Протоколы действий для фельд­шерских бригад скорой медицинской помощи. - СПб.: 1998. - 94 с: ил.

9. Елисеев Ю.Ю. Медицинская помощь при экстремальных ситуациях: Справочник.-М.: Изд-во, Эксмо, 2005.-704с.



Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

1. Стабильді емес стенокардия мен миокард инфарктінің клинкасы мен

диагностикасы

2. Миокард инфарктінің ерте және кеш асқынулары

3. Кардиогенді шок, клиникасы, диагностикасы

4. Өкпенің кардиогенді ісінуі, клиникасы, диагностикасы

5. Жедел тыныс жетіспеушілігінің симптомдары мен синдромдары

6. Ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсету

7. Кеуде клеткасы жарақаттарының негізгі түрлері, клиникасы және дифф.

диагностикасы

8. Кеуде жарақаттары кезіндегі жедел көмек шараларының көлемі

9. «Жіті іш» клиникалық көріністері, ауруханаға дейінгі кезеңде жедел

көмек көрсету

10. Ауруханаға дейінгі кезеңде босану және асқынулары кезінде жедел

көмек көрсету

Тақырыбы №4. Жұқпалы, жүйке, психикалық, балалар, көз аурулары,

жарақат кезіндегі, төтенше жағдайда, апаттар клиникасында дәлелді медицина тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлардың клиникалық көрінісі, диагностикасы, көмек көрсету, ШМК

қызметінің тактикасы.

Мақсаты: Жедел ішек инфекциялары, ауа тамшы, зоонозды, трансмиссивті және өте қауіпті инфекцияларының жедел жағдайларын, осы аурулар кезіндегі жедел көмекті, эпидемияға қарсы шараларды үйрету.

Әр түрлі этиологиялық жүйке жүйесінің аурулары және жарақаттарының клиникасын, жедел көмек көрсету кезіндегі тәжірибелік дағдыларды, тасымалдау ерекшеліктерін және госпитализациялауға көрсекіштерді үйрену.

Жедел психоз және тырысулар кезіндегі жедел көмек көрсету кезіндегі тәжірибелік дағдыларда игеру

Жарақаттарда, жарақаттың шокта және көптеген жарақаттардың клиникасын, диагностикасын және көрсетілетін жедел жәрдем терапиясының практикалық дағдыларын үйрету. Студенттерді тұншығу, асылу, үсік және күйік кезінде жедел көмек көрсетуге үйрету. Сол уақыттарда шокқа қарсы шаралар қолдануды үйрету. Науқастарды тасымалдау принциптерін үйрету



Дәріс тезистері: Инфекциялық аурулар халықтардың әлеуметтік статусының жұмысқа жарамдылығына, адамдардың өміріне қауіпті төндіреді. Инфекциялық аурулар адамдардың барлық ғұмырында бірге жүреді. Адамның жалпы ортада өмір сүруі, сауданың дамуына байланысты көптеген инфекциялар массивті таралды. Ошақтың таралуына байланысты (бір жерде орналасқан халық шамасында) регион, ел шамасында – эпидемия, контингент инфециясы-пандемия. Инфекциялық процестің негізгі факторлары: қоздырғыш, макроорганизм және қоршаған орта. Уақтылы мамандандырылған медициналық көмек көрсету адамдардың өмірін және еңбекке жарамсыздығын сақтайды, аурудың таралуының алдын алады. Адамдардың жалпы ортада өмір сүруі, сауданың дамуына байланысты көптеген индустриялар массивті таралды. Инфекциялық аурулардың көп көлемінде массивті тарлуы уақытылы диагностикалауды және жедел медициналық көмек көрсету және міндетті түрде госпитализациялауды қажет етеді.

Соңғы он жылдықта көп жағдайда гипертониялық аурудың және артеросклероздың асқынуы болып табылатын ми қан айналамының жедел бұзылыстарының салыстармалы жиілігі жоғарылауда. Ми қан айналымының бұзылысы жиілігі бойынша Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде 2-ші орында, ал АҚШ-та 27-ші орында АГ-ның таралуы бұл елдерде бірдей және 23-25% құрайды. Сонымен қатар, инсульттар Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Қазақстанда 4 есе жиі кездеседі, уақытылы адекватты ем алудың болжамын жақсартады және мүгедектікке әкелетін және өлім себебі болатын асқынулардың даму қауіпін төмендету.

Бас миының ісіну синдромы тыныс жетіспеушілігі, жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі, қан жоғалту, жарақат, интоксикация, бас миының ісігі, метаболикалық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар сияқты бірқатар патологиялық жағдайлар нәтижесі болып табылады.

Бұл жағдайлардың патогенезін, клиникасын жедел көмек принциптерін білу уақытылы диагностикалауға және осы науқастарды тиімді емдеуге қажет.

Жедел психикалық бұзылыстары бар науқастардың едәуір бөлігі жедел жәрдем пациенттері болып табылады. Халықтың жедел жәрдемге хабарласуының негізгі себебі – жедел психикалық бұзылыстармен шақырылған науқастардың мінезінің өзгеріп, бар психикалық аурулардың декомпенсациясы болып табылады.

Жарақат – ткандердің қарсыласу күшінің жоғарылауының әсерінің нәтижесінде дамитын организмнің морфологиялық функциональды өзгерісі болып табылады. Механикалық зақымданулардың нәтижесінде ашық және жабық катажарақаттар, яғни жоғарыдан құлаған кезде алған жарақаттар пайда болады. Катажарақаттар кезінде бір ғана ағза зақымдалмайды, көптеген зақымданулар-полижарақат байқалады. Жарақаттар термиялық, химиялық, электрожарақаттар, психикалық жарақаттар, жарылыстан кейін дамитын барожарақаттар болуы мүмкін. Жарақаттың пайда болу жағдайына байланысты өндірістік және өндірістік емес тұрмыстық болуы мүмкін. Травматизм дегеніміз бір уақыт арасында белгілі бір адамдар категориясының алған жарақаттарының бірлестігі. Травматизмнің жалпы түрін ажыратады (жылына 1000 адам), өндірістік, тұрмыстық және т.б. көрсеткіштер. ДДҰ мәліметтері бойынша (10 мың адамға) әртүрлі елдерде жылына 9-дан 15-ке дейін құрайды, АҚШ-та жарақат санына байланысты 1-ші орында және транспорттың дамуына байланысты әйелдерге қарағанда ерлерде 2,1 есе жиі кездеседі.

Жедел жағдайларда полижарақаттар және жарақаттық шок жатады. Травматизмді есептеу статистикалық мәліметтермен жүргізіледі. Жарақаттар көпшілігі ерлерде әйелдерден 2 есе жоғары., ал 15-29 жас аралығындағы ер адамдарда барлық аурушаңдық ішінен бірінші орынға шығады. Барлық аурушаңдық арасынан жарақаттар зақымдану сипатына қарай төмендегідей қатарда соғылу және керілулер – 45,5%; жаралар және жырылулар – 36,9%

сүйек сынықтары – 8,5%; басқа жарақаттар – 3,6%

Статистикалық мәліметтер бойынша госпитализацияланған хирургиялық аурулардың 25-40%-ы травматологиялық науқастар, ал амбулаторлы қабылдауда олардың саны 60%-ға жетеді.

Қалада өндірістің және жол қозғалысының интенсификацияның дамуынан, тұрмыстық химия, өзін-өзі емдеудің көбеюінен тыныс және қан айналымының жедел бұзылысынан жалғасатын саны өсті. Барлық дәрігерлер және қолайсыз жағдайлардың медициналық персоналдар қолайсыз жағдайларда алғашқы көмек көрсете алуы керек. Олардан басқа өрт сөндіру қызметкерлері, милиция, МАИ, спорттық жетекшілер алғашқы медициналық жәрдем көрсетуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет