Миастения және миастениялық синдром Миастения – нерв импульстерінің бұлшық етке жеткізу қызметі бұзылған нерв- бұлшықет синапстарының аутоиммундық ауруы. Бұл үдемелі ағыммен сипатталатын өте ауыр ауру, аурудың негізінде салдануға әкелетін бұлшықеттердің әлсіздігі мен қажығыштығы жатады. Аурудың жіктелуі мен ағымы - Миастениялық процесстің ағымы бойынша:
- 1. Өткінші миастения
- 2. Персистерленген миастения
- 3. миастенияның үдемелі түрі
- 4.Қатерлі ағымы
- Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа,ауыр түрлері.
Таралымды формалары: 1. тыныс алу және жүрек функциясының бұзылуынсыз 2. тыныс алу және жүрек функциясының бұзылуымен Локальді формалары: 1. бет- жұтыну бұлшықеттерінің 2. көз бұлшықеттерінің Диагностикасы - Диагностикалық мақсатта прозериндік сынақ жасалады, аурудың бұлшық етіне
- 0,05 % -дық 0,1 мл. прозерин жіберіледі. Нағыз миастения болса бұлшықеттің күші қысқа мерзімге артады. Прозериндік сынақ кезінде 0,01 мг/кг атропинді бұлшық етке жіберу керек, ол прозериннің парасимпатикалық әсерін тыяды.
- ( брадикардия, сілекей ағу, т.б.)
Емі -
- Нерв- бұлшық ет импульстерін жақсарту үшін (АХЭП: прозерин, калимин, оксазил.);
- тимусқа әсер ету (тимэктомия, тимусты сәулелеу);
- Аутоиммунды өзгерістерге байланысты (плазмоферез, гормондармен иммуносупрессивті терапия, азатиоприн, метотрексат, гаммаглобулиндерді енгізу – «Октагам»)
- Нәтиже болмаған кезде айыршық безді алып тастайды.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |