Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы



бет1/7
Дата17.11.2016
өлшемі0,87 Mb.
#1917
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
«№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы



«Бекітемін»

ОӘжТЖ жөніндегі проректоры,

м.ғ.д. М.Ұ. Анартаева

_________________________

«____» _____________2013 ж.




Жұмыс бағдарламасы

Пән Медицина тарихы
Пән коды IM 2113
Мамандық 5В110400 - «Медициналық – профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредит)- 45 сағат (1 кредит)
Оқытылатын курс пен семестр - I курс, I семестр


2013 ж.
Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай 20.03. 2009 ж 5В110400 - «Медициналық – профилактикалық іс» мамандықтары бойынша сәйкес құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қаралды.


Хаттама №____ «____» ____________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________м.ғ.д., профессор м.а. А.М.Жақсыбергенов

Жұмыс бағдарламасы Қоғамдық денсаулық сақтау және медико-профилактикалық пәндер бойынша ЖӘК-те талқыланды.



Комиссия төрайымы_____________ м.ғ.к., доцент З.И.Бейсембаева

Хаттама №____ «____» ____________ 2013ж.

Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік Кеңесте мақұлданды.
Хаттама №____ «____» ____________ 2013 ж

2. Бағдарлама:

2.1 Kipicпe

Медицина тарихы ғылым ретінде медицинаның пайда болуын, дамуын және қaзipгi кездегі жағдайын адамзаттың бүкіләлемдік даму тарихымен ұштастырып зерттейді. Жалпы медицина тарихы дәрігерліктің және медицинаның ежелгі замандардан қaзipгi кезеңге дейін бүкіләлемдік тарихи даму үдеріс қалыптасуының жалпы заңдылықтарын анықтайды; медицинаның алға басуына әрбір тарихи-қоғамдық қауымдастықтардың үлесін айқындайды, медициналық ғылым мен денсаулық сақтауда ұлттық және ұлтаралық бірегейлік пен өзара әрекеттестігін көрсетеді, медицинаның алға қарай дамуына атақты ғалымдардың және ғылыми мектептердің маңызын және дәрігерлік парыз туралы ұғымның қалыптасуына әсер етеді.

Жеке медицина тарихын оқыту әрбір медициналық-биологиялық, профилактикалық және клиникалық пәндердің пайда болуы мен дамуы туралы түсініктеме береді.

Медицина тарихын оқыту қойылған болашақ дәрігердің алдына кәсіби талаптармен қоса отан сүійгіштік сезімің қалыптастырып, әсіресе қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесінің ерекше екенін керсетеді.

Тәуелсіз Қазакстанның ерекшелігі тарихтағы өткен-кеткенді зерделеп жаңарту, тарихи шындықтың шыңына жету, тарихи ақтаңдақар мен көлеңкелі етіп көрсетілген жағдайларды айқындау, тарихи мұрағаттарға ұқыпты қарау.

Қазакстан медицина тарихын зерделеуден қазақ халқы мен басқа да халықтарының эмпирикалық білімдерінің пайда болуы мен оның тұжырымдалуы негізінде ғасырлар бойы аурудың алдын алу, жеке адам мен қоғамдық тазалық сақтау дағдылары мен біліктілігі пайда болуы, отандық дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің iзгi істерінің арқасында медициналық білім беру мен ғылым қалыптасқанын көрсетеді.



2.2 Пәннің мақсаты: Болашақ маманның жалпы мәдени көзқарасын қалыптастырудың маңызды бөлшегі ретінде әлемдік медицинаның дамуының негізгі заңдылықтары мен бағыттары туралы түсінік қалыптастыру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

  • Студенттерді тарих әдістемесімен және қазіргі кезеңдегі медицина тарихының негізгі мәселерімен таныстыру

  • Адамзат дамуының әр кезеңдерінде адам денсаулығы мен ауру-сырқаулар туралы білім тарихи талдау арқылы нақты баға беруге үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі керек:

  • бүкіләлемдік медицина тарихының және Қазақстан медицина тарихының даму заңдылықтарын;

  • бүкіләлемдік медицина тарихының мерзімдік кезеңделуін;

  • медицина дамуының жалпы көріністерін, қоғамдық-экономикалық
    қауымдардың және медицинаның дамуындағы сабақтастығын;

  • медицина тарихын зерттеу көздерін;

  • әлемдік медицина мен отандық медицинаның негізгі сипатын;

  • қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуын;

  • медицина ғылымының дамуына ғалымдардың қосқан үлесін;

  • ғалым-медиктер мен дәрігерлердің қайсар қызметтерінің үлгісін;

Студент үйреніп алуы қажет:

  • тарихи мағлұматтарды іздестіру мен жинауда зерттеудің әдістемелік негіздерін қолдануды

  • медицина тарихы бойынша мұрағаттық мәліметтерді пайдалануды;

  • медицина тарихын зерттеу көздерін салыстыру мен сәйкестендіру;

  • тарихи деректерді іздестіруде ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты орындауды;

  • медицина тарихын зерттеуде тарихи, оқулық, көркем әдебиеттерді, өнер шығармаларын пайдалануды.

2.5 Реквизитке дейінгі: қазақстан тарихы, саясаттану, әлеуметтану.

2.6 Реквизиттен кейінгі: Жалпы психология негіздері, педагогика, дағдылары коммуникативтік, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтығы (дәріс, тәжірибелік, өзіндік жұмыс)
Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

Кредит 1

1

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихын зерттеу көздері. Алғашқы қауымдағы қоғамдық емшілік

жалпы шолу

1

2

Ежелгі Шығыс медицинасы

тақырыптық

1

3

Ортағасырлық медицина (Араб Халифаты және Қазақстан)

тақырыптық

1

4

Жаңа заман медицинасы. Батыс Еуропа және Ресей

тақырыптық

1

5

XX ғ. медицинасы. Тәуелсіз Қазақстан медицинасы.

жалпы шолу

1

Барлығы : 5 сағат



Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары :



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

Кредит 1



Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихын зерттеу көздері. Алғашқы қауымдағы қоғамдық емшілік.

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



Ежелгі Шығыс медицинасы

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



Жерорта теңізі елдерінің медицинасы

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



Ерте және дамыған орта ғасырлар медицинасы

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



Орта ғасырлардағы Қазақстан медицинасы

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



Орта ғасырлардағы соңғы кезеңіндегі медицина.

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



Жаңа заман медицинасы

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



XX ғ. Медицинасы

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



XX ғ. Қазақстан медицинасы.

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1



Тәуелсіз Қазақстан медицинасы.

Пікірталас,

кіші топтарда жұмыс,ауызша сұрау



1




Барлығы




15


Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

Кредит 1

1

Ежелгі Шығыс медицинасы

Презентация,

реферат,

тест тапсырмасын құрастыру




2


2

Ежелгі Қазақстан медицинасы


2

3

Антикалық Жерорта теңізі медицинасы

2


4

Византия және Араб Халифатының медицинасы

2

5

Қазақстан орта ғасырлар медицинасы


2

6

Жаңа заманның теориялық медицинасы

1

7

Жаңа заман клиникалық медицинасы.

2


8

ХХ ғ. медицинасы

2

9

Қазақстан дәстүрлік және ғылыми медицинаның дамуы

2

10

Тәуелсіз Қазақстан медицинасы


2

11

Ежелгі Грекия медицинасы.

Гиппократ. Гиппократ жинағы



2

12


Ежелгі Рим медицинасы

Асклепиад. Гален. Цельс



2

13

Араб Халифатының медицинасы.

Әбу-Әли Ибн Сина (Авицена).

Дәрігерлік ғылым қағидалары


2

14

Абу Наср ибн Мухаммед Әл-Фараби.

Әл-Фараби трактаттары.



2

15

Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік». Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. «Шипгерлік баян».

1

16

Аралық бақылау 7-аптада

Тест түрінде коллоквиум

1

17

Аралық бақылау 15-аптада

Тест түрінде коллоквиум

1




Барлығы




30


2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:

Дәріс: жалпы шолу, тақырыптық

Тәжірбиелік сабақтар: ауызша сұрау, пікірталас, кіші топтарда жұмыс

Студенттердің өзіндік жұмысы(СӨЖ): реферат, презентация, тест тапсырмаларын құрастыру.
2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау: ауызша сұрау, пікірталас, кіші топтарда жұмыс.
Аралақ бақылау: тест түрінде коллоквиум

Қорытынды бақылау: тест түрінде емтихан
Қосымша материалдармен, құралмен және жабдықпен қамтамасыз етілуі:

Құрал және жабдықтар: компьютерлер, экран биіктігі реттелетін мультимедиялық проектор.

Қосымша материал: слайдтар
2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.

қосымша:

  1. Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -
    Алматы, 2003.-192 б.

  2. Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.


Ағылшын тілінде

    1. Tulchinsky T.H., Varavikova E.A. The New Publik Health: An Introdaction. – Jerusalem, 1999. – 1049 р.


2.11 Қосымшалар №1 үлгі

2013-2018 оқу жылына жұмыс бағдарламасының басқа пәндермен келісу хаттамасы



Келісілетін

пәндер


Материалдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

1

2

3

Реквизитке дейінгі

  1. Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихына кіріспе. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан. Қазақстанның ежелгі тарихы




№__ «___»____ 2013ж.





Шектес пәндер

1.Саясаттану




  1. Әлеуметтану

Саясаттану ғылым ретінде, қазіргі ғылыми білім жүйесіндегі оның орны. Саясаттың мәні, құрылымы, функциялары және субъектілері


Әлеуметтік даму, баланы әлеуметтендірудегі отбасының ролі. Аурулардың психо-әлеуметтік типтері

№__ «___»____ 2013 ж.


№__ «___»____ 2013ж.




Реквизиттен кейінгі:

  1. Жалпы психология

негіздері, педогогика



  1. Коммуникативтік дағдылар


  1. Қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау

Психология пәні және міндеттері Психикалық саулыққа қоршаған орта факторларының әсері. Маманның кәсіптік қалыптасуына тұлғалық-бағдарлық жолы. Педогогика - жеке адамды тәрбиелеп, білім беру туралы ғылым.

Коммуникативтік дағдылар туралы ұғым. Мамандардың кәсіби деформациясы және оларды болдырмау әдістері. Кәсіби этика ұсталымдары.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың қазіргі теориясы. ҚР денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылық құқықтық базасы.



№__ «___»____ 2013 ж.


№__ «___»____ 2013 ж.

№__ «___»____ 2012 ж.






Қоғамдық пәндер

кафедрасының меңгерушісі

фил.ғ.к., доцент Кемелбеков К.Б.

2 қоғамдық денсаулық



сақтау кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор м.а Жақсыбергенов А.М.

Терапия бакалавриат кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.д.,профессор Бекмурзаева Э.Қ.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
«№2 қоғамдық денсаулықты сақтау» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән Медицина тарихы
Пән коды ІM 2113
Мамандық 5В110400 «Медициналық – профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің) - 45 (1 кредит)
Курс 3 Семестр 5

2013-2014 оқу жылы

Силлабус 5В110400 - «Медициналық – профилактикалық іс» мамандығына арналған «Медицина тарихы» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізі бойынша дайындалған.


Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.

Хаттама № «____» ______________2013 ж.


Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д. профессор м.а _______________ Жақсыбергенов А.М.



1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:



Тізімі

Дәрежесі және қызметі

Ғылыми қызығушылығы

Жетістіктері

1

Алимова Толкын Акимовна


Аға оқытушы, кафедра оқу меңгерушісі


Медицина магистрі

5 мақала, оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулардың авторы

2

Таскынова Майя Адиильбековна

оқытушы

Медицина магистрі

7 мақала, оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулардың авторы

3

Бегембетова Айсапар Кемельбекқызы

оқытушы





әдістемелік нұсқаулардың авторы

.
1.8 Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасуы: Әл-Фараби алаңы, Казхимжоба корпусы, 5-қабат,

аудиториялары: 1,2,3,4,5,6, 501, 502, 503. Эл. адрес: 2kds_oz2@mail.ru

Телефон:408222 (321)



1.9 Пәннің саясаты:

Студенттерге қойылатын талаптар :



  1. Себепсіз сабақтан қалмау;

  2. ОСӨЖ, тәжірибиелік сабақ уақытында белсенді болу;

  3. Сабаққа дайындалып келу;

  4. Сабаққа кешігіпкелмеу;

  5. Сабақ уақытында басқа істермен айналыспау;

  6. Оқытушылар мен курстастарына шыдамды, ашық және мейірімді болу.

  7. Кафедраның мүлкіне ұқыптап пайдалану

  8. Формасы болуы тиіс ( ақ халат, колпак)

  9. Себеппен жіберілген сабақты өз уақытысында өтем жасау

  10. Себепсіз дәрісті жібермеу, болған жағдайда студентке айыптық шаралар

қолданылады (3 дәріс сабақтарын дәлелсіз жіберсе студенттің рейтингі 0,1 баллға

төмендетіледі.



  1. СӨЖ-ді силлабуста көрсетілген талаптарға сәйкес, уақытылы,тізім бойынша

өткізу, уақытылы өткізбеген жағдайда студент айыптық шарасын алады.(СӨЖ-ді уақытысында тапсырмаса студенттің рейтингі 0,1 баллға төмендетіледі).

2. Бағдарлама

2.1.Kipicпe (қысқаша)

Медицина тарихы ғылым ретінде медицинаның пайда болуын, дамуын және қaзipгi кездегі жағдайын адамзаттың бүкіләлемдік даму тарихымен ұштастырып зерттейді. Жалпы медицина тарихы дәрігерліктің және медицинаның ежелгі замандардан қaзipгi кезеңге дейін бүкіләлемдік тарихи даму үдеріс қалыптасуының жалпы заңдылықтарын анықтайды; медицинаның алға басуына әрбір тарихи-қоғамдық қауымдастықтардың үлесін айқындайды, медициналық ғылым мен денсаулық сақтауда ұлттық және ұлтаралық бірегейлік пен өзара әрекеттестігін көрсетеді, медицинаның алға қарай дамуына атақты ғалымдардың және ғылыми мектептердің маңызын және дәрігерлік парыз туралы ұғымның қалыптасуына әсер етеді.

Жеке медицина тарихын оқыту әрбір медициналық-биологиялық, профилактикалық және клиникалық пәндердің пайда болуы мен дамуы туралы түсініктеме береді.

Медицина тарихын оқыту қойылған болашақ дәрігердің алдына кәсіби талаптармен қоса отан сүйгіштік сезімің қалыптастырып, әсіресе қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесінің ерекше екенін керсетеді.

Тәуелсіз Қазақстанның ерекшелігі тарихтағы өткен-кеткенді зерделеп жаңарту, тарихи шындықтың шыңына жету, тарихи ақтаңдақар мен көлеңкелі етіп көрсетілген жағдайларды айқындау, тарихи мұрағаттарға ұқыпты қарау.

Қазақстан медицина тарихын зерттелуі қазақ халқы мен басқа да халықтарының эмпирикалық білімдерінің пайда болуы мен оның тұжырымдалуы негізінде ғасырлар бойы аурудың алдын алу, жеке адам мен қоғамдық тазалық сақтау дағдылары мен біліктілігі пайда болуы, отандық дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің iзгi істерінің арқасында медициналық білім беру мен ғылым қалыптасқанын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет