Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы «№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы



бет7/7
Дата17.11.2016
өлшемі0,87 Mb.
#1917
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

4.Иллюстрациялы материалдар: ұсынылады
Қазақ тілінде:

Негізгі:

Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.



қосымша:

Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -


Алматы, 2003.-192 б.

Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Византиялық империяның дәрiгерлiк iсiнiң дамуындағы қандай ерекшелiктi бiлесiз?

  2. Монастырь ауруханалары қалай пайда болды және қалай дамыды?

  3. Араб Халифатының VII-XII ғғ емшілік қалай сипатталады?


  1. Тақырыбы: Жаңа заман медицинасы. Батыс Еуропа және Ресей.


2.Мақсаты: Студенттердің Жаңа заман және Батыс Еуропа және Ресей медицинасы туралы білімін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері

Социализм дәуіріндегі медицина.

Социализм дәуіріндегі тарих кезеңдері
1-ші кезең Қазан Революциясы жеңгеннен бастап 1917 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін (1941ж)

2-ші кезең Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945жж)

3-ші кезең соғыстан кейін елді қалпына келтіру кезеңі (1945-1965жж)

4-ші кезең 1965 жылдан 1992 жылға дейін бейбіт өмір сүрген кезең
Денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылық принциптеріне негізделеді:

  • -Мемлекеттік сипат

  • -профилактикалық бағыт

  • -Тегін медициналық көмек

  • -Барлық адамдарға бірдей қол жететін 1917 ж. қазан айынан бастап 26 жұлдызында денсаулық қорғау жүйесінің алғашқы мемлекеттік басқару мекемесі құрылды. Басшысы болып М.И.Барсуков тағайындалды. Бұл алғашқы медициналық санитарлық бөлім Петроград кеңесінің әскери-революциялық комитеттерінің жанынан ашылған.

1918 жылы қаңтар айында Советтер Халық Комиссариатының декретімен кеңестік дәрігерлер коллегиясы құрылды. Құрамына А.Н. Винокуров(төраға), А.И. Артеменко, М.И. Барсуков., Е.П. Первухин т.б. 1918 жылы наурыз айында дәрігерлік коллегиялар Кеңесі Петроградтан Мәскеуге ауысып келді, оның құрамына жаңа мүшелер енгізілді. Олар: Н.А. Семашко, З.П. Соловьев, И.Р. Русаков т.б.

Н.А. Семашко (1874-1949 жж)

Денсаулық сақтау Халық комиссариатын 1918-1930 ж.ж. аралығында басқарды. 1922 ж. бастап Мәскеу университетінің (1930 ж.Мәскеу медицина университеті, 1990 ж. И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина академиясы) медицина факультетінде алғашқы әлеуметтік гигиена кафедрасын 27 жыл бойы басқарған. 1927-1936 жж. Н.А. Семашко үлкен медициналық энциклопедияның редакторы болған. 1945-49 жж. Педагогика ғылымдар Академиясының мектеп гигиенасы институтының директоры, ал 1945 ж. осы академиясының академигі болып сайланған.Н.А. Семашконың басшылығымен ССРО-ның медициналық ғылыми академиясының медицина тарихы және денсаулық сақтауды ұйымдастыру институты құрылды.

1920 жылы РСФСР Денсаулық Халық комиссариатының ұсынысымен Мемлекеттік Халық денсаулығын сақтау институты ашылды. XX ғ. бірінші жартысында Ресейде және ССРО-да медициналық ғылым мен денсаулық сақтау ісі қалыптасты. XX ғ. жиырмасыншы жылдары диспансерлеудің теориялық негіздері бекітілді.Ауруды алдын алу жұмысын жүргізу үшін арнайы мекемелер-санитарлық эпидемиологиялық станциялар құрылды.1935 ж. Совет Одағының барлық денсаулық сақтау мекемелерін біріктіру үшін ССРО денсаулық сақтау Халық Комиссиараты құрылды, кейін ол Денсаулық Сақтау министрлігі деп аталды.Жұқпалы ауруларды профилактикалық бағытта іске асыру қысқа мерзімде жоюға мүнкіншілік берді.Мысалы, 1923 ж. қарай тырысқақ ауруы, 1936 ж. шешек және оба ауруы жойылды. Сондықтанда Совет елінде Ұлы Отан соғысы кезінде жұқпалы аурулар халық арасында көп тарап, эпидемияға айналған жоқ.





1845-ж. Министрлер комитетінің шешімі бойынша ішкі ордада тұрақты дәрігер қызметі белгіленді, 15 орындық аурухана ашылды;

1863-ж. Қазақ арасында шешекке қарсы шаралардың алғаш ұйымдастырылып, жергілікті халықтан фельдшер мен шешекке қарсы егу жүргізетін мамандар даярланды;

1867-1868жж. Қазақстан тарихында алғашқы рет уездерде медициналық қызмет көрсету үшін дәрігерлердің, фельдшерлердің әйел босандыратын мамандардың қызметі белгіленді; Омбыдағы орталық фельдшер мектебінде қазақстарда фельдшер мамандығына оқыту басталды;
4.Иллюстрациялы материалдар: ұсынылады
5.Әдебиет

Қазақ тілінде:

Негізгі:

Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.



қосымша:

Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -


Алматы, 2003.-192 б.

Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.




6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

    1. Кiм өсiмдiк будандарға тәжiрибе жасады?

    2. Тұқым қуалаудың хромосомдық теориясын кiм жасады?

    3. Анатомия, биология, гистология және эмбриология қалай дамыды?




  1. Тақырыбы. XX ғ. медицинасы. Тәуелсіз Қзақстан медицинасы.


2.Мақсаты: ХХ ғасырдағы және Тәуелсіз Қазақстанның медицина тарихы туралы студенттердің білімін қалыптастыру.
3.Дәріс тезистері

Алматы медицина институтының алғашқы ректоры Санжар Жаффарулы (Сейітжаппар) Асфендияров (1889-1938) болды, ол ХХ ғасырдың бірінші жартысында жаңа заманның алғашқы қатарындағы көрнекті қазақ ғалымы.

Өзінің мамандығы дәрігер бола тұра Қазақстан тарихына қатысты орасан зор мәлімет жинаған.

Талантты зерттеуші ғалым 37-ші жылдың қанды шеңгеліне ілінген. 1989-ші жылы қаңтардың 11 жұлдызында Үкіметтің арнайы қаулысымен Алматы медицина институтына С.Ж.Асфендияров аты берілді. Институттың 66 алғашқы түлектері 1936 жылы оқу бітірді, олардың ішінен кейін белгілі денсаулық сақтау басшылары және ғалымдар шықты. (Ибраев К.И., Мусабаев Х.М., Утегенова К.Д., Шуваков Х.Н. және т.б.) 1936-1940 жылдары 534, ал Ұлы отан соғысы жылдары екі мыңға жуық дәрігерлер дайындалды. Олардың көпшілігі әскердің алғы шегіне, тылдағы госпитальдар және басқа да медициналық орындарда жұмыс істеді. 1996ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында Қазақ мемлекеттік медицина университеті, ал 2001 жылы Қазақ Ұлттық медицина университеті деген статус берілді.



Бұл ғылымның дамуы 1932 жылы Қазақ эпидемиология, микробиология ғылыми зерттеу институтының және Қазақ медицина институтында кафедраның ашылуымен байланысты. Кафедраның негізін қалаушы әрі бірінші меңгерушісі профессор П.Ф.Беляков болды. Ол кездегі ғылыми зерттеулер практикалық денсаулық саласының сұранысына қарай кафедра қызметкерлері ішек инфекциясы ауруларын анықтау, олардан сақтану және емдеу жолдарына байланысты жүргізілді.



Қазақстанда клиникалық медицинаның дамуы медициналық - биологиялық ғылымдарының жетістіктерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар совет дәуірінде ССРО ғалымдарының осы саладағы табыстары зор әсер етті, себебі 1920-1930 жылдары медициналық кадрлар дайындай және ғылыми жұмыстарға жетекшілік жүргізу Ресейдің жоғарғы оқу орындарында және ғылыми зерттеу институттарында жүргізілді.



1977 жылы жүрек және қан тамырлары ауруларын күрделі түрде зерттеу және алдын алу шараларын жүргізу мақсатымен кардиология ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды. Институттың негізгі мақсаты Республикада кардиология және ішкі аурулар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың ұйымдастыру шылық - әдістемелік, диагностикалық - кеңес беру және емдеу мәселелерін дамыту болды.

Хирургия ғылыми орталығының даму тарихы мен келешегі туралы мақаласында академик М.Ә.Әлиев осы ғылыми орталықтың ұйымдастырылуын және ғылыми жетістіктерін толық талдаған: “Қазақ клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институты 1945ж. Мамыр айында Қазақ ССР ҒА құрамында ұйымдастырылды, оған тікелей белсенді қызмет атқарғандар Қазақ ғылым академиясының президенті, академик К.И.Сатпаев пен академик А.Н.Сызғанов болды.


4.Иллюстрациялы материалдар: ұсынылады
Қазақ тілінде:

Негізгі:

Биғалиева Р.К. Бүкіл әлемдік медицина тарихы. - Алматы, 2004. - 390 б.



қосымша:

Алиев М.А., Нұрмұханбеткызы Р. Казакстан медицинасының тарихы. -


Алматы, 2003.-192 б.

Шарманов Т.Ш. Мировое здравохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.



6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Қазақ ССР- ның денсаулық сақтаудағы ең алғашқы наркомы кім болған?

  2. Қазақстанның қандай ғалым-медиктерін білесіз?

  3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
    2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының мақсаты және міндеттері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет